“Менің балабақшам” технологиялық картасы
Ортаңғы «Ақ ерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 25.09.2017
Тәрбиеші: Казбекова Б.Е
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән: «Қоршаған орта»
Өтпелі тақырып: «Менің балабақшам»
Тақырыбы: «Менің балабақшам».
Мақсаты:Баланың өзі және өзінің топтағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту. Ересектерге көмектесуге ынталандыру.
1.Тәрбиелік-Тәрбиешінің үлгісі бойынша әңгіме құрастыру; сурет бойынша сұраттарға жауап бере алу.
2.Дамытушылық – Балалардың бір-біріне деген қамқорлығын арттыру.
3.Оқыту-сұрақ-жауап, әңгімелеу
Педагогикалық технологиялар:ойын түрінде
Ресурстармен қамтамасыз ету: Әр балаға арналған ммазмұнды суреттер, жеке жұмыс жасау.
Билингвалдық компонент: Балабақша-детский сад, тәрбиеші-воспитатель.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтып, өлең мазмұнына қарай қимыл-әрекет орындайды.
2.Негізгі бөлімі: Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім, балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді.
– Балалар балабақша дегеніміз не? -Екінші үйіміз
– Балабақшада біз не істейміз? -Ойнаймыз, оқимыз
– Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?- Иә
– Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды? -Апайлар
– Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?
– Қане, олар кімдер және не істейді екен?-апай, аспазшы, дәрігер, т.б.
Жүректен жүрекке шеңбері. Алдын ала берілген өлеңді жатқа айту.
Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығармыз.
Бізді жақтап отырған,
Сендерге де мың алғыс!
Балабақша туралы әңгімелеу.
Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы – біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!
Сау болыңыз!
3.Қорытынды:Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері жайлы әңгімелеп айтады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718