Күн

Тақырыбы: «Күн»

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Құрманғазы ауылы

МКҚК “Балауса” санаторлық бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Исмагулова Сауле Ахметқызы

Бекітемін:
« 30 » 01.2018ж.

Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Өтпелі тақырып: «Дені саудың-жаны сау»
Апта тақырыбы: « Күн, су, ауа»
Ай апта Қаңтар ІІІ-апта Мақсаты
Білім салалары кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі. «Шығармашылық» Дәстүрлі емес әдіс арқылы балаларға алақанмен сурет салуға қызығушылығын тудыру.Сары бояуды қолданып бейне жасауға үйрету.Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сурет
Тақырыбы «Күн»
Әдістер Көрсету,түсіндіру,ТРИЗ әдісі,тосын сәт,сұрақ-жауап
Керекті-құралдар Үлгі сурет,альбом,сары түсті бояу,жайпық ыдыс,майлық.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы Шаттық шеңбері
Күн күлімдеп нұр төкті,бізге жолдап…
Сәлем!Жақсы сөздер нұр септі,бізге жолдап…
Сәлем!
Еске сақтап кеңесті,достарға сыйла…
Сәлем!
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге…
Сәлем! Шаттық шеңберіңн құрады.
Оң қолды кеуде тұсына ұстап,сәлемдесу рәсімін жасайды.Оң қолды жоғары көтеріп саусақтарын қозғайды.
Бір-біріне қол беріп амандасады.
Бір-біріне иіліп сәлемдеседі.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік Тосын сәт:
Күн:Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Мені таныдыңдарма?
Тәрбиеші:-Балалар таныдыңдар бұл не?
-Иә,жаңа ғана өзіміз сиқырлы тақтадан көрген күн ғой.
Күннің түсі қандай?
Күн:Менің пішінім қандай?
Балалар күн қайда орналасқан?
-Дұрыс айтасыңдар,балалар күн жоғарыда орналасқан,күн шықса бәріміз жылынамыз.Өйткені күн шуағын шашып бізді жылытады.
-Балалар бізге қонаққа кім келді?
Кәне,бәріміз қайталайықшы.
-Күннің пішіні қандай?
Кәне бәріміз қайталақшы.
Ендеше қазір осы бізге қонаққа келген күн бейнесін жасап көрейік.
Саусақ жаттығуы «Күн».
Сурет салу әдіс-тәсілі:
-Жайпақ ыдысқа сары түсті бояуды дайындап аламыз;
-Бояуы бар сары түсті ыдысқа алақанды толықтай малып,алақанды альбом бетіне әртүрлі бағытта саламыз.
Тәрбиеші:Күн қарашы менің балаларым сіздің бейнеңізді өте әдемі етіп жасады.
-Сізге ұнай ма?
Күн: бәрекелді балалар менің бейнемді өте әдемі етіп жасадыңдар.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
АКТ қолдану
Күннің бейнесін жасадық.Күн қуанып бізге сәулесін шашты тобымыз сондай жылы болып кетті.Кәне,бәріміз күнмен қоштасайық.
Күн:балалар сендерге өте риза болдым.Рахмет,сендерге енді «Балдырған»балалар бақшасы одан әрі жылытатын боламын.Күмен балалар қоштасады.
Дидактикалық ойын: «Қайсысы қайда тұрады?»
Шарты: Суреттегі бейнелерге қажетті бөліктерін дұрыс орналастыру.Мыс: ағашқа жапырақтар, аспанға бұлттар мен күн, құстар.Өзенге көпір мен су т.б.
Мультихикая: «Солнышко»
Қорытынды:
-Балалар,біздің оқу қызметіне кім келді?
-Ненің суретін салдыңдар
-Күн бейнесін немен салдыңдар?
-Алақанмен сурет салу сендерге ұнады ма?

Күн

-Сары
-Дөңгелек
-Жоғарыда

-Күн келді
-Күн
-Дөңгелек

Қимылмен әрекет жасайды.

Сурет салу әдіс-тәсілі арқылы жұмыстарын жасайды.

Балалар көңілді әнмен қимылдар жасайды.

Балалар күнмен қоштасады.

Ойында қызығушылық танытады.

«Солнышко»мультихикаясын тамашалайды.
-Күн келді
-Күннің суретін
-Алақанмен
-Ойларын ашық айтты

Рефлексивтік-
жинауқтаушы Тәрбиеші оқу қызметін қорытындылап,бекітеді.
Ұйымдастыру оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтайды. Қуаныш сезімін білдіреді.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек Күн туралы түсінігін,күннің қасиетін;
Түсінеді Дәстүрден тыс сурет салуды,түстерді ажыратуды;
Қолдана біледі Алақанмен сурет салуды.
Тәрбиеші: Исмагулова С.А.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *