Біз – жолаушылармы

Турсумбаева Наргиза

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерінің өз өмірлері үшін қажетті екенін түсіндіру. Жол белгілерімен таныстыру.

Көрнекіліктері: Жол белгілерінің суреттері, жолда жүру ережелері жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларға қала көшелері бейнеленген суреттерді көрсетіп, жолда жүру ережелері туралы жайлы әңгімелеседі.

Тәрбиеші: Балалар мына қала көшесі ме, әлде ауыл көшесі ме? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Қазір біз сендермен қаланың бір көшесіне саяхатқа аттанамыз. Егер біз жаяу барсақ, бізді кім деп атайды?(Жаяу жүргіншілер) Ал, жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жол жүру ережелері бар екен.

Аделя: Тротуар – жүрер жолы жаяудың,

Желаяқтың, жайбасардың,баяудың.

Машинаның жолы – көше ортасы,

Соны ұмытып кете көрме, аяулым

Рухшана: Қай көше, қалаға қай барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол – ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.

Тәрбиеші: Қане,қазір жол жүру ережелерін есімізге түсірейікші. Менің сұрақтарыма жауап беріңдер :

– Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек?

(Тротуармен)

– Тротуардың қай шетімен жүру керек?

(Оң жағымен, басқа жүргіншілерге бөгет жасамау үшін)

– Жаяу жүргіншілер жолдан қалай өту керек?

(Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Мына жолақ сызық «жаяу жүргіншілер өтпесі» деп аталады. Мүны тағыда «зебра» деп те атайды. Балалар, жолдан өту үшін жаяу жүргішілердің көмекшілері бар ғой, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақты шешсеңдер олардың кім екенін білесіңдер:

1. Жоқ өзіңде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

2. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. (Инспектор)

Тәрбиеші: Балалар! Бағдаршамның белгілері нені білдіреді?

Балалар: Қызыл – тоқта!

Сары – күт!

Жасыл – өт!

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, «Жаяу жүргіншілер мектебінде» оқуымызды бастаймыз!

Дымбілмес жүгіріп шығып, балалардан өзін бірге алып кетуді сұрайды. Балалар қуана келіседі.

Тәрбиеші: Сендер жолдың бойынан белгілерді байқадыңдар ма? Бұлар жол белгілері! Олар нені білдіреді?

Балалар жол белгілеріне қарап , оларды атайды: «Жаяулар өтпесі», «Алғашқы медециналық көмек пункті», «Тамақтану орны», «Телефон». Дымбілмес балалардың артынан қайталайды.

Тәрбиеші: Балалар! Бүгін біз жаңа белгімен танысамыз. Оның формасы үшбұрышты. Екі адамның суреті салынған. Бұл белгі «Балалар» деп аталады. Бұл жақын жерде мектеп немесе балаларға арналған орын бар дегенді білдіреді.

Балалар Дымбілмеспен бірге жол белгілерін, олардың не білдіретінін тағы да қайталайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер «Жаяу жүргіншілер мектебіңде» жол белгілері жайлы көп нәрсе үйрендіңдер. Сендерге өте жақсы деген баға беремін.

Тәрбиеші: Балалар! Қазір біз жаяу жүргіншілерденжолаушыларға айналамыз! Біз автобусты қайда күтеміз (Аялдамада)

– Міне автобус та келіп қалды.

Балалар орындықтардан жасалған автобусқа отырады. Музыка ырғағымен балалар автобуста қозғалып кетіп жатқан кейіп танытады.

Тәрбиеші: Біз автобуста кетіп бара жатқанда қоғамдық көлкте өз-өзін ұстау ережелері туралы әңгімелесеміз.

– Салонға кірген кезде, бос орынға отыруға асықпаңдар, жан-жақтарыңа қараңдар, мүмкін жасы үлкен немесе кішкентай баламен кіргендер бар шығар. Ондай кезде не істейміз?

– Отыратын орынды таңдап, қырсықпа. Бос орынға отырыңдар.

– Терезеден басыңды, қолыңды шығарушы болма! Бұл қауіпті!

– Автобуста қатты сөйлеме! Бұл басқа жолаушыларға кедергі келтіреді!

Кейін тәрбиеші балаларға қоғамдық көліктерде болатын оқиғаларды айтады, ал балалар олар туралы өз ойларын айтуларф керек.

Тәрбиеші: Мысалы, Хажиакбар әкесімен бірге автобусқа кірді. Ол кіре салып, жүгіріп бос орындықтың қасына барып: «Әке, мен саған орын алып қойдым, тезірек кел»,- деп айқайлады. Адамдар оған таңдана қарап қалды, ал әкесі оның құлағына сыбырлады. Әкесі Хажиакбардың құлағына не деп сыбырлады? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Анара анасымен бірге автобуста келе жатты. Анара терезенің алдында отырған. Аялдамадан көп адамдар кірді. Анасы жылжып, Анараны тізесіне отырғызып, жасы үлкен әйелге орын берді. Ол әйел

рахметін айтып отырды. Анара қырсықтанып, «Мен қысылып кеттім»,- деп, анасына жылады. Сендерге Анараның қылығы ұнады ма? Неге олай ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Сендер жақсы жолаушылар екенсіңдер. Қоғамдық көлікте өздеріңді қалай ұстау керектігін білесіңдер. Осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Тыныш, жаймен автобустан түсіп, қайтадан жаяу жүргіншілерге айналамыз. Балалар, енді жолдың арғы бетіне қалай дұрыс өтеміз?

Балалар: «Жаяулар өтпесіне» дейін барып, сол жерден жолдың арғы бетіне өтеміз!

Сабақты қорыту үшін педагог балаларға жол белгілерінің суретін салып, Дымбілмеске сыйға тартуды ұсынады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *