Ойын арқылы балалардың ойын дамыту

Ибраева Индира

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» В.А Сухомлинский. Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие, сапасын жақсарту қажет. Баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану – баланы жан− жақты терең ашуға, оған бағыт бағдар беріп жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгеріп отырып олардың ой− өрісін, білім дағдысы деңгейін,кеңейту, сана сезімін, таным қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет. Осындай мақсатта қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі- ақпараттану болғандықтан, бүгінгі адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтижесі компьютердің де маңызы зор. Оқу іс-әрекеттерінде интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызықты өткізуге тырысамын. Инновациялық технологиялардың ерекшелігі – білімді жатқа меңгерту емес, балалардың өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығында. Ол есту, көру қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша дамытуға бағытталады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту арқылы балаларды мынадай жетістіктерге қол жеткіздім. Әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды, әр баланың жеке қабілеті анықталды; бір−бірімен бәсекеге түсе алады, өзін – өзі бағалай алады, қорытынды жасай алады. Білім саласындағы өзгерістерді нәтижелі шешу үшін, оқыту үрдісінде инновациялық технологияларын, соның ішінде шет елдік тәжірибелерді, З. А Михайлова, Мария Монтессори мектебінің элементтерін біз пайдаланып келеміз. Себебі, осы авторлардың педагогикасының негізі әдіс тәсілі дамытушы ортадағы балалардың еркін іс-қимылы, ойыны мен

қызығушылығын дамытады. Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды; өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып, бала одан әрі нәтижелі дамиды. Бала ұқыптылыққа үйренеді, өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді, тез әрі тереңнен ойлау қабілетін дамытады. Еліміздің өсіп –өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім мен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде, таңдаған өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу білім беру ұйымдарына жүктеледі. “Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады ”деп ұлы Абай айтқандай, Елбасы Жолдауында да “білім беру жүйесінің басты міндеті- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”- деп ерекше атап көрсетілген. Біздің болашаққа барар жолымыз Қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып

тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, демалдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» − деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген ынтасы, қарым− қатынасы, мінез- құлық көріністері − олар өсіп есейгенде де жалғаса беретіні сөзсіз. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны, ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрлері: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,қоршаған ортамен таныстыру,экология негіздері, құрастыру арқылы жүзеге асады. Ойын есептерін балалармен бірлесе отырып, әрқилы әрекеттер арқылы шешуге тырысамын. Қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі-ақпараттану болғандықтан, осы ойындар арқылы түрлі құбылыстарға тап болып, сырын білуге талпынамын. Қай кезде де балаларды өзімнің дегеніме, ықпалыма көндіруге тырыспаймын.Ойындық таным есептерін көрнекіліктер мен түрлі құралдарды қолдана отырып, бірге шешеміз. «Таным» оқу іс− әрекетінде қарапайым математикалық ұғымдарды дамыта меңгертуді, жетілдіруді өз мақсатым деп білемін. Мысалы «Не артық», «Лабиринт», «Көршісін тап», «Кім шапшаң?» сияқты ойындар арқылы есту, байқағыштық, зейінін жетілідіріп, тапқырлық мақсатын көздедім. Өзім еңбек ете жүріп көңіліме түйгенім – баланың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстармен қатар математикалық ұғымдарды оларды терең меңгеруіне, ойлауына мүмкіндік беру бүгінгі өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің ертеңгі болашағын айқындауда, тәрбиешілердің өз ісінің жеткілікті нәтижесін бағамдауы тиімді екені сөзсіз. Ересектер тобында ойындар мазмұны күрделене түседі. «Дәріхана», «Супермаркет», «Шаштараз», «Пошта», «Асхана» т.б ойындар арқылы жүргізілген жұмыстар баланың танымын, түсінігін жан − жақты байыта түседі.Түрлі жаттығулар арқылы балалардың зейінін ашу. «Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылып, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап,

толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады. Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. Сонымен, бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді. Түрлі тәсілдер арқылы бала зейінін арттыру балабақшадағы, мектептегі барша тәрбиеші- мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет. Зейінді дамытуға араналған жаттығудың мақсаты: баланың қызығушылығын қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, лидерлік қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де бала туралы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Психологтардың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде, еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Дидактикалық ойын – балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Оның нәтижесі – балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Әрбір сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға, түрлендіріп ұйымдастыруға тырысуымыз қажет. Сөздік-қимылды ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, тақпақтар, ертегілер және суретті кітапшалар қолдану балалардың қиялын шарықтатып, дамытады. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында “Ғажайып қоржын”, “Кім не істеді?”, “Дыбысына қарап таны”, “Төлдерін ата”, т.б. ойын түрлерін пайдалану арқылы балалардың сөздік қоры молайып, есте сақтау қабілеті дамитынын байқаймыз. Математика сабақтарында қолданған “Кім тапқыр?”, “Сиқырлы сандық”, “Қай сан жоқ?”, “Тез жина”, “Қай пішін жоқ?” сияқты ойындар барысында қызығушылығы туып, белсенділігі артатынын және логикалық ойлау қабілеті дамитынын аңғарамыз. Ал айналамен танысу сабақтарында қолданған “Қай мезгіл?”, “Жеміс жинау”, “Не қайда өседі?”, “Жапырағынан таны”, “Кім жылдам?”, т.с.с. ойындардың тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады және табиғатты аялауға, қорғай білуге үйренеді. Дидактикалық ойындар балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, үлкендерді қадірлеуге, құрметтеуге баулиды. Балалар алған

білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуге жаттығады. Ойын барысында балаларды анық, асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді, сөйлемді дұрыс түсініп қабылдай білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды. Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Сюжетті-рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, “Дүкен” ойнағанда балалар сатушы мен тұтынушының, “Кітапханада” кітапханашы мен оқырман, “Отбасыда” әке мен бала немесе ана мен бала, “Емхана” ойынында дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін – “Емхана” ойыны. Ол үшін емделуші мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Дәрігер міндетті түрде ақ халатта болуы керек және тәрбиешінің өзі болғаны абзал. Келесіде дәрігер мен науқастың рөлдерін ауыстыруға да болады. Оған заттар дайындалады: дәке, мақта, дәрілер, т.б. Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті, бала тәрбиешілердің көз алдында болса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде дүкендерден “Емхана” ойынына арналған көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте қолайлы. Балаларға “103” жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отыру керек. Қуыршақтың іші ауырған болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, т.б. Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді. Мысалы: олар енді ұзақ уақыт ауруханада жатады. Кей жағдайларда мүгедек болып қалу қаупі де бар деп түсіндіре кеткен жөн. Осы ойынды ойнау барысында балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдері оянады. Міне, осындай және басқа да сюжетті-рөлді ойындар барысында балалардың танымдық қабілеті қалыптасады, балалар өзін-өзі танып, ойы шыңдалады, қоғамдық тәжірибені меңгереді, ұжымдық қарым-қатынасқа үйренеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар…». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді». Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім». Дидактикалық ойын – оқушы қызығушылығына негізделген оқыту

тәсілдерінің бірі. Дидактикалық ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім. -Дидактикалық ойындарды оқыту әдісі ретінде қолданған кезде, сабақтарда қызығушылық элементтерін қолдану жолдарын көрсету. – Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқан кезде, дидактикалық ойыншықтар мен материалдарға көбірек көңіл бөлу арқылы балалар белсенділігін арттыру. Нәрестелерге ойындардың мәнділігін, оларды өткізудің әдістерін ойластыра отырып балаларға әсер ете білу, дидактикалық тапсырмаларға барлық балаларды қамтуға тырысу, ойын-сабақтар арқылы тиімді білім беріп, «қабылдау, ойлану, сөйлеу» психикалық процестерін жетілдіру, баланың ойлау және қиялдау қасиеттерін дамыту. Білім беру процесін ұйымдастыруда пайдаланылатын әдістемелік тәсілдердің бірі «ойын», және «жаттығу». Бұл әдістемелік тәсіл ашық алаңда өткізіліп, балалардың емін-еркін әрекет етіп, топта жақсы көңіл күй туғызатын, жаңадан өтіп жатқан материалдар бойынша игерген түсініктері мен

іскерліктерін бекітуге арналған әдіс. Ойын әрекеттері мен жаттығулар жүргізу арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалардың ойын әрекеті қашан да олардың арасында белгілі бір өзара қарым-қатынастың пайда болуы және дамуымен байланысты. Ойында әр баланың ұстанымы белсенді болады: ол өзі ойнағысы келгенде және ойынға қызыққанда ойнайды, ойнауға керек жолдасты белсене іздейді, олармен белгілі қарым-қатынаста болады. Балалар ойынды өздері ойлап табады, ұйымдастырады, өздері ойнайтын топ құрады, олардың құрамын да өздері өзгертеді. Балалар ұжымдық ойнау кезінде топтасады, сөйтіп олардың арасында жолдастық қатынастар қалыптасады. Мұндай ойындар мен жаттығулар, қызығы да құпиясы мол танымдық ойын тапсырмалар арқылы балалардың танымдық қызығушылықтары артады, ізденгіштікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ұшқыр ойлай білуге, табандылыққа үйретеді, құрбыларымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгертеді.Сондай-ақ ой-өрісті кеңейтіп, балалардың зерделі тынығуларына мүмкіндік береді. Жалпы педагогикалық процесте ойын, оқу-тәрбие жұмыстарының құрамы ретінде кең пайдаланылады. Ойын баланың дүниетанымын кеңейтумен қоса, мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпалын тигізетін жетекші құрал. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Өйткені алдымен ненің болсын бастар қайнар көзі болатын белгілі. Демек, ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылатын оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал. Сонымен бірге, ойын балалардың психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді. Ойын –бір жағынан баланы бірден қуаышқа бөлесе, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған. Өйткені ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік сезім, қасиеттер мен дағдылар, икем қалыптасады. Сонымен бала өмірінен маңызды орын алатын оқытудың бір түрі-ойын, жаттығулар екені анық. Олай болса «оқыта отырып ойнайық, ойната отырып оқытайық» деген пікірді ұстана отырып, балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп

есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақта , қысқа да болуы мүмкін. Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз. Мен өз тәжірибемде оқу іс әрекетерді ойын түрінде өткізгенді жөн көрем. Себебі, ойын арқылы бала материалды тез ұғынады.Балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған ойындар топтамасын ұсынып отырамын. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсерді ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді.

Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады : а) ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді. ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. в) эстетикалы қ тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады. г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі-ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Тұжырым: Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады . Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді, дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *