Эссе «Рухани жаңғыру»
Рысбай Набира Сейлханқызы
Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы-халқымыздың ынтымақ – бірлігіңде,ырыс-құты тірлігінде».Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті.Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарда кеңінен тарқатып мемлекеттік идеологияның анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат делінген.
Бүгінгі таңда Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа,экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады.
Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көш басшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті.Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып,бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.
Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс.Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сондықтан, қазір ғалымдардың алдына зерттеу-зерделеу тұрғысында үлкен мақсат-міндеттер қойылып отыр.Ғалымдар ұлттық бірегейлікті сақтау,білімнің салтанат құруы және «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін де талқылады. Елбасы мақаласында көзделген межеге жету үшін бірлесе жұмыс істейтіндерін айтып тарқасты.
Қазіргі біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл-тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718