Ботақан мен бұзау

Ахатаева Марина

Мақсаты: Өлең жлдарын есте сақтап , жатқа айтуды үйрету; үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктері: үй жануарларының суреттері, сүт, ірімшік ,құрт

Сөздік жұмыс: Титтей, шүйіреді.

Билингвалды компонент: бота-верблюжонок, бұзау-теленок.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң құрметті қонақтар,

Қайырлы таң құрметті достар,

Жайлана тұр шеңберге айнала

Қасымызда досымыз,

Бақыттымыз осы біз.

Жалықпастан қайталап ,

Жылы сөздер айтамыз

Армысың алтын күн!

Армысың жер ана!

Сәлем бердік баршаға!

Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Қане атап өтейік.

-4-мезгіл болады.

-Қазір қай мезгіл?

-Күз мезгілінд қандай ерекшеліктер болады?

Е.Өтетілеуұлының «Ботақан мен бұзау» өлеңін оқиды.

Ботақан мен бұзау.

Тіктеп титтей құлағын

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын

Бұзау оған ереді

Алға созып мойынын

Ойнақтайды ботақан

Көкке қарай мұрынын

Шүйіреді бұзауқан.

Сөздік жұмыс: «Титтей, шүйіреді» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Билингвалды компонент: бота-верблюжонок, бұзау-теленок.

Ғажайып сәт.

Топқа бота мен бұзау кіреді.

Бота: Біз өзіміз жайлы өлеңді естіп келдік

Тәрбиеші: Балалар, бота мен бұзауға өлеңімізді қайталап оқып берейік.

Балалардың тақпақтары:

Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды Жібек жүнің үлбіреп Қарасам, көз тоймайды.

Әукім-әукім сиырым

Сүтіңді сауып алайын

Кілегей тартып,май шайқап

Дастарханға салайын.

Тәрбиеші: Балалар, сендер бота мен бұзаудың қалай дыбыстайтынын білесіңдер ма?

Дауыстарын тыңдату.

Үй жануарларының пайдасы жайлы әңгімелеу. Көрме ұйымдастыру.

Тәрбиеші: Қолдарыңдағы не қорап?

Бота: Бұл балаларға акелген сыйлығымыз. Бірақ оны оңай бере салмаймыз. Біздің үш шартымыз бар. Біріншісі ойынды жақсы ойнасаңдар ғана береміз.

«Анасын тап» ойыны. Ойын шарты: аналарынан адасып қалған төлдерін тауып беру.

Тәрбиеші: балалар ойынды жақсы ойнады, ойын ойнап шаршаған шығар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Бас барммағым –атам,үйдің данасы,

Балан үйрек-әжем, ошақ анасы.

Ортан терек- әкем, отау панасы,

Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары,

Титтей бөбек -мен , бәрінің базары.

Бота: төрт түлік мал жайлы қандай мақал білесіңдер?

Балалар мақалдарын айтады:

Малды бақсаң , сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

Тәрбиеші: бұл шарттарыңды да балалар оңай орындады, үшінші шартың қандай№

Бота: біз жайлауда жайылғанды жақсы көреміз. Бізге жайлауды құрастырып беріңдерш.

Тәрбиеші: тақтаға жайлауды құрастырамыз.

Балалар жайлауды құрастырады.

Бота: Балалар сендер жарадыңдар, барлық тапсырманы орындадыңдар. Мен сендерге өзімнің сүтімнен жасалған құртымды алып келдім.

Бота: біз енді балалар, жайлауымызға қайтайық. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: балалар бізге үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Төлдерін атап өтіңдер.

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *