Ақпараттықтық – коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Батталова Гульшат

Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар жедел ақпараттандыру білім саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру қажеттілігін туындайтыны анық. XXI – ғасыр білім ғасыры, тұлғаның ой-өрісінің даму тенденциясын заман талабына дамыту әрбір ұстаздың міндеті. Қазақстан Республикасының президентінің Н.Ә. Назарбаев жолдамасында «Дарынды балаларға арналған мектепті дамыту және оған мемлекеттік қолдау көрсету» туралы өкілі талантты балалармен жұмыс істеуді жаңа үлгісін жасауға жол ашты. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның маңызы ерекше болғандықтан оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың білім сапасына ықпалы бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі деп ойлаймын.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады.

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам.

Ақпарат – информатика саласының негізгі ұғымы. Адам ақпаратты үздіксіз қабылдайды, біз не көреміз не істейміз оның барлығы ақпарат. Кибернетиканың атасы атақты оқымысты Виннер «Ақпарат – сыртқы

әлемде бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу» деген. Алынған ақпаратты адам миы өңдейді. Ақпарат бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпараттық технология:

  1. Объекті үрдісінің немесе құбылыс күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс;
  2. Ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы;

Коммуникация – байланыс, мәліметтерді жеткізу – ақпаратты тасмалдап жеткізу.Әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Мектепке жаңа келген бүлдіршін қабілеттерін арттыру, білімге қызығушылығын шығармашыл деңгейге көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бастауыш сынып мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі. Осы орайда оқыту әдістерін жетілдіруде тікелей білім беру жүйесінде тұтас ақпараттық технология дамытуға үлес қосады.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық коммуникативтік технологияны таңдау. Білім мазмұны оқушыларға оқулық немесе электрондық оқулық арқылы беріледі. Сондықтан адамның құндылығы, құндылық қасиеттері, оның іс-әрекетінің нәтижелері арқылы бағаланады.

Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыруда, білімін жетілдіруде өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік құндылығын анықтауда, тұлғалық және шығармашылық әлеуетті субъектілік ұстаным болып табылады.

Жалпы зерттеулер бойынша субъект туралы анықтамалар өте көп. Негізгі ілім бойынша ең жоғарғы дербестілік, тұтастық таныта алатын адам болып табылады.

Субъектіліктұлғаның қандай да іс-әрекетті, қарым-қатынасты дамытып, жетілдіруге деген қатынасын өзекті ететін әлеуеттік қасиет (ерекшелігі, мүмкіндігі, ұстаным) ретінде анықталады.

Бастауыш сатыдағы кезең оқушыда іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде басқару, оқушылар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді.

В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы  логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» – дейді В. Кириллова.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • Қызығушылығын арттыру;
  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
  • Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.

Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Машық. Сергіту;
  2. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
  3. Іздену тапсырмаларын орындату;
  4. Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);
  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).

Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алуға болады:

  • Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;
  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
  • Іс-әрекетке қызықтыра білу.
  • Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста.

Логикалық ойлау оқушының тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді.

В.С. Мерлиннің әдістемесі бойынша логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесінен тапсырмалар пайдалану тиімді және оқушыларды қызықтырады. «Артық сөзді алып тастау» әдістемесі бойынша баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Әдістеме 4 сөзден тұратын 15 сериядан құралған. Сонымен қатар түрлі логикалық есептер, сөзжұмбақтар, техникалық диктанттар пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды.

Логикалық  тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:

  1. Пәнге қызығушылығы артады;
  2. Ой-өрісі, ойлау қабілеттері дамиды;
  3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Қорытындылай келе оқытудың ақпараттық технологиясы негізінде жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің субъектілігінің алғы шартын қалыптастырады деп ойлаймын.

ХХІ ғасыр – бұл ақпарттық қоғам дәуір, технологиялық мәдениет дәуірі. Ақпараттық технология оқушылардың көру, есту қабілеттерін ойлау қабілеттерімен ұштастырып, коммуникаттивтік, мәдени-танымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызады.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы «2030 бағдарламасы»
  2. Мектептегі психологиялық әдістемелік құрал, Астана 2015 жыл
  3. Информатика негіздері №1-2, 2005 жыл
  4. Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008

5 Педагогикалық альманах №1, 2008, 2016 жыл

  1. Бастауыш мектеп журналы №2(23), 2016 жыл
  2. Информатика журналы №1 (42), 2016 жыл

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *