Дуалдік оқыту жүйесін еңгізу кезінде өндірісте өндірістік оқу сабақтарын өткізуіне арналған оқушы орнын ұйымдастыру
Шидербаева Ақкенже Закировна
«Елбасының тапсырмасына сай қолға алынған «Дуалдық оқыту жүйесі» бағдарламасы студенттердің білімін теориядан тәжірибеге алмастыруға зор мүмкіндік береді.
«Дуалдық оқытудың негізгі артықшылықтарына ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады, өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте қалатыны, дуалдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады», – деді Б.Жұмағұлов.
Әдістемелік жұмыстар
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Кәсіптік білім саласында өндірістік оқыту бастапқы(теория) ,негізгі (өндірістік оқыту) және қорытынды (өндірістік тәжірибе) кезендерде тұрады,олардың кез келгені кәсіптік кәсіптік білім саласында және де материлдық-техникалық базасымен қамтылған өндіріс мекемелерінде өтуге болады.
Өндіріс саласында өткізген өндірістік оқыту студенттерге олардың мамандыққа қызығушылығын,іскерлігін арттырады.Күнделікті жоғары білікті мамандармен араласа отырып ,студенттер олардын тәжірибесін алады.
Студенттердің өндірістік оқытуда өндірістің материалдық-техникалық базасын қолдануы олардың:
-жаңа технологиялық жабдықтарды тиімді пайдалануын.
-теориялық білімді нығайтылуын,жетілдіруін.
-кәсіби тәжірибесін арттыруына ықпал жасайды.
А.П.Беляеваның кәсіптік білім сөзжинағында «өндірістегі оқушы орны-ол,тапсырманы орындауға арналған,қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған алаң»-деп атап өткен.
Оқушының жұмыс орны кәсібіне байланысты құралдармен қамтылған,ынғайлы,қауіпсіз болуы тиіс.
Айтакеле,өндірістегі оқушының жұмыс орны-ол өндірістің,білім орнының өндірістік оқыту бағдарламасы бойынша бірнеше тақырыптарға сай,бастапқы және негізгікезендерге пайдаланатын орын.
Оқушы орны өндірісте ұйымдастырылады:
-ТжКБ оқұ орындарында біліктілігіне сай қажетті құрал жабдықтармен қамтылғанда.
-оқушылардың заманауи технологиялық құралдармен жұмыс жасауына.
-мамандыққа тапсырыс беруші мекеменің өндіріс саласында құрал-
жабдықтарда,техникаларда жұмыс жасауға.
-оқушыны мамандыққа ынталандыру.
Оқушы орнының негізгі элементтері:
– жұмыс жасауға арналған алаң
– жұмыс жасауға арналған құрал-жабдықтар,машиналар,
техникалар,құрылғылар.
-дайын өнім мен шығындарды сақтайтын орын.
-тиімді жұмыс жасауға арналған құрылғылармен жасақталған қауіпсіз орын(жарық,ауа
тазартқыш,салқындатқыш,қоршау)
-оқушы орындығы,аяқ тіреуіші.
Оқушы орнында жұмыс жасауы:
-ТжКБ өндірістік оқыту шебері
-өндірістің білікті ақылшы ұстазы
– ТжКБ өндірістік оқыту шебері мен өндірістің білікті ақылшы ұстазының қатысуымен.
Өндірістік тәжірибе ақылшы ұстазы мекеме басшасының бұйрығымен бекітіледі.
Оқушы орнының жабдықталуы екі түрлі болады:
- Негізгі (ұзақ уақыт пайдалану,тәжірибе кезінде 1-2 ай)
- Уақытша (өндірістік оқыту,аптасына 1-2 рет)
Оқушы орнын ұйымдастыру кезінде әмбебап (көп түрлі жұмыс тәсілдерін жасауға )
Өндірістік оқыту сабақтары өндіріс жұмыс орындарында:
-ТжКБ өндірістік оқыту бағдарламасына сай келуі.
-әр түрлі жұмыс жасауға
-оқушылардың заманауи техника мен технологияны игеруі.
Оқушы орнын ұйымдастыру талаптары:
-жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтардың қол жетімді жерде болуы.
-жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтардың орналасуы:он қолмен алатын құрал ,сол жақта;сол қолмен алатын –он жақта;аз пайдаланатын –әріде,жиі пайдаланатын –жақында.
-пайдаланатын құралдар,еңкейіп жұмыс жасамау үшін(денсаулығына зиян тигізбеу,омыртқаға салмақ салмау),жұмыс столының үстінде оқушының бел тұсында орналасу керек.
-қажетті оқулықтар,техникалық нұсқау карталары ынғайлы,ластанбайтын жерде болуы керек.
-дайындалатын және дайын өнімдер жұмыс жасауға кедергі жасамау керек.
-жеңіл саймандар ауыр құралдардан жоғары орналасу керек.
Талаптар,нормативтік іс-құжаттарда көрсетілген-олар оқушы жұмыс нормасы,санитарлық норма,гигиеналық нормативтер,өндірістік құрал-жабдықтар талабы және жұмыс орны.
Өндірісте оқушының жұмыс жасау уақыты:
–14-16 жас-аптасына 23 сағаттан артық емес
-күніне – 4с30мин. аспау
-16-18 жас-аптасына 35 сағаттан артық емес
-күніне- 7 сағаттан аспау
Өндірстегі 14-16жас аралығындағы оқушының жұмысы әр 50 минут сайын 10 минуттық үзіліс талап етеді.16-18 жас аралығындағы оқушының жұмысы 1 с.50 минут сайын 10 минуттық үзіліс.
Өндірістегі өндірістік оқыту кезінде түскі үзіліс 4 сабақтан кейін.
Қолмен тасымалдау өнімнің,құралдардың салмағы Денсаулық сақтау министірлігінің бекітілген нормативіне сай болу керек.
Оқушы жасы | Қыз бала | Ер бала |
14 жас | 3 кг | 6 кг |
15 жас | 4 кг | 7 кг |
16жас | 5 кг | 10 кг |
17 жас | 6 кг | 12 кг |
1.Тасымалдау салмағына қораб,жәшік т.б. салмағы кіреді.
2.Қолдап тасымалдау қашықтығы 5 метр.
Оқушы жұмыс орнында төмендегі талаптарға сай болу керек:
-төмен шу
-жұмыс орнының тиімді орналасу
-ұжымдық және жеке бас қорғану жабдықтары
-уақытылы демалыс пен еңбек
Оқушылырдың түрлі шулы дыбыста жұмыс жасау уақыты (сағат)
Шудың әрекеті |
Жас мөлшері |
Дыбыс мөлшері,дБл |
||||||
70 | 75 | 80 | 85 | 90 | 95 | 100 жоғары | ||
Үзілісті және үзіліссіз шу | 14-15 | 4 | 3,5 | 3 | 2 | 1 | 0,5 | жіберілмейді |
1ауысымда соммалық әрекет | 16-18 | 6 | 5 | 4 | 3 | 2 | 1 | жіберілмейді |
Окушылар өлшеміне сай арнаулы киімдермен,аяқ киіммен және жеке бас гигиенасын қорғайтын жабдықтармен қамтылуы керек.
Өндірісте өндірістк тәжірибе,өндірістік оқу өту кезінде өндірістік оқыту шеберінің рөлі маңызды.Ол өз жұмысын жақсы білу мен қатар,өндірістік оқуды тиімді,бағдарламаға сай өткізуі тиіс.Өндірістік оқыту шебері өндіріс басшаларымен тығыз байланыста болу керек,оқушының іс қимылын қадағалап,тиімді әрі дұрыс орындалуын,қауіпсізідк ережелерін сақтауын қадағалау керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1.А.П.Беляева «Сөзжинақ»
- Ғаламтор.
3.Журналдар.