Жаңартылған білім беру мазмұнына жағдайында М.Әуезов шығармаларын оқытудағы өзекті мәселелер

Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының оқушылар санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше. Қазақ әдебиеті пәнін оқыту айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі – еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім. Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын–жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айту өте маңызды болып табылады.

Биылғы жылы қазақ әдебиеті пәні бағдарламасына әлемдік білім жүйесінен жаңаша әдіс-тәсілдер мен сабақ жүргізу жүйесі енген еді. Олар : айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым. Бұл сабақ бөлімдерінің әдеби шығармаларды тиімді оқытуда маңызы зор.

Тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • Мәтін бойынша сұрақтар қою;
  • оқушыларға таныс және оларды қызықтыратын тақырыптар бойынша анық сөйлеу;
  • алдын ала құрастырылған сұрақтар бойынша біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнің бір күні жөнінде сұхбаттасу) және жауаптар бойынша ауызша есеп беру;
  • жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру (мысалы, бізге, яғни оқушыларға мектеп формасын кию қаншалықты қажет);
  • жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, Бағытталған оқу және Бағытталған жазу);
  • ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
  • берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.

Оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;
  • интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жоба дайындау);
  • мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөліміне сүйене отырып, оқиғаның дамуына болжам жасау;
  • әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау);
  • көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
  • негізгі ой мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;
  • ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу.

Жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;
  • газетке шағын хабарлама/мақала жазу;
  • белгілі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
  • ақпаратты суреттер мен диаграмма арқылы беру;
  • сұхбатқа сұрақтар дайындау.

Жаңартылған білім мазмұнына ауысу кезеңінде М.Әуезов шығармашылығын оқытуда ұлы жазушының ұлылығын таныту үшін оның мұрасын барынша жан-жақты қарастыруымыз қажет. Әдебиет көгін «Адамдық негізі әйел» атты көсемсөз еңбегінен келген ұлы жазушының  халқы мен елінің  әдебиетіне ғана емес, өнері мен ғылымына, қоғамдық өміріне сіңірген еңбегін мүмкіндігінше тұтастай жеткізуді ойластыру керек. Жазушы өмірінен мәлімет бергенде, өмір сүрген дәуірінін шыңдығын, басынан өткізген ауыр тағдырын, әр шығармасының соның ішінде «Абай жолы» эпопеясына байланысты көрген қиыншылықтары мен жетістіктерін назарға ала отырып, шолу дәрежесінде болса да хабар берген жөн болар еді.  М.Әуезовке байланысты әр жылдардағы сындарға, олардын әділетсіз жақтарына тоқтала отырып, жас өскіннің танымын, дербес ойлауын көзқарасын дамытуды да мақсат еткен дұрыс.

Жазушының ғұлама ғалымдық бейнесін таныту назардан тыс калып келеді. Оның абайтану ғылымы айналасындағы іргелі  ізденістерін  кырғыз эпосы «Манасты» алғашқы рет жан-жақты зерттеуін; ауыз әдебиеті туралы еңбектерін; Шығыстық классикалық поэзиясы туралы ғылыми пікірлерін т.б мектепте оқыта бастау керек.

Әуезовті танытудың бір сынып көлеміне сыймайтыны түсінікті. Сондықтан да төменгі сыныптан бастап әңгімелері, драмалары, аудармалары, ғылыми еңбектерінен жүйелі түрде мәлімет берген жөн. Әрине, бұл жерде баланың жақсы, қабылдау мүмкіндігі ерекше есепке алынады. Мысалы, ғылыми еңбектерінен Абай шығармаларын оқыту кезінде, ауыз әдебиеті үлгілерін оқытқанда, Жамбыл шығармашьшығын танытқанда және т.б тақырыпқа сай шағын үзінділер ұсынылса, М.Әуезовті жан-жақты танытудың бастамасы қалыптаса бастар еді.

Бізде, оқу бағдарламаларында көсемсөздерге мүлде орын берілмейді десек, артық  айтқандық болмас. Эпистолярлық жанрдың жағдайы да сондай. Алтынсарин, Шоқан шығармаларын оқытуда ғана хрестоматияда олардың хаттары беріледі. Жазушының «Адамдық негізі әйел» атты көсемсөзін арнайы оқытудың танымдық та, тәрбиелік те маңызы зор. Бүгін де жазушының «Бесігінді түзе» деген тағылымы төрімізде тұрса артық болмас еді. «М.Әуезов туралы естеліктер мен хаттарға да көңіл аударатын кез-келген сияқты. Жазушыны таныту, оқыту, ең алдымен, оның өзін, азаматтық келбетін, тыныс-тіршілігін танытудан басталмақ. Лев Толстой «Н.Растованың прототипі кім?» дегенде, «ол мен: өзім» деген екен. Осы жауаптың мәні өте тереңде жатыр. Тарихи роман болсын, көркем туынды болсын, ол жазушының төл баласы. Сол себептен де қаламгер туындысын, ен алдымен, оның өзін танытудан бастаған дүрыс.

Жаңартылған білім бағдарламасы мазмұнына көшкен сыныптардағы (5-7) қазақ әдебиеті сабағында төменгідей АКТ құраладарын пайдаланады:

  • сабақтарда оқытудың сапасын арттыру үшін жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану;
  • интернет ресурстарымен жұмыс жасайды (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);
  • мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point);
  • ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;
  • электронды оқулықтарды пайдалану;
  • тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;
  • ақпаратты саралап, зерттей алу.

М.Әуезовтің шығармаларының тілі өте күрделі болып табылғандықтан,  оған жинақы түрде оқу бағдарламасына кірген жаңа типтегі, бүгінгі оқыту талап-тілегінен шығатын кешенді көрнекіліктер қажет. Мысалы, жаңартылған оқу бағдарламасымен енген әдіс-тәсілдерді пайдаланған  әдістемелік құралдар, әртүрлі дидактикалық материалдар, электронды нұсқадағы оқулықтар, жазушының шығармаларының жазылу тарихы мен  қысқаша мазмұнын түсіндіретін бейнематериалдар мен презентациялар пайдалануы оқу процесін қызықты әрі тиімді етері сөзсіз.

Жаңартылған білім беру мазмұны енімен қатар әледік білім тәжірибесінен әртүрлі тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер енді.Олар : «Шығыс базары», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Сана саяжолы», «9 ромб», «5 қадам», «Драма әдісі», «Әдебиеттік үйірме», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Эмоция кестесі». Мысалы, «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесінің тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған «Тыңдап отырған үштік» құрылымдалған әдісін пайдалануға болады.  Ол үшін оқушылар үшеуден отырады, екеуі қарсы, ал біреуі сәл алшақта –  сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылап отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші Біржан ақынның Абай ауылына серілік құрып келгенін мазмұндайды, бала Абайдың Біржанды өз көзімен көргендегі әсері туралы баяндайды. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және  түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі бөлімде оқушылар жолы рөлдер ауыса алады.

Әңгіме жанрын оқытуда «Оқиға картасы» әдісі пайдалануға болады. «Көксерек» повесі оқылғаннан кейін, оқушылар төмендегі картаны толтырады.

атауы кейіпкер ахуал, жағдай
«Көксерек» Құрмаш

Әжесі

Көксерек

Ауыл адамдары

Ауылда

Әжесінің үйі

шешім проблема Оқиға
 Ұрлыққа түскен күннің бірінде Көксерек Құрмашқа шабуыл жасап, оны мерт қылады. Бұл әңгімеде жазушы адамдардың табиғатқа жасаған қиянаттарын көрсеткісі келді. Бөлтірік өскеннен кейін, қасқырларға қосылады. Адамдардың қасқырларға жасаған қиянатын көріп, жек көрініші ояна бастайды. Ауылға ұрлыққа түсе байтайды. Құрмаш есімді бала қасқырдың бөлтірігін кішкентай күнінен асырайды. Бөлтірікті өзінің серігіндей көріп, жанынан тастамайды.

 

Бұл әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану  тақырыпты ашуға, шығарма идеясына үңілуге, шығарманы жіктеп талдауға пайдасы көп.

М.Әуезов шығармашылығын оқытуда пайдаланылатын барлық жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.

­Мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қойып, нұсқау беріп, пікір таластыруға тартып, тапсырманы  орындардың алдында , орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету болып табылады. Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады: ынтымақтастыққа үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді, өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді, өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді, бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.

Ұлы Әуезов сол үлгілі құндылықтарды адамзат мәдениетінің асқаралы шыңдарымен жалғастырған алтын көпір болып тарихта мәңгі қалды. Олай болса, Әуезовті тану – ұлтты тану деген ұлы ұғыммен ұштасады. Ал ұлтты тану – ұлттық дамудың негізгі шарты.Ұлы тұлғаны уақыт аласарта алмайды. Келер ғасырда да кемелдене беретін кемеңгер М.Әуезов – тек сіз бен бізді ғана емес, әлі дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игілігі, өлшеусіз бақыты. Өйткені, М.Әуезов құдіреті оның елге деген шексіз махаббаты мен сенімінде жатыр. Осы бір ақиқатты сезіну мына біздерге, бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жігер қосады.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *