Балабақшада және отбасында еңбек әрекеті арқылы адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу

Молдакулова Молдир

Еңбек тәрбиесіне байланысты А.Мишарина өзінің ғылыми зерттеуінде «Еңбек баланың адамгершілік дағдыларын дамытумен катар, нерв жүйесінің икемділігін арттырып қарапайым еңбек түрлерінің машық дағдыларын меңгертуі»- деген болатын. Балалар бақшасындагы еңбек тәрбиесі – тәрбиешінің ең маңызды құралы. Еңбек тәрбиесі арқылы баланың әдет-дағдысы және ынталығы, байқампаздығы айналаны қоршаған өмірге қызығушылығы дамиды, адамгершілік қасиеттерімен бірге іскерлік, еңбекке мәдениеттілік қасиеттері қалыптасады. Мектепке дейінгі педагогика балаларды еңбекке тәрбиелеудің мынандай негізгі міндеттерін бөліп көрсетеді. • Ересектердің еңбегімен таныстыру және оған кұрметтпен карауға тәрбиелеу. • Қарапайым еңбек іскерлігімен дағдыларын үйрету. • Еңбекке ықыласшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және дербестікке тәрбиелеу. • Еңбекті коғамдык бағыттау, ұжымды және ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.

Баланы мектепке дайындауда, еңбек өте маңызды әдістің бірі болып табылады. Кішкентайынан, еңбек етуге үйренген бала, мектептеде өзінің ұқыптылығымен, ұйымшылдығымен, өзіне-өзі кызмет ете білуімен ерекшелінеді.

Жақсы ұйымдастырылған еңбектен ғана бала еңбек етудің қуанышын сезеді —деп А.С.Макаренко айтқан. Сондықтан да балалрдың еңбек тәрбиесін ұйымдастыру барысында, біз алжапқыштар тіккіздік. Шаруашылык-тұрмыстық және асхана кезекшілігіне арналған. Қуыршақ киімдерін жуатын тазикттер және тағы баска еңбекке кажетті кұралдар алдық. Осы еңбекке кажетті құралдарды, ыңғайлы бір бұрышқа орналастырдық. Оны біз еңбек бұрышы деп атадық. Балалармен еңбек тәрбиесінде жұмыс істеу барысында, мен мынандай тоқтамға келдім.

Балаларды еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуді балабақшадан бастап көңіл бөлген дұрыс. Еңбек дағдысын үйрету барысында мен балалардың бойында шамасы келетін нәрсенің бәрін өз бетінше дербес орындау ынтасын қалыптастырып, кажет болғанда дереу барып көмектесіп отырдым. Істеген істерін мадақтап, ақыл кеңестер беру арқылы балалардың бойында еңбекке деген қызығушылыктарын арттырып отырдым. Бала еңбегінің үйде қалай

ұйымдастырылатыны туралы әр тәрбиеші жақсы білу керек. Сондықтанда үнемі ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, бірігіп жұмыс істеуде ғана, балаларды еңбекке тәрбиелеуде жақсы нәтижеге жетеміз. Таңертеңгілік бала бақшаға келгенде, кешкісін қайтқанда балалардың өздері киініп-шешінуге мүмкіндік берулерін, ата-аналарға үнемі ескертіп отырамын. Осы уақыт аралығында ата-аналар бұрышындағы жаңа материалдармен танысуларын сұраймын. Анасы үй жинағанда қыз баланың шамасы келетін жұмыстарға көмектесуі, жиһаздардың, бөлме гүлдерінің шаңын сүрту, ыдыс- аяқтарды жинау, жуу, еден сыпыру, ал әкелері аула тазалағанда немесе тағы басқа іс-әрекеттерді жас шамасына қарай атқаруға ақыл кеңестер беремін. Ал, егер бала тапсырған жұмысты дұрыс жасай алмай жатса, оны дұрыстауды баланың көзінше жасамауын өтінемін.

Мен бәрінен бұрын, мақсатты түрде балаларды карапайым еңбек процесімен таныстырамын. Мен үшін ең маңыздысы: 1. Заттарды кұру, қарапайым еңбек процесін баланың біртұтастай қабылдай алуын қамтамасыз ету (еңбек мақсаты және себебі, еңбек құралы, еңбек нәтижесі және қимыл-іс әрекеті). 2. Нақты еңбек процесінде еңбек нәтижесінің бет алысын бағыттап, көруіне көмектесу. 3. Заттарға ойыншықтарға ұқыптылықпен қарауға, яғни үлкендердің еңбегінің нәтижесі ретінде қарауға, осы заттарды жасаушы ретінде жақын адамдарға деген мейірімділік сезімін тәрбиелеу. 4. Балаларды ойыннан алған әсерін бейнелей алуына ықпал ету. Сондай-ак үйде баланың күн тәртібін орындауда, ойыншықтарды орнына жинау, сынғандарын жөндеу, аулада және үйде өсетін бөлме өсімдіктерін баптап-күтуге баланы қатыстыру, оған үлкен қуаныш сыйлайды. Ата-ана тарапынан баланың істеген жұмыстарын мадақтап, алғыс айтып дұрыс орындауды үйретіп отыру, баланы еңбекқорлыкка, ұқыптылықка, тәртіптілікке үйретеді. Мұның өзі баланың өзіне көрсетілген сезімнің жемісі. Осындай тәлім-тәрбие көрген бала ерекше мақтанышпен үлкендердің еңбегіне қарап, оны кұрмет тұтатын болады. Бұл әдетті баланың сәбилік шағынан бойына сіңіріп отырған абзал. Еңбек үстінде пайда болатын қуаныш, кұрмет сезімдері оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Баланың істеген жұмысын тәрбиешінің ата-ананың ұнатып, алғыс айтып көтермелеп отыруы болашакта да еңбекке деген ынтасын арттырып, ұкыптылыкка, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Тәрбиешінің ата-ананың тарапынан мұндай кұрмет көріп, ілтипат естіген бала өзгенің де еңбегін бағалай білуді үйренеді, еңбектің бағасын білетін болады. Еңбек әрекетіне жас кезінен араласу баланың адамгершілік тәрбиесінің негізін қалайды. Балалар бакшасындағы балалар еңбегі алуан түрлі. Бұл олардың қызметкке ынтасын сақтауға, оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: • Өзіне- өзі қызмет көрсету. • Шаруашылық- тұрмыстық еңбек.

• Табиғаттагы еңбек. • Қол еңбегі.

Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік кажеттілігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді. Мен үш жастағы балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде үнемі-бағыт бағдар беріп, әрбір баламен жеке-дара жұмыс жүргіздім. Олармен алуан түрлі байланыс жасап, көтеріңкі көңіл-күйлерін қолдап отырдым. Мысалы: жуыну, сүртіну кезінде су, орамал, сабын туралы тақпақттарды қолдандым. Киіну-шешіну кезінде киімдері ыңгайлы болу үшін ата-аналардан, сырт киіміне ілгіштер тігуін сұрадым. Баланың киімінің ыңғайлы, жайлы аяқ киім болуына көңіл бөліп отырдым. Мектепке дейінгі сәбилік шақта мен балаларға қарапайым шаруашылық-тұрмыстық дағдыларды, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу дағдыларын үйретіп, меңгертіп отырдым. Кезекшілік кезінде біртіндеп ретімен қоюды көрсетіп отырдым. Мысалы: 1-ші қол жуу, алжапқыш тарту, бакалды қою, одан кейін тарелка сонан кейін қасық қою. Бастаған жұмыстарын тиянақты, ұқыпты істеуге үйреттім.

Мен тәрбиеші ретінде алдыма бірнеше міндет қойдым. 1. Балаларға қарапайым кішігірім процестерді игеруге көмектесемін. (шұлықты киюге, немесе шешуге, колкоткиді кию, түймелерді салу, жуыну т.б) яғни осыдан біртұтастық процесс кұрылады. 2. Тамақ ішу кезінде үстел үстінде гигиеналық тәртіп ережесін сақтау. 3. Аяқ киім және киім-кешек туралы анық түсініктеме беріп, олардың негізгі мақсаты қолдану тәсілдері балалардың өзіне қызмет жасау кезінде, заттарды қолдану ережелерін қалыптастыру, яғни (сабын, орамал, су құбыры краны дәретхана бөлмесінің құрал-жабдықтары, асхана құралдары) 4. Сырткы таза келбетімен, өз-өзіне өзіндік қызмет ете алуынан таза және әдемі киімдерден алған куаныш әсерін дамыту және қалыптастыру. 5. Қатарластарымен бірігіп еңбек ету кезінде қолдау көрсету. Көңіл күйін бауырмашылдығын, көмекті қабылдай білу және көмектесу сияқты жалпы қабылдаған тәсілдерді қолдана білу (мойын орағышты арттан байлау, шубаны иықтан түсіріп шешуге, етікті шешу т.б) «Біз еңбек етуден қорықпаймыз» атты балабақшада өткен ашық есік күні, балалар қызығушылықпен стол жасап, гүлдерді суарып, балыққа жем берді. Күннің екінші жартысында «Әжемнің бақшасы» атты жарты топпен сабақ жүргізіп пияз отырғыздық. Осындай әрекеттер балалардың еңбекке деген дұрыс көз қарастарын қалыптастырды.

Мысалы: Ділназ, Аружан, Алихан, Амина және т.б балалар кезекшілік ережелерін біліп қана қойиай, өте ұқыпты атқарды және басқаларға көмектеседі.

Мен балаларды өз әреккеттерін үйлестіре білуге, не істеу керек екенін анықтауға, жолдасының іс-әрекетін ескере отырып, жұмыста кім және қайсы бөлігін орындайтынын келісіп бақылап отырдым. Өзіне-өзі қызмет көрсету және табиғат аясында еңбек етіп қана қоймай, далада серуен кезінде де балалар еңбегін ұйымдастырдым. Мысылы: бөгде заттардан алаңды тазарту, қар жинау, жол салу және т.б.

Сабақ кезінде, ойын үстінде балаларды еңбектің түрлерімен таныстырып, мақал- мәтел, өлең тақпақтар үйретіп отырдым. Мысалы: «Еңбек еткен мұратқа жетеді», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» т.б. мақал- мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, жастайынан еңбекке оң көзқарастарын қалыптастырып, үлкендер еңбегін құрметпен бағалай білуге тәрбиелеп отырдым. Сюжетті-рольді ойындар ұйымдастырып, әр еңбекке деген қызығушылықтарын арттырып, кұрметтеуге баулыдым. Балалардың еңбекке деген дұрыс көз қарастарын білу мақсатында ата-аналарға «Сіз және сіздің балаңыз атты сауалнамалар өткіздім». Сауалнамаларға берген жауаптарға қарап мен мынандай қорытынды жасадым. Неғұрлым ұйымшыл, ұқыпты отбасының балаларының еңбекке деген қызығушылығы басым нық. «Бала өмірді танып, еңбекке араласады» деген диагностикалық қорытындысында балалардың 60 / пайызы жақсы көрсеткішке жетті. Өзіне-өзі қызмет етуде 85 / пайызы жақсы нәтижеге жетті. Еңбек жүйелі сипатта болса және оған барлық балалар қатысса, тәрбие құралына айналады. Әрбір баланың әр түрлі тапсырмаларды мейлінше жиі орындап тұруын, кезекші болуын, ұжымдық жұмысқа қатысуын қадағалап отыру керек. Сондықтан жастан-жасқа өткен сайын тәрбиелік міндеттерді бірте-бірте қиындатып, балаларды еңбекке тәрбиелеу жұмысын талдап, баға беріп отыру қажет.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *