“Алтын күз” ертеңгілік

Жүргізуші: Қайырлы күн  ұстаздар,ата аналар , бүлдіршіндер!Бүгінгі «Еркетай» тобының дайындаған  «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

Біздің топқа күз ханшайымдары қонаққа келген екен.

Күз ханшайымдары сіздердің қолдарыңыздағы не ол?айтасыздарма?

(Балалар жапырақ екенін айтады)Өте керемет сендер жапырақтарды қайдан жинап алдыңдар?

(Балабақшаның ауласында түсіп қалған екен.)Дұрыс айтасыңдар.Өйткені күзде жапырақтардың барлығы сарғайып жерге түсіп қалады екен.Ханшайымдар сендерден басқа «Алтын күзді» тойлауға  тағы бирдеңе жетіспейді.Ол не?

(Жемістер)Жарайсыңдар.Олай болса әдемі әуенмен жемістерімізді ортаға шақырайық.

(Ортаға жемістер билеп келеді.)

 

Жүргізуші: Ал балалар енді ертеңгілігімізді жалғастырсақ болады.

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Ән:  «Күз жомарт»

Жүргізуші:          Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды,-дей келе ортаға жемістермізді,көкөністерімізді шақырайық.

Саңырауқұлақ:     Саңырауқұлақ,саңырауқұлақ

Ислам             Басымда қалпағым бар

Ормандағы жәндіктерге

Жауынжауса пана болам.

 

Сәбіз:                     Кім бар сәбіз шырынын

Аян                       Жастайынан ишпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

 

Бидай:                   Егін елді жинайды

Абдунур              Қырманға деп қоймайды

Алтын астық айнала

Далама менің сыймайды.

 

Құлпынай:         Жапырақты тасалап,

Мейірбек             Өскен жері бақша бақ

Күрең қызыл шіркін ай

Оның аты –құлпынай.

 

 

Өрік:                    Уылжыған өрікпін,

Саркен                 Мен бау-баққа көрікпін

Бал татыған дәмім бар.

Көктемде ертеи гүлдеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.

 

Өрік:                   Мен өрікпін, өрікпін

Миржан             Табиғатқа көрікпін.

 

Апельсин:          Бал үйірер бабымен

Арсен               Жеп қоясын әп-сәтте

Білсеңіздер бүгінде

Апельсинмін тәп тәтті

Жүргізуші: Би: «Қолшатыр»

Ән:

Толғанай:        Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

 

Мырзаәлі: Көркемсөз.    Күз бояуы

Сипап өткен самалға,

Тербеледі сары алма.

Шолып едім бақшаны,

Қауын біткен сап-сары.

 

Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген,

Тоғайды да көрдім мен.

 

Таза жездей жайнаған,

Сары бояу айналам.

Енді сары бояумен,

Күз суретін салам мен.

 

 

 

Жүргізуші: Келесі кезекте балаларымыздың дайындаған қолөнерлерін тамашалайық. 

         Жұмбақтар  жасыру.               

Жүргізуші:  Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айналып

Осымен,Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *