Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізудің әдістемесі.
Мақсаты: Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.
Сабақ барысы
Психологиялық ахуал
Тренинг «Үстел» /Шеңбер боп тұру, оңға бұрылу, бір адамнан кейінгі адамның иығына қолын қою, тізеге отыру, қолды жоғары көтеру, шапалақтау/.
«Жұмбақ» әдісі. Табиғат құбылыстарының суреттері беріледі. Мысалы: жаңбыр, күн, бұлт, қар. 4 суреттің артына жұмбақ жасырылады. Жұмбағы бар суретті алған мұғалім топ басшысы болады, жұмбақты жасырады. Жұмбақтың шешуі бойынша топтарға бөлінеді.
«Кинометафора» әдісі. Bilimlend «Қазақстандағы көлік кешені» киноүзінді қарап, талқылау. Талдау келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
«Көзбен көретін айғақтар бойынша сауалнама»
Шағын топтағы қатысушылар бір-екі немесе үш қарама-қарсы сурет таңдайды. Әрбір сурет үлкен қағаз парағына орналастырылады. Суреттің айналасына сұрақтар ойластырып жазады.
(көліктің түрлері)
Қадағалау сұрақтары
Мысалы … «Бұл суреттен біз нені көре аламыз?» Проблеманы шешетін сұрақтар :
Мысалы: «Осы көліктің түрін кім және қандай мақсаттармен пайдалануы мүмкін?»
Сараптамалық сұрақтар:
Мысалы: « Фотосурет қашан түсірілген немесе картина қашан салынған және неліктен?» Ерекшелейтін сұрақтар:
Мысалы: «Осы фотосурет қандай типке жатады?»
Кесте құру. Көліктің даму хронологиясын бейнелейді.
Көліктің түрі Шығу жылдары Саяхат жасау орны
(жерде,суда,әуеде)
Сергіту сәті: «Жіп бойындағы суреттер» әдісі /жіп, А4 қағаз, бояу, су, пришепка/
«Ысқыру диктанты»
Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтіннің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде, ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммаен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. /Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы керек/
Көлік түрлері
Бір жерден екінші жерге жету үшін әртүрлі көлікті пайдаланамыз. Көлік түрінің негізгі төрт категориясы бар.Олар қара жолмен, темір жолмен, су жолымен және әуе жолымен жүретін көліктер.
Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» әдісі
Көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілттер.
• «Керісінше» кілті-сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
• «Әліпби» кілті-берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
• «Жаңа дизайн» кілті күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
• «Тағы қалай?» кілті –күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
«Сұрақтар жаңбыры»
Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
Кері байланыс:
Стикерге коучингтен алған әсерін білдіріп, суреттерге іледі.