Қазақтың қарапайым бір ұлымын…
Нуралина Гульнара Отаргалиевна
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақтың қарапайым бір ұлымын…
МАҚСАТЫ: Аты аңызға айналған қазақ халқының батыры ,
Халық қаһарманы Б.Момышұлының өмірі және
шығармашылық жолымен таныстыру , ерлікке толы
өмірін үлгі ету.
КЕШТІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ:
Б.МОМЫШҰЛЫ туралы слайд , Батыр туралы
кітаптар көрмесі , банер.
Кештің басын «Священная война» әнімен ашылады. Жай дауыста жүргізілген әнмен қатар ,үнтаспадан тыңдау. ТЫҢДАҢВЗДАР! ТЫҢДАҢЫЗДАР ! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыздың адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды . Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛАЙЫҚ ! (1 минуттық үнсізді)
1 –жүргізуші: Жеңіс күні – адамзат аңсап өткен күн , жеңістің туын тіккен -1945
жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні . Мөлдір аспанды
бұлт қаптады . Шаттық әні қайғылы үнге , нұрлы күнді қара
түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
2 – жүргізуші: Құрметті ата-аналар , ұстаздар , оқушылар ! Біз бүгін Ұлы Жеңістің
65 жылдығына орай жәнеде Отанына шын берілген , қайсар
жүрек Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған
«Қазақтың қарапайым бір ұлымын , жанымды арым үшін құрбан еткен»
атты кешті ашуға рұқсат етіңіздер .
- – жүргізуші: Кешегі неміс фашист басқыншыларымен болған
қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Ана,
жарын жоғалтып жесір , бала әкесінен , анасынан
айырылып жетім атанды . Фашистердің тұтқын лагеріне
қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді . Ал
тылда қалған қарттар , аналар мен бесіктен белі шықпаған
балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп бірде аш,
бірде тоқ тынбай жұмыс істеді . Бірақ ешкімнің сағы
сынбады. Отан үшін кеудесін отқа тосқан қазақ халқының
батыры Б.Момышұлы туған жерді қасиет тұтып , Отанын
қорғауда үлкен өшпес ерлік көрсетті. Ол ерлік істерін
ешкімде, ешқашан да ұмытпауға тиіс .
Слайд 1
2 жүргізуші : Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен
бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай
шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек
армиясының құрамында 1 млн. 870 мың қазақстандықтар
1- жүргізуші: Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың
қаруын қаламға айырбастағанын білеміз . Ол майданда бір
ерлік етсе , сөз майданынд екінші ерлік көрсете білді
Қазақ халқында мынадай сөз ба : «Ғалымның аты өлсе де ,
хаты өлмейді» – дегендей , батырдың ерлік туралы айтқан
қанатты сөздері де , ел аузынан сақталып жүр .
1.Өз ұлтын сыйламау , оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі .
- Ел дегенде еміреніп , жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін !
3.Отан үшін отқа түс – күймейсің .
4.Опасызда Отан жоқ .
5.Елсіз ер болмайды , жұртсыз жігіт болмайды .
6.Өтіріктің балын жалап тірі жүтгенше , шындықтың уын ішіп өлген артық!
- Ерлік – табиғат сыйы емес , саналы әскери тәрбиенің жемісі , Отан длдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп , өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі
Бауыржан атамыздың әділетсіздікке , екі жүздікке қарсы тұрып , талай жерде өзіне жау тақандығын тілге тиек етеді . Батыр бейнесінің әр қыры оның өз шығармаларынан анық байқалады .
Б.Момышұлы өзгелерден даралап тұрған айрықша қасиеті – оның қалам мен қаруды қатар ұстауы , қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы . Мысалы 1943 жылы ажалмен арпалысып жүргеніне қарамастан , ол Қазақстан басшыларына майданнан хат жазып , онда қазақ тілінің мүшкіл жағдайын баяндап , туған тілімізді тұғырлы етуге қатысты нақты ұсыныстар жасайды .
Тағы бір дәлел соғыста жүріп жазған 37 дәптер күнделігінің үшеуі жоғалғанда үш бауырынан айырлғандай күй кешеді . Майдан даласында жазылған дәптердің әрқайсысында соғыс жылдарының қасіреті мен қиындығын суреттейді .
БАУЫРЖАН АТАМЫЗДЫҢ ӨМІРІНЕН КӨРІНІС .
ОМЫТҚАДАҒЫ ОҚ . ( Ә .Нұрш. Ақиө. Пен аңыз .)
Автор: Жарақаттанға Бауыржанды полк дәрігеріне жеткізеді .
