Көңіл күйімізді басқара білейік
Күні 2018ж.
№3 Тақырып Көңіл күйімізді басқара білейік Құндылық Сүйіспеншілік
Қасиеттер Бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік ,табиғатты жақсы көру, достық татулық т.б
Мұғалім Сынып 2 «а» «ә» Оқушылар саны
Сабақтың мақсаты: Үйлесімді байланыс арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік: Оқушыларға мейірімділік жақсылық қамқорлық қасиеттері туралы түсінік беру. 2.Дамытушылық: Оқушылардың мейірімділік қамқорлық таныту, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту. 3.Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікпен жақсылық жасауға, қамқор болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер) |
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақты жағымды күйге келтіру. 5 «Т» -ның сақталуын еске түсіру: тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену (Жай, баяу жағымды музыка қойылады). Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:«Мен нұрлымын…Нұр менің ішімде…Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуыңызға болады. Рахмет Үй тапсырмасын пысықтау: «Бос қайық» аңыз әңгіме – Аңызда адамның қандай көңіл күйі сөз болды? – Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер? |
Ескертулер |
«Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар, қуаныш адамның көңіл күйініңкөтерілуіне әсер етеді» түйіндеу сөз
– Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады. Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап, өзімізді ұстай білуімізді және өзімізге, айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді. |
|
Әңгімелеу
-Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар? -Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді? |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Суреттегі балалардың бет бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп беру» тапсырылады. Оқушылар ұсынылған суреттерге қарап, ондағы балалардың көңіл күйін ажыратып айтады. Дәптермен жұмыс 1. Ребусты шешіңдер
|
|
Топпен ән айту.
Құттықтаймын мама, туған күніңмен! |
|
Үй тапсырмасы
1. «Менің көңіл күйім көтеріңкі, өйткені ………..» әңгіме құра 2. Келесі сабақ: 74- 76 бет. «Шынайы сүйіспеншілік» оқу Лариса Кобзева |
|
Соңғы тыныштық сәті
Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Балаларға ақиқат құндылығын жүректерінде сақтау үшін өлең жолдарын бірге қайталауды ұсынамын: Ақиқат, ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде, Ақиқат, ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде! |
Әдебиеттер:
- Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы.1-11 сыныптар. «Бөбек» Алматы, 2010 -31б.
- «Өзін-өзі тану». Оқулық. 4-сынып. «Бөбек» Алматы, 2010-110-115б
- «Өзін-өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. 4-сынып. «Бөбек» Алматы, 2010-111-114 б.
«Өзін-өзі тану-Самопознание kz» журналы. «Бөбек» ҰҒПББСО Адамды үйлесімді даму институты, №1 (61) 2015; №3 (63) 2015