ҰБТ

Түзеледі ғой жүре көш,
Арман көп алда маздаган.
Грантка түспек түк емес,
Сәтсіздік шығар аздаған…

Уайымға толып әр күнің,
Ойлана беріп не етесің.
Еңсеңдi көтер, барлығын,
Ертең-ақ қуып жетесің…

Өткен жоқ босқа уақытың,
Жай-күйiң әлi-ақ жақсарар.
Кiм білсін сенің бақытың,
Сүрiнген жерден басталар.

Мұхтар Ниязов

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх