Мінсіз оқушы қандай болмақ
Шолпанбаева Айгүл Қадырқызы
Мұғалім өте қызықты да күрделі мамандық. Балаларды тәрбиелеу, үйрету, дұрыс жолға сала білу, оларға сапалы білім беру мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім бар ынта жігерін салса ғана мінсіз оқушыны қалыптастырып, тәрбиелей алады. Егер оқушы мектепке асығып тұратын болса, оқуға деген қызығушылығы мол болса, онда ол баланы одан әрі жетілдіре түсуге жеңіл болар еді.
Мінсіз оқушың болуы үшін мұғалімнің өзі оқушының алдында мінсіз болуы қажет. Оқушыларды сыйлай алатын, түсініспеншілігі биік , әділдікті жаны сүйетін және өз пәнін жетік білетін кәсіби маман болуың қажет.
Мінсіз оқушы ешқашан ештеңені ұмытпайды. Сабақты уақытылы орындап, мұғалім мен ата-анасының айтқандарын бұлжытпай орындайды. Ол үнемі ізденіс үстінде, ең бастысы оның адамгершілігі мол.
Бүгін біз сабақта мінсіз оқушының сипаттамасын жаздық. Бірінші төрттікке мен ықыластыны жаздым, өйткені ең алдымен оқушының сабаққа деген ықыласы ауып, берілген тапсырманы қызығушылықпен орындауға тырысуы қажет. Содан кейін, мақсатты, жігерлі, шығармашыл деп жаздым. Жұмысымызды басқа елдердің сипаттамасымен салыстырғанда үлкен айырмашылықтарға тап болдық. Менің ойымша, мінсіз оқушының мінездемесін әр ел өз менталитетіне қарай береді, түсіндіреді.
Менің мектебімде мінсіз оқушылар әрине бар, бірақ әлі де болса аз деп есептеймін. Болашақта оқушыларымның жан-жақты, оқуда алғыр, өмірде адамгершілігі мол азамат болып тәрбиеленуіне мол үлесімді қосамын деген сенімдемін.