Дәрігер: -Бұл кісіні дереу госпитальға жіберу керек . ( есін жиғаннан кейін )
Б.М: – Сонша не боп қапты ?
Дәрігер:. – Омыртқаңызда оқ қадалып тұр , жолдас капитан .
– Сізді дереу госпитальға жөнелтуіміз керек .
Автор: – қолын әрең омыртқаға жеткізіп , арқасын сипалап расында оқ бар
екеніне көзі жетті .
Б.М: – Скальпелің бар ма ?
Дәр: – Жоқ .
Б.М: – Өткір бәкің бар ма ?
Дәр: – Жоқ
Б.М: – Ұстараның жүзі бар ма ?
Дәр: – Бар
Б.М: – Ендеше соны спиртпен шай да , оқ тұрған жердің етін кес !
Дәр: – Олай етуге болмайды , жолдас капитан …
Б.М : – Болады ! Бүйырамын ! Орындамасаң – атамын !
Автор : Батырға да жан керек деген емес пе , дәрігер дереу айтқанын істеуге
кірісті . Арқасын кескілей бастағанда Бауыржан пистолеттің
сабын сындырардай тістеп жатты .
Дәр: – Мінеки , жолдас капитан , оғыңыз !
Автор: -Омыртқаға тіркелген оқты алып , алақанына салды . Жараны
таңдырып алып , жаумен ауыр жұмыс жүргізіп жатқан полкке
қайтадан оралды .Бірнеше күн қатарынан жаумен жағаласып ,
жан ұшырып жүрген Момышұлы арқасындағы жараны ұмытып та кетті
Ол бірде суланып , бірде қара қотырланып, бірде қыши бастап,
өзінен- өзі жазылып та бітті
( Ә . Нұршайықов « Ақиқат пен аңыз» романынан үзінді)
Бір кезде құраннан жазылған сүрені партбилеттің артына жабсырып ,
жаттап , тұмар етіп бүкіл соғыс бойы өзімен алып жүрген
Бауыржан Момышұлын бірнеше ажалдан аман қалуына да
бірден-бір себебші болған осы сүре шығар деп те ойлаймын…
2- жүргізуші: Сөйтіп , Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы барысында
207рет ұрысқа қатысып , 5 рет өлімнің құрсауында қалған ,
рет өлімші болып жараланған . Бірақ өліммен бетпе-бет
208келген сәттердің барлығында негізгі жауынгерлік құрамымен
209қоршаудан аман-есен шығып , өз дивизиясына қосылып отырған .
1 – жүрг: Бауыржан – қазақтың кешегі от тілді , орақ ауызды , әрі ақын ,
әрі батыр тұлғалардың заңды жалғасы , түйіндей айтсақ ,
ұлттық рухтың 20 ғасырдың басындағы дйқын көрінісі .
Елде жоқ ерекше қасиеті , енді өмір жолын әдәбиет майданына
бет бұрады …» Ендігі қалған өмірімде көрген –білгенімді
жастарға айтып кетейін» деп қалам алып , жазу жұмысына
кірістім дейді .
«Мен профессионал жазушы емеспін . Мен әскери мемуар
жазушы ғана кісімін .Ал біздің қазақта бұрын әскери
мемуарлық әдебиет атымен болған емес.
2 жүрг: Олай болса , құрметті біздің қонақтар қазір сіздердің
алдарыңызда Б.Момышұлының жазған өлеңдері оқылады .
1 –жүрг. Ғасырдан ғасырға өтіп , тарих шежіресіне талай ерлік
пен қаһармандардың үлгілері жазылар . Бірақ , солардың ішінде
Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап ,
жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі
халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді .
2 – жүрг. Осы соғыста Кеңес одағының басқа да республикаларымен бірге
біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты . Даңты
қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн.
870 мың қазақстандықтар болған .
1 –жүрг. Сонымен қатар біздің Атыраудың өзінен де көптеген
жерлестеріміз Ұлы Отан соғысына аттанды . Сол қатардан
қазір қалғаны 145 соғыс ардагерлері. Осы соғыс
ардагерлерінің ұрпақтары құрметті қонақ болып біздің
ортамызға келіп отыр . Олар біздің мектебіміздің ардагер
ұстаздарымыз Зәуреш апай , Райса апай , Манауя апай .
Қазір сөз кезегін апйларға береміз.
2 –жүрг. Кешімізді аяқтай келе Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан
ерлерінің жалғасы , қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес
ерліктің рухын өлтірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат ету
біздің борышымыз . Осымен Ұлы Отан соғысының 65
жылдығына ,Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған кешіміз
аяқталды . Уқыт бөліп кегендеріңізге көп-көп рахмет.
Мерекелеріңіз құтты болсын !!!