Төрт түліктің пайдасы
Оқыту орыс тілінде жүретін қазақ тілі пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Сабақ жоспары жаңартылған бағдарлама негізінде құрастырылды.
Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіруіне жағғдай жасап, психологиялық ахуал туғызу үшін сабақтың басында шеңберге тұруына, бір-бірінің қасиеттерін айтып бөлісуіне «Комплимент айту» стратегиясы, сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлері қолданылды.
«Артық сөз» ойыны арқылы жаңа тақырыпқа шығады. Оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгендігін “Миға шабуыл”, «Полиглот», «Үшеуі дұрыс, біреуі бұрыс», «Дара диаграмма» әдістері арқылы анықтайды. Сурет арқылы тірек сөздерді пайдалана отырып, өз көзқарастарын білдіруде мен оқушының өз көзқарасын қаншалықты жеткізе алатынын білуіне қолданады.
Саралауда оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, тест, А3, А4 форматтарында берілген тапсырмаларды, «АКТ» тәсілдерін қолданады.
“Бас бармақ “, «бағдаршам» әдістері мен Бағалау парағы.
Оқушылардың бас бармақтары мен бағдаршамдағы түстерін көрсету арқылы мен түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексереді. Және сабақтың соңында бағалау парағындағы қанша ұпай жинағандары бойынша әр оқушының сабақта қандай деңгейде екенін көреді. (жоғары деңгейде, орта деңгейде, төмен деңгейде).
Кері байланысты “Смайликтер», «Жетістік ағашы» тәсілдерін қолданады, бұл тәсіл арқылы сабақтың оқу мақсаты қаншалықты орындалғанын біледі.
Сабақта саралау жұмыстары дұрыс жүргізілгендіктен, барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізе алады.
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланады.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Төрт түлік мал мен егіншілік – елдің берекесі. | Мектеп: «Ақсу қаласының № 4 ОМ» КММ
Павлодар облысы |
|||||||
Күні: 21.02.2018
САБАҚ: 117 |
Мұғалімнің аты-жөні: Бекенова Таттыгуль Кундызбековна | |||||||
Сынып: 7 «В» | Қатысқан оқушылар саны: 10 | Қатыспағандар: 0 | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Төрт түліктің пайдасы | |||||||
Оқу мақсаттары | Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
А6.Суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау |
|||||||
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген тапсырмаларды орындайды.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана біледі. |
|||||||
Бағалау критерийлері | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Мәтінге байланысты жаңа сөздер, сөз тіркестері: балқаймақ, өсімтал, жамылғы көрпелер, иленген терісі, асыраушысы, ұшқалақ, жалынан. | |||||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, тест, слайдтар, ноутбук | |||||||
Құндылықтарға баулу | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы:
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут
1 минут
4 минут
1 минут
2 минут |
Топқа бөлемін. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
«А4» форматында карточка арқылы үй жұмысын тексеру. Жұптық жұмыс. Бір-бірін тексереді. «Артық сөз» ойыны арқылы жаңа тақырыпқа шығады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы төрт түлік малдар мен оның төлдері туралы А4 форматта берілген жұлдызшаны толтырады. |
«Шаттық шеңбері»
(әр оқушы бүгінгі күнге жақсы тілек тілейді). Комплимент айту стратегиясы. Шеңберге тұрып, бір-бірінің қасиеттерін айтып бөліседі. (Алина ақылды, Эвелина әдемі, Никита байсалды…).
Кәмпиттер арқылы топтарға бөлу.
Бағалау парағы
А4 форматы
А4 форматы |
||||||
Сабақтың ортасы
Қолдану 8 минут
Тілдік бағдар. 3 минут
2 минут
Талдау 3 минут
Жинақтау 3 минут
Қорытындылау 7 минут |
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. «Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сурет бойынша постер құрастырады. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (3 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, қорғайды). 1-топ төрт түліктен алынатын тағамдарды жазады. 2-топ төрт түліктің шаруашылыққа тигізетін пайдасы туралы жазады. 3-топ төрт түлікті пайдалану арқылы жасалатын бұйымдарды жазады. «Дара диаграмма» әдісі. Етістіктің шақтары бойынша тапсырма
Сергіту сәті:
Қазіргі заман талабы – үш тілді білу. «Полиглот» ойыны
Логикалық тапсырма. «Үшеуі дұрыс, біреуі бұрыс» әдісі. Тест тапсырмасы |
А3 форматы, суреттер, түрлі түсті маркерлер
А4 форматы Қалыптастырушы бағалау: “Бас бармақ” әдісі арқылы
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
әр оқушыға жеке ноутбук |
||||||
Сабақтың соңы
2 минут
«Көңіл-күй» бас бармақ арқылы бағалау 1 минут
Үйге тапсырма Бағалау парағын қорытындылау. 1 минут |
Рефлексия
«Жетістік алма ағашы» пайдаланып төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер. 1. Бүгін не үйрендіңдер? 2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? 3. Сабақ оқу мақсатына қалай жетті? Бүгінгі сабақта алған білімдерін «Жетістік ағашы» және қанша ұпай жинағандары бойынша «Смайликтер» стратегияларын қолдандым. Бүгінгі оқушылардың сабақтың басында және соңында көңіл – күйлерін бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
«Төрт түлік малдың пайдасы» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру. Сөздік жаттау.
|
|
||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||
«Артық сөз» ойыны арқылы жаңа тақырыпқа шықтым. Оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгендігін “Миға шабуыл”, «Полиглот», «Үшеуі дұрыс, біреуі бұрыс», «Дара диаграмма» әдістері арқылы анықтап алдым. Сурет арқылы тірек сөздерді пайдалана отырып, өз көзқарастарын білдіруде мен оқушының өз көзқарасын қаншалықты жеткізе алатынын білу үшін қолдандым.
Саралауда оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, тест, А3, А4 форматтарында берілген тапсырмаларды, «АКТ» тәсілдерін қолдандым. |
“Бас бармақ “, «бағдаршам» әдістері мен Бағалау парағы.
Оқушылардың бас бармақтары мен бағдаршамдағы түстерін көрсету арқылы мен түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексердім. Және сабақтың соңында бағалау парағындағы қанша ұпай жинағандары бойынша әр оқушының сабақта қандай деңгейде екенін көрдім (жоғары деңгейде, орта деңгейде, төмен деңгейде). Кері байланысты “Смайликтер», «Жетістік ағашы» тәсілдерін қолдандым, бұл тәсіл арқылы сабақтың оқу мақсаты қаншалықты орындалғанын білдім. |
Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіруіне жағғдай жасап, психологиялық ахуал туғызу үшін сабақтың басында шеңберге тұруына, бір-бірінің қасиеттерін айтып бөлісуіне «Комплимент айту» стратегиясы қолдандым.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдандым. |
||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарымен үйлесімді, шынайы, қолжетімді болды. Сабақта саралау жұмыстары дұрыс жүргізілгендіктен, барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізе алды. Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады, сол себептен сабақ оқу мақсатына жетті. |