НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? интеллектуалды ойыны
Белгісіз автор
Не? Қайда? Қашан?
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Ойынымыз 2 топтан құралады: «Көрермендер тобы» және «Білгірлер тобы». Ойын шартын түсіндірместен бұрын, бүгінгі 10-шы сыныптардан құралған «Білгірлер» тобының мүшелерімен таныстырып өтейін:
- Баламанова Дана
- Назар Әділет
- Мукумов Жанарыс
- Ермағамбетов Дарын
- Плещакова Гаухар
- Агылханова Айжамал
Енді сұрақ қоюшы «Көрермендер тобымен» таныстырып өтейін:
- Майрамова Индира (Ақтау,25ж )
- Жанқабыл Рамазан (Ақтау, 8 сынып)
- Тлегенова Айгерім (Ақтау, 32ж)
- Тоғайбай Қадыр (Ақтау, 8 сынып)
- Бекқали Ғазиза (Астана, 25ж )
- Тасболатова Махаббат (Ақтау, 23ж )
- Әлібек Сәуле (Алматы, 22 ж)
- Оксана Федорова (Орал, 34ж )
- Темирболатова Асылай (Қостанай,42ж )
Таныс болсаңыздар, ойын шартымен таныс болыңыздар:
- Көрермендер білгірлер тобына сұрақ қояды, ал білгірлер берілген сұраққа бир минут ішінде жауап беруі керек;
- Дұрыс берілген жауапқа білгірлер тобына ұпай беріледі, ал егер берілген жауап дұрыс болмаса, көрермендерге беріледі;
- Ойын тоғыз ұпайға дейін ойнатылады;
- Топқа ортадағы зырылдуық тоқтаған сұрақ жауабына ойланып, талқылауға екі минут беріледі, нақты жауабын беретін адамды топ капитаны таңдайды.
- Сұрақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі;
- Жазба сұрақтармен қатар, видео сұрақтар және заттай сұрақтар да беріледі;
- Ойын соңында жеңген топ мүшелеріне немесе сұрақ беруші көрермендерге сыйлықтар беріледі.
Ойын ережесі түсінікті болса, ойынымызды бастайық!