ШЫНЫҚСАҢ – ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ
Мақсаты: Спорттық білімдерін тереңдету және бекіту, ойын тәртібін сақтап, сапта өздерін еркін ұстауға баулу, спортқа қызығушылығын арттыру, балалардың өзара достық қатынаста болуы және жолдастарының жетістігіне қуана білуге тәрбиелеу, денсаулығын арттыру.
Қажетті құралдар: Топ іші мерекеге сай безендірілген эстафеталық заттар, түрлі-түсті жалаушалар, шарлар, балық, доптар.
Қазақстан Республикасының Гимні
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері және спорт сүйер қауым бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында имандылық сана-сезім қалыптасқан, мәдениетті дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының балабақшаның борышы мен міндеті екені баршаға мәлім. Бүгінгі «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен өткелі отқан спорттық сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.
Балпан және Ботақан командалары бүлдіршіндеріне ойын барысында ептіліктерін көрсетіп спорттық жеңістің биік шыңынан көрінулеріне тілектеспіз.
Жүргізуші: Көңіл қойып қараңыз.
Жалындап тұр ғой баламыз.
Жарыссын қане екі топ
Қол соғып қарсы аламыз.
Ортаға жасыл киім киген «Ботақан» командасымен, Сары киім киген «Балапан» командасын ортаға шақырамыз.
2 топ ұрандарымен таныстыру.
Әділқазы бағалар
Балалардың сайысын
Ешкімің жоқ алалар
Жеңімпаз болу үлкен сын- деп, сайысымыздың әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстыруға, рұқсат етіңіздер!
Әділқазылар алқасының төрайымы:
Бүгінгі ойында сіздерге әділ бағасын беретін қазылар мен таныстырып өтейін.
- Балабақша меңгерушісі: Р. Қарымсақова
- Балабақша әдіскері: Н. Сәнкебаева
- Дене тәрбие жетекшісі: А.Төлегенова
Енді сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!
Жарыс 5 кезеңнен тұрады.
- Жалауша мен кедергілер арасымен жүгіріп нысананы айналып келу.
- Кедергілер арасымен допты домалатып, нысананы айналып келу.
- Үлкендердің көмегімен «Аққала » жасау.
- Кедергілер арасымен еңбектеп жүру,қайтарда допты алып келу.
- Белгіленген уақытпен «балық» аулау.
Ойынды бастамас бұрын денемізді шынықтырып жан – жақты жаттығу жасап алайық.
- Бір қатармен жүру, жүгіру.
- Аяқтың ұшымен жүру.
- Шеңберге тұрып демалу жаттығуын орындау.
(Ку- ка-ри-ку 3рет)
Сайыс басталады:
Міне, осымен біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы сайыс жеңімпаздарын анықтағанша, ойынға қатысушы бүлдіршіндеріміздің спорттық биін тамашалайық.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Бұл сайыста болады екен кімдер мықты. – дегендей ендігі сөз кезегін әділқазы алқаларына берейік.
Жеңімпаз топты анықтап мадақтау. Сыйлықтарын табыс ету.
Жүргізуші: Бәріміздің тілегіміз балалардың бір-бірімен достық қатынаста болып, бақытты балалық шақтарын көңілді, қызықты өткізу. Міне бүгінгі өткізілген көңілді сайыс осының айғағы іспетті. Бүлдіршіндер және ұжым мүшелері аспандарыңыз ашық, күндеріңіз жарқын болсын деген ақ тілектермен
сайысымызды аяқтаймыз.