«Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту

Сафинова Загипа Базылбековна

«Қызықты математика» бағдарламасы арқылы   оқушылардың шығармашылық және  ойлау қабілеттерін дамыту  

Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған 12 жылдық бағдарламалар  мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрия ландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық техналогияларды оқып үйренеді, меңгереді, тәжірибеде қолданады, оны дамытып нәтижесін тексереді.

Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз-іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі ойды түсіну болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады. Вариативті курс шеңберінде мен 5- сыныптың сұранысы негізінде  «Қызықты математика» бағдарламасын құрастырдым. Барлығы отыз төрт сағатты қамтиды және оқу- әдістемелік кешені бар. Оқу үрдісіндегі болып жатқан жаңалықтың өзі мұғалім қауымынан талап етіп отырған бетбұрыс, ол сындарлы оқытуға негіздеу болып табылады. Оқушыларды  көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді. Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға,  талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау, көбінесе, қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.Бесінші сыныппен өткізген сабағымды ұсынып отырмын. Мысалы, «Қызықты математика» сабағымда (5  сынып) мозайка әдісі арқылы топқа бөлдім. Осы кезеңде үй тапсырмасын «стикердегі диалог» әдісімен бекіттім. Сұрақ және басқа сұрақтың жауабын бір оқушыға беріледі. (оқушылар жауабын өздері табу керек

І.Ұйымдастыру. «Көтеріңкі көңіл күй» атты тренинг. Әр оқушы жолдастарына жақсы тілектер тілейді
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Бүгінгі сабағымыз «математикалық турнир» түрінде өтеді. Бағалауды оқушылар жинаған ұпайларын есептеп отырады. Жетондар таратылады, түсіндіріледі. Бірінші кезең- қызығушылықты ояту кезеңі. Бұл кезеңде оқушының  тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып,оқушыларды сабаққа тарту
ІІІ. Негізгі бөлім
1- бөлім. « Артық болмас білгенің» Әр оқушы сұрақтарға жауап береді.
2- бөлім. «Орнын тап!» Құрастыру
3- бөлім. «Кім жылдам?» деңгейлік тапсырмалар /бірінші орындаған оқушы тақтаға орындайды. Сергіту сәті «Қайталау- сөз анасы » жалғастыру слайд бойынша. Оқулықпен жұмыс
4- бөлім. «Ойлайық кім жылдам?»
Сәйкестендіру тест.
5-бөлім.
Графикалық тест. /Иә-▲, жоқ-■/
ІV. Қорытынды.  Жай бөлшектер туралы алған білімдерімізді жинақтап, ортаға салайық. Топтарға тапсырма берілді,  тақырыпты жеке жұмыс, топтық жұмыс арқылы  талқылады. Оқушылар бұл кезеңінде өте ұйымшылдық танытып шығармашылықпен біріге  жұмыс жасады.

  1. Бағалау /жинаған ұпайлары бойынша бағаланады
    VІ. Рефлексия Алтыншы кезең- «рефлексия» -ой толғаныс білім алудың қорытындылау кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдау кезеңінде мұғалімнің білімділігімен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын
    VІІ. Үйге тапсырма

Әр кезең бойынша оқушылар өз-өздерін табыс критерий  арқылы формативті бағалады.Формативті бағалау күнделікті тәжірибеде қолданылады.(сабақ сайын, күнбе күн) алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс; Оқушыларға да, мұғалімге де қолайлы бағалау формасы Мұғалімге арналған нұсқаулықта қарастырылған жеті модульдің ішіндегі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып қиындықты шешуге бағытталған. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім-осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Топпен жұмыс кезеңі. Қорыта келе,  менің мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым-оқушыларға  ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша  жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын.

Әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.- 3 деңгей

2.Оқыту –тәрбиелеу технологиясы журналы-2011

3.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері -2012

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *