Көңілді адамдар

Түгелбаева С.М.

Мақсаты:     Қабілеттің дамуы, ақыл-ойдың дамуы, тақырыпты

оқып, оның мағынасын айтып беру.

Материалдар:

Суреттер, жұмбақтар жаунарлардың суретеріне сайланады. Геометриялық фигуралар, үлкен және кіші дөңгелектер, төртбұрыш пен үшбұрыштар – әрбір фигура қызыл, көк және сары түсті. Көңілді адамдар схемасы, гарфикалық үлгілер мен баланың көңілін білдіруші түрлі-түсті карточкалар.

           

Сабақтың барысы: Психолог балаларды арманға саяхатқа шақырады.

Жүргізуші: Бүгін біз түрлі тапсырыстар орындай отырып, қиялымызда орманға саяхат жасаймыз.

 

«Даусымнан тану жаттығуы»

Жүргізуші:  Орманда адасып қалмауымыз үшін, сендердің бір-бірлеріңнің дауыстарыңды қаншалықты білетіндеріңді тексерейік.

Балалар айналып тұрады, басқарушылар артынан қарап тұрады. Бәрі әндетіп: «Айдана біз ормандамыз, саған «АУ» деп айғайлаймыз. Көзіңді жақсылап жауып, сені кім шақырғанын тап». Ойыншылардың біреуі басқарушылардың атын айтып шақырады, басқарушы оның атын тауып айтады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

«Досыңды тап» жаттығуы.

Жүргізуші: Енді орманда адаспау үшін, сыртқы көріністеріңді қалай танитындарыңды көрейік.

Екі оқушы бір-біріне арқасымен тұрады. Психолог оларға сыртқы көріністеріне байданысты бір-бірлеп сұрақ қоя бастайды.

Санжардың көздері көк пе немесе қой көз бе?

Әйгерім етікте ме немесе красовкада ма?

Санжарда жасыл көйлек пе немесе көк көйлек пе?

 

«Бақылаушы және командир» жаттығу

Жүргізуші: Жолда адаспауларың үшін алдында бақылаушы жүреді (парталардың, орындықтардың арасымен). Ал командир жолды ойында сақтап қалып, басқа балаларды сол жолмен жүргізеді.

Ал, біз енді ормандамыз. Бізді орман жануарлары қарсы алады.

Психолог балалардың алдына жануарлардың суреттерін береді.

«Тығылмаш » жаттығуы

Жүргізуші:

Жануарлар өте абайлағыш, сол себебті олар адамдарды көріп тығылады. Психолог балалардың көзінше аңдарды геометриялық фигуралардың артына тығады.

 

Жұмбақтар.

Жүргізуші: Аңдар туралы жұмбақ шешсек, сонда ғана аңдар бізге көрінетін болады.

 

Кім суық қыста,         Кім өзінің үстінде

Аш және ашулы жүреді? (қасқыр)   Орманды алып жүреді? (бұғы)

 

Қарағайда ін   Қыста ақ

Іннің іші жылы           Жазда сұр? (қоян)

Сол жылы інде

Кім тұрады? (тиын)

 

Мен тікенектімен,

Мені ұстай алмайсың

Мен кім кіммін? (кірпі)

Қорытынды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *