«Екі әтеш» ертегі.   

Білім беру салалары:   «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:   Драма.

Тақырыбы:    «Екі әтеш» ертегі.   

Мақсаты:   Ертегіні тыңдай білу;  Өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу; Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  ертегі мазмұнына сәйкес суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптері, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.

Оқу іс-ә/ң кезеңдері                       Тәрбиешінің  іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
 

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері:

Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемінің

Нұрына шомылдым.

Жұлдыз-айы көркем,

Әдемі еді неткен.

Құстары сөйлейді,

Бұлттары тербейді,

Мен оянып кеттім,әттең…

Ертегілер,ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер?

Әлеміңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер сендер.

Гүл тердім бақтардан.

Әр гүлде бір арман.

Таусылмайтын тәтті

Сый әкеліп жатты

Жан біткеннің бәрі маған.

 

Үнтаспадан

«Ертегілер» әнін

тыңдата отырып,

қимылдар жасату.

 

 

 

 

 

 

Балалар шеңбер

бойына тұрып,әнді

қимыл арқылы

жасап көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

 

Кіріспе әңгіме:

-Балалар,  өлең ұнады ма?

-Өлең не туралы?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

-Бүгін біз «Екі әтеш» ертегісімен танысамыз.

«Екі әтеш» ертегісін мәнерлеп оқу.

Сұрақ-жауап

-Ертегі қалай аталады?

-Әтеш қандай құсқа жатады?

-Ертегі не жайлы?

-Екі әтеш нені қызғанды?

-Не үшін төбелесті?

Сергіту сәті

Қораз,қораз,қоңқылдақ,

Ерте тұрып қоңқылдап,

Алтын айдар басында,

Ән салар үй қасында.

Дәптермен жұмыс:

1.Жұмбақ шешу.

2.Сурет бойынша әңгімелеу.

 

Балалардың жауаптары.

 

 Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою) Оқу іс-әрекетін «Үй құстарын ата»ойынымен  аяқтау. Ойын арқылы пысықтайды.

 

Балалар жасаған жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:  ертегінің мазмұнын.

Қандай түсініктерді игереді:  жақсы қасиеттерді меңгереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:   әтештердің жағымсыз қылықтарын түсінеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *