Ақыл ойдың гимнастикасы- математика

Ақыл ойдың гимнастикасы-математика

Математикалық ойынның мақсаты:
Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 6- сынып оқушыларынан 3 команда(5 оқушыдан).

  1. Топтын аты, ұраны
  2. Мақал мәтелдер сайысы
  3. Карточкадағы сұрақтарға жауап бер
  4. Жұмбақ жасыр
  5. Үй тапсырмасы Музыкалық номер
  6. Қасықпен су тасы
  7. Келесі (сұрақ -жауап) Блиц-турнир
  8. Үй жұмысы аненкдот

№1                                                                                                                                                                                 1.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
2.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
3. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
4. Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)                                                             5. 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)

№2                                                                                                                                                                                             1. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
2. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
3. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
4. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
5. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)

№3
1. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
2. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
3.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөліне
4.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
5. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
ІІІ . «Блиц – турнир» Мұнда әр топқа 10 сұрақтан оқылады. Әр сұраққа 1ұпай беріледі.

  1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
  2. 1 сағатта неше минут бар?
  3. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.
  4. Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?
  5. Ең үлкен үш таңбалы санды ата.
  6. Қосуға кері амалды ата.
  7. Аптаның соңғы күні қалай аталады?
  8. Шаршы деген не?
  9. 9+7 өрнегінің мәні қанша?
  10. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.
  11. 1 дм неше см болады?
  12. 1 ғасырда неше жыл бар?
  13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.
  14. Периметрді қалай табамыз?
  15. Масса, оның бірліктерін ата.
  16. 60-7 өрнегінің мәні қанша?
  17. Төртбұрыш пен үшбұрыштың айырмасы қандай?
  18. 1 см артық па, әлде 1 дм артық па?
  19. . Ең үлкен және ең кіші бір таңбалы сандарды ата.
  20. 1 дм 4см неше см болады?
  21. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
  22. Бір тәулікте неше сағат бар?
  23. Азайтуды қай амалмен тексереді?
  24. Бұрыштың қабырғалары қалай аталады?
  25. Ең кіші ондықты,ең үлкен ондықты ата
  26. Шаршының периметрі 2см. Оның периметрі қаншаға тең?
  27. Екі нүктенің арасындағы түзу.
  28. Салмақ өлшем бірліктерін ата.
  29. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата.
  30. 3 сағ + 18 мин. дегеніміз неше минутқа тең?

 

 

 

 

 

 

 

Координата жазықтығына нүктелерді белгілеп, оларды кесінділермен қосу арқылы фигура салыңдар.Шыққан фигураның ауданын есептеңдер.1)А(4;6), В(7;2), С(4;-2), D(1;2)

 

Координата жазықтығына нүктелерді белгілеп, оларды кесінділермен қосу арқылы фигура салыңдар.Шыққан фигураның ауданын есептеңдер. 2)M(-9;-4), N(-9;1), F(-2;1), K(-2;-4)

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *