«Дені сау ұрпақ,келешектің кепілі»
Дені сау,рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады.
Біздің балабақшамыздың ең негізгі міндеті «Бірінші байлық-денсаулық»
дегендей балалардың денсаулығын нығайту,шынықтыру,түрлі аурулардың
алдын алу, сақтану жұмыстары дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы
жүргу..Ол үшін бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға,яғни олардың дене
құрылысының дұрыс өсіп қалыптасуына көп көңіл бөлу. Барлық топтарда
сабақтарда және одан тыс кезде тәрбиешілер балалардың қимыл белсенділігін
арттырып отырады.Дене шынықтыру сабағында ертеңгілік жаттығу кезінде
ойын элементтерін жиі қолдану,ал серуен кезінде тікелей тапсырма беру
арқылы балаларды әр түрлі қимыл-қозғалыстарды сапалы жасауға ұмтылдыру.
Соның нәтижесінде бақшада дене шынықтыру жұмыстары дұрыс жолға қойылады.
Ауа,су,күн шуағын қабылдау,ықшам киім,ертеңгілік жаттығу,ауладағы дене
Шынықтыру сабақтары,серуендету шараларының бәрі де баланың шынығып
шымыр болуына игі ықпалын тигізеді.Тәрбиешілер ата-аналармен тығыз
байланыста болса,топтық ата-аналар жиналыстарында дене шынықтыру
гигиеналық шараларды қалай орындау керектігі жөнінде кеңес беріп отырған
жөн болады.Сонымен қатар балабақша медбикесі балалар денесін шынықтыру
және әр-түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын өткізіп бақылайды
Денсаулықты нығайту мақсатындағы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Денсаулықтың көп жасаудың бір кепілі-қимылды әрекет,ұдайы
Шынығу,еңбек ету екені ғылымда дәлелдеген.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718