«Бар мейіріміміз балаларға»

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, қаламыздағы балабақшалардың бірі «Әсем» ясли бақшасында «Нұрлы болашақ» атты акциясында «Бар мейіріміміз балаларға» деген атпен қайырымдылық шарасы өтті.
Аталмыш шараның мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қаржылай және рухани көмек көрсету. Және сол арқылы балалардың көңіл күйлерін көтеру болып табылады.
Ал мерекелік шараға орай безендірілген «Әсем» ясли бақшасының ауласы мен көңілді әуені қатысушы балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Дене шынықтыру маманы Әсем Абатқызының ұйымдастыруымен өткізілген «Кім жылдам?» атты спорттық сайыста белсенділік танытуына ықпал етті. Осылайша сайыстың барлық бөлімдерінде де балалар таласа-тармаса ойынға түгелдей қызығушылықпен атсалысты. Ал сайыстан соң, мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарымен бірге психолог Арайлым Қуанышбекқызының ұйымдастыруымен балабақша бүлдіршіндерінің дайындаған мерекелік шарасын тамашалады. Сонымен қатар, саз аспаптары ойнатылып, ертегі сахналанды. Әрі мультфильмдегі балалардың сүйікті кейіпкерлері «Микки Маус пен Минни Маус» та келіп, оларды бір қуантса, «Көңілді табандар» атты ойын ойнату арқылы әкелген сыйлықтарын балаларға үлестіріп берді.
Сондай-ақ, «Балаларға базарлық» атты жәрмеңке ұйымдастырылып, оған қолдан жасалған бұйым түрлері мен дәмді тағамдар қойылып сатылымға шығарылды. Ал одан жиналған қаражат қамқорлық қорына аударылды.
Шара соңынан сөз алған Құлсары қаласы әкімінің орынбасары Дархан Ізғалиұлы ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірсе, «Әсем» ясли бақшасының меңгерушісі Разия Айтқалиқызы қайырымдылық шарасына атсалысып, көмек қолын созған барлық жеке кәсіпкер, ата-аналарды алғыс хатпен марапаттап, мүмкіндігі шектеулі балаларға жиналған қаражатты теңдей бөліп, сол жерден-ақ балалардың еміне үлестіріп берді. Ал ойынға белсене қатысқан қонақ балаларды дипломмен марапаттап, ойыншықтар мен мектеп құралдарын сыйға тартты. Ал кешке жиналған барлық қонақтар мен бүлдіршіндерге өз атынан және мекеме атынан алғысын жеткізді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *