Өсімдіктер әлемі
Уринбаева Ляйла Бахытжановна
Мақсаты : Балаларға көктемгі табиғат туралы, дала гүлдері мен бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте отырып, табиғат пен адамдар арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру. Қоршаған орта, табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелей отырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғай білу дағдыларын қалыптастыру, табиғаттың көркемдігін сезіне білуге үйрету, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап, жеке баламен жұмыс, орталықтарға бөліну, ойын, сергіту сәті, қортынды.
Көрнекіліктер : интерактивті тақта, гүлдердің суреттері, өскін, қауашақ, күрек, гүлге арналған су құйғыш, қызыл, сары түсті майлық, резина, ермексаз,таяқшалар, түтікшелер.
Интеграция : Коммуникация, Музыка.
Алдын –ала жұмыстар : тақпақтар жаттау, ертегілер айту.
Билингвалдық компоненті : көктем-весна, гүл- цветок, бәйшешек- подснежник, қызғалдақ- тюльпан, қалампыр-гвоздика, түймедақ- ромашка, алоэ-алоэ.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін тобымыз қандай әдемі болып кеткен , балалар сендерде ерекше әдемі болып тұрсыңдар,бізге апайларда қонаққа келіп қалыпты ендеше ең алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық.
Балалар: –Саламатсыздар ма апайлар!
Тәрбиеші : -Бәрекелді енді балалар маған айта қойындаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар! Мен сендерге тақтадан суреттер көрсетемін соған қарап көктем мезгілінің ерекшелігін білдіретін көктемнің сәні не екен айта қойыңдаршы?
– Көктемнің сәні- ашық аспан.
-Көктемнің сәні – жарқыраған күн.
-Көктемнің сәні – мөлдір су.
-Көктемнің сәні- гүлдер.
-Көктемнің сәні- гүлдерге қонатын әдемі көбелектер.
-Көктемнің сәні- кемпірқосақ.
-Көктемнің сәні- құстар.
-Көктемнің сәні- мына біз бақытты балалар.
-Жарайсыңдар балалар! Қараңдаршы қандай әдемі көктем мезгілінің көрінісі бейнелеп бердіңдер.
Енді балалар сендерге жұмбақ жасырсам деп едім жақсылап тыңдаңдар!
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене , балалар,
Үзуге адам қимайтын. ( Гүл)
Орыс тілінде гүл- цветок деп айтамыз қайталайық. Балалар гүлдер дала гүлдері, бөлме гүлдері болып бөлінеді. Дала далада өз бетінше күн жылына бастағаннан жер бетіне көрік беріп өсетін гүлдер, ең алдымен дала гүлдері туралы әңгімелеп берейін.
(Тақтадан бәйшешек гүлі шығады, мынау бәйшешек-подснежник қайталайық)
Бәйшешек гүлі көктем мезгілінің ең алғашқы гүлі. Бәйшешек қар еріп күн жылына бастағаннан қылтиып көктемнің келгенін хабарлап тұрғандай болады. Бәйшешек өте нәзік гүл, түсі ақ, сабағы мен ұзынша келген жапырағы бар кішкене гүл. Бәйшешек гүлін көңілімізге қуаныш ұялап көктемнің келгенін сезінеміз. Бұл гүлді халық « хабаршы» гүл депте атайды.
Ал, мынауда көктемнің мезгілінде шығатын гүлдің бірі –қызғалдақ. Кәне қайталайық қызғалдақ- тюльпан. Бұл көктемнің сәуір, мамаыр айларында жазық далада, қырда өсетін өсімдік. Өсіп тұрған қызғалдақтар құлпырып өсіп даланың сәнін келтіреді.
Түймедақ ( Ромашка) .Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің , қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Ауызды және тамақты шаяды. Шаштың қайызғағын кетіру үшінде пайдаланады.
Дала гүлдері далада, қырда, жазық жерлерде өсіп табиғатқа көрік беріп, таза ауа жұтуға көмектеседі, көптеген әдемі гүлдерді үйіміздің айналасына, гүлзарларға өсіреміз. Ал бөлме өсімдігі үйде өздеріне арнайы дайындалған қауашаққа өсіреміз, мына біздің тобымызда да көптеген бөлме гүлдерінің түрлері өсіп тобымызға көрік беріп, таза ауамен тыныстауымызға көп көмегін тигізіп тұр және олардың емдік қасиеттері де бар.
Мынау-алоэ гүлі. Алоэ гүлінің емдік қасиеті бар, жөтелгенде денемізге жара шыққанда осы өсімдікті ем ретінде пайдалана аламыз.
Кактус-тікенекті гүл бірақ балалар бұл гүлдің адамға тигізетін пайдасы орасан зор.Кактусты компьютердің алдына қойып өсіреді. Себебі ол адамдарды өткір сәулелерден қорғайды.
Балалар гүлдер неше түрге бөлінеді? ( екіге дала бөлме гүлдері )
Дала гүлдері қайда өседі ?( жазық далада, аулада, қырда)
Қандай дала гүлдерімен таныстық ?( бәйшешек, қызғалдақ, қалампыр)
Бәйшешек гүлін тағы қалай атайды ?( көктемнің хабаршысы)
Неге бөлме гүлдері деп атаймыз?( өткені адамдар арнайы қауашақта бөлмеде өсіреді)
Қандай бөлме гүлдерімен таныстық? (алоэ,кактус )
Алоэ гүлінің қандай пайдасы бар? ( жөтелгенде жара шыққанда пайдаланамыз
Тәрбиеші: -Балалар енді орталықтарда жұмыс жасаймыз, бүгін біз зерттеу орталығы, өнер орталығы, үстел-үсті орталығында жұмыс жасаймыз.
Зерттеу орталығында- біздер тамырлап өсуге дайын өскінді гүл өсіретін арнайы қауашаққа топыраққа орналастырамыз. Мынау гүл өсіретін құнарлы топырақ , мынау гүл отырғызатын арнайы ыдыс қауашақ, қиыршық тастар, күрек, гулге су құюға арналған су құйғыш. Енді балалар қауашақтың түбінде арнайы ауа баратын құйған су ағып кетуге арналып тесілген ойықтар түбіне қиыршық тастар саламыз, құнарлы топырақты саламыз міне былай енді өскінді топыраққа отырғызамыз, гүлге су құямыз.Гүлді отырғыздық енді әрдайым күтіп баптап өсуіне ықпал жасаумыз керек.
Үстел-үсті орталығында-балалар біз күнделікті қолымызды сүртуге пайдаланатын майлықтарды пайдаланамыз. Майлықтардыңдың түсі қызыл, сары оларды бүктеу әдісін пайдаланып қалампыр гүлінің бейнесін жасап үйренеміз. Ең алдымен майлықты аламыз оның екі ұшын түйістіреміз енді қарама-қарсы бағытта бүктеу әдісін пайдалану арқылы қалампыр гүлінің бейнесін жасаймыз, енді бүктелген майлықтың дәл ортасына мынадай резинаны қысып байлаймыз,міне гүліміз дайын енді күлтелерін ашамыз міне былай балалар қалампыр гүлі дайын болды.
Өнер орталығы – балалар түймедақ гүлін жасаймыз алдымен сары түсті ермексаздан дөңгелек пішін жасаймыз, содан кейін күнделікті үйде қолданып жүрген құлақ шұқитын таяқшалардан гүлдін күлтелерін жасаймыз. Дөңгелек пішінге таяқшаларды орналастырамыз енді сабығына жасыл түсті түтікшені ермексазға орналастырамыз , жасыл түсті ермексздан жапырағын жапсырамыз.
Кезекші белгілерді таратады , балалар орталықтарға барады.
«Гүлдер» әніне сәйкес қимыл-қозғалыстар жасау.
Зертеу орталығы:
Мақсаты: Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту. Гүлдер туралы білімдерін кеңейту, табиғат пен адамдар арасындағы байланыс туралы түсінік беру.Гүл- адамның көз қуанышы екенін түсіндіру, гүлдерді өсіруге , күтіп-баптап, қорғай білуге тәрбиелеу.
Үстел-үсті орталығы :
Мақсаты: Балаларды ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып, бүктеу әдісі арқылы түрлі-түсті гүлдер жасауға үйрету, әдемілікке , әсемдікке тәрбилеу.
Өнер орталығы: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту,өнерге деген құштарлығын ояту, балаларды әсемдік пен сұлулыққа, талғампаздыққа баулу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге дағдыландыру.
Екінші аусым. Балалар сағат тілі бойынша белсенділік орталықтарын ауыстырады.
Тәрбиеші: балалардан қандай орталықтарда жұмыс жасағандарын сұрау, балалар « Қызғалдақ гүлі» ертегісін сахналайды.
Мақсаты: Балалар өздеріне таныс гүлдер туралы ертегінің мазмұнын түсініп, берілген рольді дұрыс сахналай білуге дағдыландыру, баланың тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, имандылық адамгершілік тәрбиесін егу.
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: дала және бөлме гүлдерін ажыратады;
Қайталайды: бәйшешек, қызғалдақ, түймедақ, алоэ гүлдері туралы мағлұмат алды;
Қолдана алады: дәстүрден тыс әдісі бойынша гүлдер жасауды үйрену.