“Бала деген бір бақыт!”

«Бала деген бір бақыт!»

Жыл он екі айдың жадыраған жаз айы да келіп жетті. Оқушы балалар үшін демалыс күндері басталды. Бәрінен де ең қызықтысы сол жаздың бірінші күні- Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты күн және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Бұл күннің жақсы өтуіне, есте қалуына үлкендердің тигізетін ықпалы зор. Себебі, кішкентай бүлдіршіндерге әрдайым қамқорлық, назар аудару қажет, ал бұл сезімдер әрқайсысымызда бар екендігі белгілі және оны өзгелерге білдіру үшін арнайы бағдарлама мен бұйрықтардың қажеті жоқ. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашанда үлкендердің назарында.

Осы мерекеге байланысты балабақшамызда жыл сайын « 1- маусым – халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтілуде. Бұл күні балалар қуанатын болса, ал үлкендер үшін осы күн балаларды әрдайым қамқорлықта болып, қорғалуға тиіс қажеттілігін есіне салып, олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екендігін еске салатын күн.

Балабақша ауласы мерекеге сай безендірілген. Мерекені ашу үшін және балаларды құттықтау үшін балабақша меңгерушісі Г.А.Кемелханға сөз берілді. Балаларға арналған үлкен көңілді мерекелік шара жақсы тілектермен құттықтау сөзбен басталып, одан әрі бүлдіршіндердің өнерлерімен асфальтқа еркін тақырыпта сурет салумен жалғасты. Мерекеге балалардың сүйікті кейіпкерлері келді.Мереке өте көңілді өтті. Балалардың қуаныштан жүздері бал- бұл жанды.Қуанса – бала қуансын!

 

Мұнайлы ауданы, Баянды селосы

«Ботақан» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі

Кобегенова Айгерім

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *