«Балаңыз оқушы атанды» тақырыбындағы 1-сыныптарының ата-аналарымен өткізілген дәріс – тренинг.

 Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,   №6 Хромтау гимназиясының психологы

Раимкулова  Гүлжан  Жумалиевна

 

 

«Балаңыз оқушы атанды» тақырыбындағы

 1-сыныптарының ата-аналарымен өткізілген дәріс – тренинг.

 

 Мақсаты: ата-аналарға балаларының мектепке бейімделу ерекшеліктері туралы мағлұмат беру, адаптация туралы түсінік беру, баланы мектепке сәтті бейімдеу жолдары туралы кеңестер беру.

Өткізу формасы: дәріс-тренинг

Қатысушылар: 1 «а», «ә», «б» сыныптарының  ата-аналары.

Өткізген: Раимкулова Г.Ж.

Қажетті құрал-жабдықтар: парақ қағаздар, қайшылар, жаднамалар.

Барысы:

  1. «Танысу» жаттығу.

Әрбір ата-ана баласының есімін, өзінің есімін айтады. Өз есімінің бас әрпінен басталатын қасиет айтады.

  1. «Қылау»

Парақ қағазды қияды:

  • Қағазды екіге бүктеңіз
  • Оң жағын қиыңыз
  • Тағы да екіге бүктеңіз
  • Сол бұрышын қиыңыз
  • Қағазды үшке бөліңіз
  • Оң бұрышын қиыңыз.

Қорытынды: қылау қаншалықты әдемі де әртүрлі, сонша балалар да әдемі де әртүрлі.

Бала ортаға тез бейімделуінен оның одан әрі дамуы, оқуы және тәрбиесі тәуелді. Осы кезеңнің міндеттері бастауыш білім беру жүйесінде барлығына да тең:

  • Баланың психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету;
  • Мектеп өмірінің негізгі ережелерімен таныстыру;
  • Жеке, жұптаса жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
  • Қайта байланыс алудың қарапайым тәсілдерін үйрету;
  • Мектептік бағалау жүйесімен таныстыру;
  • Зейін, есте сақтау, ойлау, қиял процестерін дамыту;
  • сынып ұжымын ұйымдастыру.

Бейімделу дегеніміз не? Деген сұраққа келесі ғалымдардың ұстанымдарын келтіріп кетуге болады.

Бейімделу – ағза функцияларының, құрылысының,оның органдарының және клеткаларының орта жағдайына ыңғайлануы, бейімделуі. Баланың мектепке бейімделуі жылдам жүрмейді: ол жүйке жүйелерінің маңызды ширақтылығымен  мектепке байланысты ұзақ жүретін процесс болып табылады.  (М.М.Безруких  – 5-6 апта, И.В.Дубровина – 4-7 апта, Н.В.Самойкина  3 ай- 1,5 жыл). Баланың жаңа жағдайларға бейімделуі бір ай мен бір жыл аралығында өтеді. Бұған көптеген факторлар әсер етеді:

  • Баланың мектепке психологиялық дайындығы;
  • Баланың денсаулығы;
  • Жеке тұлғалық ерекшеліктері (мінезі және темпераменті);
  • Отбасылық тәрбие ерекшеліктері және т.б.

Баланың мектепке физиологиялық бейімделуі.

Баланың мектепке физиологиялық бейімделу процесін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Мамандар баланың мектепке физиологиялық бейімделуінің үш кезеңін бөліп көрсетеді:

Бірінші кезең – нысананың жүйелі түрде оқытылуының басталуымен байланысты, барлық комплекске жаңаша әсер етуге, қарқынды реакциялардың және ағзаның барлық жүйелерінің маңызды күшпен жауап беруі. Бұл «физиологиялық толқын» ұзаққа созылады ( 2-3апта). Бұл кезеңде бала өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс жасайды. Сондықтан оқудың алғашқы аптасында бірінші сынып оқушыларында салмағының төмендеуі,ұйқысының бұзылуы,бас ауыруы байқалады.

Екінші кезең – тұрақсыз бейімделу. Бұнда бала ағзасы бұл әсерлерге қандай да бір тиімді реакциялар нұсқаларын іздеп табады. Бірінші кезеңде ағза ресурстарын үнемдеу туралы сөз болмайды: ағза не бар, соның бәрін жоғалтады, ол кейде «қарызға» алады: сондықтан мұғалім бұл кезеңде әрбір бала ағзасы қандай жоғары «бағаға» төлейтінін білуі керек. Екінші кезеңде бұл «баға» төмендейді, «толқын» жайлап әлсірейді.

Үшінші кезең – тұрақты бейімделуге қатысты кезең. Мұнда ағза       мектеп жүктемесіне әсер ететін,барлық жүйелердің (ақыл-ой, физикалық, эмоционалды) аз мөлшерде күшін талап ететін қажетті нұсқаларды табады. Осыларға қатысты, барлық педагогикалық процесті әр баланың денсаулығына зиян келтірмейтін етіп құру қажет.

Бейімделудің барлық үш формаларының ұзақтығы шамамен 5-6 апта, бұл кезең 10-15 қазанға дейін созылады, ал ең қиыны бірінші-төртінщі апталар болып табылады.

Оқудың алғашқы аптасы қалай сипатталады? Ең алдымен, жұмысқа қабілеттілігінің тұрақсыз және төмен деңгейде болуымен, жүрек-қан тамырлар жүйесінің жоғары деңгейімен, әртүрлі ағза жүйелерінің бір-бірімен өзара байланысының төмен көрсеткіштерімен сипатталады.

Бейімделу процесінің сәтті болуы, көбіне баланың денсаулық жағдайымен анықталады, сондықтан мектепке бейімделу мәселесімен ертеден дәрігерлер айналысады. «Мектеп күйзелісі» – бұл баланың мектепке баруымен байланысты психикалық күйінің бұзылуы.Баланы қарапайым өмірден алшақтатып,денсаулық жағдайынын жылдам бұзылуына әкеледі және балаға оқу жүктемесін табысты орындауына жол бермейді.

Денсаулық жағдайына, өмірдің өзгерген шартына байланысты мектепке бейімделу әртүрлі жүреді. Балалар тобын жеңіл бейімделу, орташа ауырпашылықты бейімделу,ауыр, қиын бейімделу деп бөледі.Жеңіл бейімделуде бала ағзасының фунционалды жүйесінің жағдайы І тоқсан мерзімінде дұрысталады. Орташа ауытпашылықты бейімделуде денсаулығының және көңіл- күйінің бұзылуы І жарты жылдықта байқалуы мүмкін. Кейбір балаларда мектепке бейімделуі ауыр, қиын өтеді. Мұнда денсаулық жағдайының бұзылуы оқу жылының басынан аяғына дейін созылады.

Өз кезегінде,бейімделу процесінің ұзақтығы баланың денсаулық жағдайына, жүйелі оқудың басталуына тәуелді.Дене жағынан дамыған және барлық ағза қызметтері қалыпты,дені сау балаларда мектепте оқу кезеңі оңай жүреді және ақыл-ой,физикалық жүктемелерді жеңе біледі.

  1. «Мектепте маған не ұнайды?» жобалау тесті. Ата-аналарға балаларымен өткізілген осы тақырып бойынша суреттік тесттің қорытындыларымен таныстыру.
  2. Ұсыныстар

Ата-анаға баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығы бойынша кеңес беру:

  1. Баланы біртіндеп мектеп күн тәртібіне бейімдеу керек.
  2. Бала мұғалімді дұрыс тыңдау үшін оған беретін нұсқаулары анық,аз сөзді,жылы лебізді,жайлы болуы қажет.Баланы мектепте болатын қиындықтармен қорқытпау.
  3. Мектеп алдында әрі оқу кезінде баланың көру және есту сезгіштігін тексертіп отыру.
  4. Оқуға дайындық: 6-7 жастағы бала әліппенің баспа әріптерінің барлығын білуі тиіс. Кейбір балалар буындап,кейбірі тұтас мәтінді де оқи алады.Балалардың дайындығы әртүрлі болғанымен барлық балалар оқу процесінен жылдам шаршайды.Сабақты демалыспен кезектестіру.Бала айна алдында дыбыстарды нақты дауыстап, жекелеген дыбыстарды бөліп әрі созып айтуына мүмкіндік беру.Бұл сөйлеу аппаратын дамытады.
  5. Жазуға дайындық: қаламды бала дұрыс жаттыққан қолмен ұстауы тиіс.Бояуды трафарет және штрихтаумен алмастыру.Сызықтар төменнен жоғары,оңнан солға,егер ол қисық болса,онда сағат тіліне қарсы болуы тиіс.Сызықтардың арасы 0,5 см болуы тиіс,бұл жазба әліппеснің негізгі принципі.Бала сабақтан қалай шаршаса,оқудан да солай шаршайды. Баланы мектепке дайындағанда ата-ана мұғалім ролін алмай,баласы үшін оны жақсы көретін және түсінетін ата-ана болып қала беруі керек.Бала өзінің қолынан келетіндерінің  бәрін бар ықыласымен орындайды.Баланың жетістігін сыныптастарының деңгейімен салыстырмау керек,тек қана ата-аналардың шыдамдылығы мен сүйіспеншілігі баланың оқуда алға ұмтылуына кепіл бола алады.
  6. Қоштасу сәті. Тәмсіл әңгіме.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *