Кішкентай бүлдіршіндердің бөбекжайға бейімделу деңгейі
Кішкентай бүлдіршіндердің бөбекжайға бейімделу деңгейі
Бәрі де балалардың бөбекжайға бейімделуі ойдағыдай болып, көп ыңғайсыздық тудырмауын қалайды. 2 – 3 жастағы балалар үшін бөбекжайға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. Қазіргі уақытта баланы бөбекжайға дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруді бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. Бөбекжай балаларының өз – өзіне қызмет ету дағдылардың меңгеруі – өнегелі, жігерлі, дербестік және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.
Сондықтан ата – аналар бөбекжайдың тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына бөбекжайда ішетін тамақтар түрін қосып, үйдегі жағдайда баланың өзіне – өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйретіп: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, дәретханаға сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болу шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз болуын қадағалау қажет.
Сонда Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейірімді болса бөбекжайға келген күннен бастап – ақ үйреніп кетеді. Сонымен қатар бөбекжайға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынадай моральді – этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата – анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар бөбекжайға баратын кезге дейінгі уақытта ата – аналар балаларынсыз рұқсат болады.
Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа фактолардан баланың тағдырын, яғни бөбекжайға бейімделуін тәрбие мүмкіндігін, ата – аналармен психолог – педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі бөбекжайға баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясымен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Ол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл – ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. Мысалы, 3 жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен психологтан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді ( «Көзілдірікті көзге киеді. Мынау – көбелек, құрт деп аталады.» « Қарбыз. Мен , анам және әкем – үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлде қайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс – әрекеттері байқалмады .
Психолог баланың бөбекжайға барлық бейімделу бағытында бақылауға алады. Бөбекжайда баланың өзін еркін сезінуіне қажетті машықтарынан басқа, оның ұжымға араласуға психологиялық дайындығы да аса маңызды. Баланың көңілін, ашық, жылтыр заттар өзіне аударады. Мысалы: сабын көпіршіктері, шарлар. Тәрбиешілер баланың назарын топтағы ойыншықтарға назар аудару қажет. Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу, доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген балаларды шақыру керек. Эмоция балалардың өмірінде маңызды роль атқарады. Оларды шындықты ұғындыруға және дұрыс қарым – қатынас құруға көмектеседі. Баланың бөбекжайға бейімделуі оның жағдайы мен көңіл- күйінің тұрақтануы болып табылады. Балалар жаңа ережелерге, бір – бірімен сыйластыққа үйренеді. Ең бастысы, ата – ана баланың бөбекжайға бейімделуіне өз ықыласы бар екенін түсініуі тиіс. Бөбекжайға бейімделу мәселесі мерекеден, демалыстан және жанұяның ішкі жағдайлары өзгергенде ( сәби дүниеге келгенде, анасы іс – сапарға кеткенде және тағы басқа жағдайларда) қайта жалғасуы мүмкін. Бөбекжай туралы баламен әңгімелескенде, онда көп нәрсе үйренуге, баланың және тәрбиешісімен достауға болатындығын айту қажет. Ата – ананың сенімділігі, жайлылығы балаға сенімділік берері сөзсіз. Үйдің жайлы және әдеттенген атмосферасынан ажырап, ол бөбекжайдан қажеттігін тауып, тәрбиешілермен, балалармен жақсы қарым – қатынасқа түсуге үйренеді. Туындаған мәселелер бірдей болуы мүмкін, бірақ әр ата – анада одан шығу жолдары әртүрлі.
Егер де балаңыз жоғарыда айтылған машықтардың бәріне әдеттенген болса, онда ол бөбекжайға баруға толығымен дайын. Дегенмен де, баланы бөбекжайға дайындауға көбірек уақыт бөлсеңіз оны жаңа өмірге бейімделуі оңай болмақ.
Баланың бөбекжайға бейімделу кезінде ата – аналарға психологиялық кеңес:
Сіздің балаңыз бөбекжайға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Бөбекжайға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді.
Бұл неден көрініс табады?
Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды.
Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін.
Иммунитеттің төмендеуі, салмағының азаюы мүмкін.
Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Ортаға деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында бала тұмаумен ауруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Осының барлығы баланың келесідей іс- қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыру, анасын қайта – қайта шақыру.
Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты:
Баланың жасына байланысты. Екі жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілдірек айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай.
Баланың жасымен денсаулығын жағдайына байланысты:
Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты;
Бейімделуге деген байланысты.
Баланың бөбекжайға үйренгендігін қалай білуге болады?
Ол үшін келесілерді байқаймыз:
Ұйқының жақсаруы;
Тәбетінің жақсы болуы;
Үйреншікті қылықтары мен білімдерінің қалпына келу белсенділігінің артуы.
Айгалиева Асия Сериковна
Педагог – психолог
Кеңтүбек ауылының «Жұлдыз» бөбекжайы
Бөрлі ауданы, Кеңтүбек ауылы
Сот: 87712130233
Asiya-aigalieva@mail.ru