Ата-анамен жұмыс: ” Таза су – денсаулық кепілі”
. Мектепке дейінгі мекемелерде санитарлық талаптарға сай барлық жағдайлар жасалған. 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрық бойынша:
- Объектілер Кодекстің144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.
– Қысқа уақытқа балалар болатын МДҰ-да тасымалданатын сумен жабдықтау және қолмен су құятын қолжуғыштар орнату халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосындағы аумақтық бөлімшенің келісімі бойынша жүзеге асырылады.