Жемістер мен көкөністер
Қошанбаева Жанаркүл Жетпісбайқызы
Сабақтың мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністер туралы түсінік бере отырып олардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын дамыту. Жемістердін ағаштарда, көкөністер жерде өсетінін айтып түсіндіру.
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Қатынас. Әлеуметтік орта.
Тәрбиеші: Саламатсыздар ма, балалар! Бүгін бізге көп апайлар қонаққа келіпті сол апайларымызбен бәріміз амандасып алайық.
Балалар: Саламатсыздар ма, апайлар!
Тәрбиеші: Шаттық шеңберіне тұрайық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі күннің тақырыбы «Жемістер мен көкөністер» деп аталады. Балалар жемістер ағаштарда өседі, ал көкөністер жерде өседі екен. Мына менің қолымдағы не?
Балалар: Алма.
Тәрбиеші: Бұл қайда өседі ағашта ма, жоқ әлде жерде өседі ме?
Балалар: Ағашта өседі.
Тәрбиеші: Ағашта өсетін жеміс пе, жоқ әлде көкөніс пе?
Балалар: Жеміс.
Тәрбиеші: Ал мынау не?
Балалар: Сәбіз.
Тәрбиеші: Ол қайда өседі?
Балалар: Жерде өседі.
Тәрбиеші: Жерде өсетін көкөніс пе, жоқ әлде жеміс пе?
Балалар: Көкөніс.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ал енді мынау не екен, ол қайда өседі?
Балалар: Бұл банан, ол ағашта өседі.
Тәрбиеші: Оның түсі қандай?
Балалар: Сары.
Тәрбиеші: Дұрыс, оның пішіні қандай, домалақ па, жоқ әлде сопақша ма?
Балалар: Сопақша.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Менің балаларым қандай ақылды бәрін жақсы біледі.
Күтпеген сәт: Есікті біреу қағып тұр, бұл кім екен, қане бәріміз қарайықшы. Бәрі есік жаққа қарайды, ішке сайқымазақ кіріп келеді. Балалар мәз болады. Сайқымазақтың қолында картон бар оның ішінде топырақ бар, сол топырақтын үстіне алма, банан, апельсиннің суреттерін отырғызып қойыпты. Ал,екінші қолында ағаш бар онда сайқымазақ картоптың, сәбіздің, орамжапырақтың суреттерін отырғызып қойыпты.
Тәрбиеші: Балалар, кәне бәріміз сайқымазаққа көмектесіп жіберейікші, ол дұрыс орналастырған ба, қане қарайықшы. Мынау не?
Балалар: Алма. Ол ағашта өседі.
Тәрбиеші: Ал Сайқымазақ дұрыс орналастырған ба? Бәріміз көмектесіп жіберейікші.
Балалар: Жоқ дұрыс емес алма жерде өспейді, ол ағашта өседі, Сайқымазақ дұрыс орналастырмаған.
Тәрбиеші: Онда алманы апарып ағашқа орналастырайық.
Балалар алманың суретін жерден алып ағашқа апарып орналастырады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал мынау не екен?
Балалар: Бұл пияз.
Тәрбиеші: Ол қайда өседі?
Балалар: Ол жерде өседі.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар ал, Сайқымазақ қайда қойған екен?
Балалар: Сайқымазақ оны ағашқа іліп қойған.
Тәрбиеші: Онда оны апарып жерге орналастырайық.
Балалар пиязды апарып жерге орналастырды. Жарайсыңдар балалар, енді қазір біздер бір ойын ойнап жіберейік, ол ойын «Дәмін тат» деп аталады. Сендерді ойынның шартымен таныстырып жіберейін. Қазір мен жемістер мен көкөністердің бір кішкентай бөлігін ауыздарыңа саламын сендер сонын дәмін татып ол жеміс пе, жоқ әлде көкөніс пе соны айтып бересіңдер иа ма.
Тәрбиеші: Баңыт келе ғой. Көзіңді жұмда аузыңды аш. Мен сенің аузыңа не салдым?
Бақыт: Алма.
Тәрбиеші: Дұрыс жарайсын, ол ащы ма, жоқ әлде тәтті ме?
Бақыт: Тәтті.
Тәрбиеші: Жарайсын. Ол қайда өседі?
Бақыт: Ол ағашта өседі. Ол жеміс.
Тәрбиеші: Жарайсын Бақыт. Енді орнына отыра қой. Енді Дархан сен келе ғой.Көзіңді жүмып аузыңды аша ғой. Ал сенің аузыңа не салдым?
Дархан: Апельсин.
Тәрбиеші: Дұрыс. Онын дәмі қандай екен?
Дархан: Ащы.
Тәрбиеші: Ол қайда өседі екен?
Дархан: Ол ағашта өседі.
Тәрбиеші: Дүрыс, ол жеміс пе, әлде көкөніс пе?
Дархан: Жеміс.
Тәрбиеші: Жарайсын Дархан орнына отыра ғой. Балалар жемістерден неше түрлі тосаптар, шырындар жасайды екен. Ал көкөністерді қыста жеу үшін банкіге жауып сақтап қояды екен. Орамжапырақтан, сәбізден неше түрлі салаттар жасайды екен.
Тәрбиеші: Сонымен балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Балалар: Иа ұнады.
Тәрбиеші: Онда бүгінгі сабақты бір рет қайталап алайықшы. Сонымен мына менің қолымдағы не?
Балалар: Банан.
Тәрбиеші: Ол қайда өседі?
Балалар: Ол ағашта өседі.
Тәрбиеші: Ағашта өсетін жеміс пе, әлде көкөніс.с пе?
Балалар: Ағашта өсетін жеміс.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Ал енді мынау не?
Балалар: Қызылша. Ол жерде өседі.
Тәрбиеші: Дұрыс. Сонда оны не деп айтамыз, жеміс пе жоқ әлде көкөніс пе?
Балалар: Көкөніс.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Менің балаларым қандай тамаша біледі екен. Сонымен біздер бүгін біздер қандай тақырыпты өттік.
Балалар: Біз бүгін «Жемістер мен көкөністер» деген тақырыпты өттік.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді бізге қонаққа келген апайлармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар, апайлар!
Сау болыңдар, балалар!