Отбасы әлеуметтік топ ретінде

Арапов Сарсембай Октябревич

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.  (10-сынып)

Мақсаты:Білімділік: Оқушыларға отбасы,неке,баланың құқықтары,ата-ана жауапкершілігі туралы ұғымының мәнін ашып көрсету

Дамытушылық: Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіріп,тиянақтай отырып,жаңа сабақпен байланысытрып,отбасы,неке,бала құқығы,ата-ана жауапкершілігі,жалпы конституциялық құқық нормаларының қайнар көздерін аша білуге көз жеткізу.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының Конституцияда берілген заңды орындауға, заңсыз іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу.                                                                                                              Көрнекілігі: слайдтар,тірек сызбалар,бейнефильмдер

Әдісі: Тірек сызбаларды пайдалана отырып, өзара белсенділікті арттыру                        Түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:                                                                                                                                                   а)амандасу,қатынас алу. ә) оқушының сабаққа бейімдеу.

Топқа бөлу.

І топ:Озат құқықтанушы

ІІ топ:Жас заңгер

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Алтын сандық»

1.ҚР Еңбек кодексі қашан қабылданды?

  1. ҚР Конституциясының 24 бабында не делінген?
  2. Еңбек келісімі
  3. Еңбек келісімін жасау және тоқтату
  4. Кәмелетке толмағандар еңбегінің ерекшеліктері
  5. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты
  6. Тәртіптік жауапкершілік
  7. Ситуациялық жағдай

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.                                                                                                                                                              Жаңа сабақ жоспары:

1)Отбасы түсінігі.Отбасы құқығы

2) Неке түсінігі.Неке шарты

3)Баланың құқықтары.

Ойтолғау:

1.Отбасы дегеніміз не?

2.Неке дегеніміз не?

3.Неке жасы

4.Отбасындағы балалар мен ата-ана құқықтары қалай?

Отбасы бірнеше түрге бөлінеді

Толық емес отбасы

Ата-анасының біреуі ғана бар отбасы

 

Толық отбасы

Ата-анасы және балалары бар отбасы

 

Кеңейтілген отбасы

Ата-анасымен балаларынан басқа туыстары бар отбасы

 

Әрбір баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар.Бала өз ата-анасының тәрбиесіне,өз мүддесінің қамтамасыз етілуіне,жан-жақты өсіп жетілуіне,өзінің адами қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

Баланың мүлікітік құқы бар.Алимент,жәрдемақы,зейнетақы ата-ананың қарауына түскенімен,ол балаға білім беруге,тәрбиелеуге және басқа да қажетті шығындарына жұмсалуы керек.

Неке біздің елімізде тіркеуден (ЗАГС немесе АХАЖ) өтеді. Ертеректе неке суын ішу мешіт арқылы іске асырылған. Қазір әлемнің көптеген еллдерінде шіркеуде тіркеледі. Бұл біздің өмірімізге де еніп келеді. ЗАГС арқылы некеге тұру қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Себебі ажырасқан жағдайда ол негізгі құжат болып саналады. Балаға материалдық кепілдеме алу, дүние-мүлікті бөлісу соның негізінде, сот арқылы шешіледі.

Отбасы құқығының қағидаттарына мыналар жатады:

  1. Ер-азамат пен әйелдің некелік(ерлі-зайыптылық)одағының еріктілігі
  2. Отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі
  3. Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеушілік
  4. Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу
  5. Балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы,олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық
  6. Отбасының кәмлетке толмаған,қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау
  7. Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету,осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері
  8. Отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдануы
  9. Отбасы мүшелері бір-бірінің қамын ойлауы.

Неке отбасын құру үшін негіз болып табылады.

Неке-Отбасы құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің тең одағы.Неке міндетті түрде тіркелуі керек.

Неке, неке жасына –он сегіз жасқа толған ер-азамат пен әйелдің өзара ерікті келісімі негізінде қиылады. Егер неке зорлық, алдау, қорқытудың жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз болып жариялануы мүмкін. Некеге отыруға келісім некені тіркеу процесінде некеге отырушы тұлғаның тікелей өзімен ауызша білдіріп оның  қол қоюымен расталады.

Некені тіркеу некеге отырушы адамдардың  қатысуымен жүзеге асырылады.Сенімхат немесе өкіл арқылы неке қиюға тиым салынады.Күзет қарамағындағы немесе бас бостандығыннан айырылған адамдар да некеге отыра алады.Бұл ретте,мемлекеттік тіркеу бостандығыннан айыру немесе күзет қарамағындағы орнында өткізеді.

Некені тоқтату дегеніміз-ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтық қатынастарының тоқтатылуы.

Неке заңмен анықталған мән-жайлар салдарыннан немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің тілек білдіруімен тоқтатылады.

Некені тоқтататын мән-жайларға мыналар жатады.

  • -жұбайының қайтыс болуы
  • -ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болғаны туралы сотпен жариялануы
  • -некені бұзу(ажырасу).

 

Неке және отбасы”, ҚР Бала құқығы заңымен, Бала құқығы туралы Конвенциямен таныстыру.

Тапсырма:

1.«Мың бір мақал» ойыны. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топ отбасы, бала тәрбиесі туралы мақал-мәтел, өсиет сөздердің бір бөлігінен бастап берсе, екінші топ мақалдың екінші бөлігін жалғастырады. Мысалы: «балалы үй базар» десе, 2 топ «баласыз үй –қу мазар» деп жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Тренинг «Үлгілі отбасы» Озат құқықтанушы тобына

Үлгісіз отбасы’’ Жас заңгер тобына

Әр топ өз көрінісін көрсетеді.

  1. оқушы –әке рөлінде ертең жауапты жұмысқа кірісетін болғандықтан бүгін кешке тыныш дем алғысы келеді.
  2. Оқушы- үлкен баласы дәл бүгін кешке өз үйінде достарымен көңілді кеш өткізгісі келеді.
  3. Оқушы –кіші баласы бір нәрсеге көңілі алаңдап, өз ойымен әуре болып отыр, оған үлкендердің көмек, кеңес бергенін қалайды.Тренингке 5-7 минут уақыт бөлінеді, топтар осы уақыт аралығында отбасындағы кеш қалай өткендігіне келіседі.

Шешім қабылдғаннан кейін әрбір топ қалай келісімге келгендерінғ кім мақсатына жеткенінін, кімнің ойындағысы орындалмағанын, ойын барысында кім өзін қалай сезінгенін нені өзгерткісі келетіндігін ортаға салып ой бөліседі.

Озат құқықтанушы тобына және Жас заңгер тобына тапсырма

Жаңа тақырып бойынша,Бала құқықтары,неке және отбасы заңы туралы постер қорғайды.

Бір топ екінші топқа екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады.

Қорытынды:

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.

 

Кері байланыс

1.Сабақта не ұнады?

  1. Маған не қиын болды?
  2. Менің тілегім…………………..

 

Бағалау:Оқушыларды бағалау.

 

Үйге тапсырма: §13.оқу

2.”Менің отбасым”тақырыбында эссе жазып келу.

3.Жаңа сабақта өткен заңдармен танысу.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *