Ұстаз – ұлы тұлға
Ермағанбетова Гүлназ Әлмағанбетқызы
Ұстаз деген ұлы сөздің астарында астарында әрбір жүректілік шуағымен нұрландырар қаншама сөздер жатыр дезеңізші? Әрбір шәкірт өз ғұмырында екі адамға қарыздар болса, соның бірі ата – анасы болса, екіншісінің қстаз екені ақиқат.
Мұғалім бұл адамның ардақты аты,
Білімділік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан жақын жаты.
Бар ғылым,барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды, мәңгі бақи беріп төрін, – деп, ұстаздарымызды Сәбит Мұханов атамыз да жырлаған. Бүгінгі күні өмірдің талай асуларынан өтіп, әр кәсіптің құлағын ұстап жүргендер көп. Бүгінгі күні өмірдің талай асуларынан өтіп, әр кәсіптің құлағын ұстап жүргендер көп. Білім атты қазыналық сандықты еңбек деген кілтпен аша отырып, мамандық иесі болғандар қаншама! Бұған тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан біздер мектептегі ардақты да, асыл ұстаздардың арқасында өсіп жетілгеніміз мәлім. Білім нәрімен сусындатып, жүректеріне өшпес шырақ жағып, өмірлерінежол ашқан мектепті екінші үйі деп есептесек, ұстаз анасынан кейінгі екінші анасы. Атақты қазақ кино әлемінің жарық жұлдызы Серке Қожамқұлов атамыз былай деген екен: «Ұстаз деген ұлағатты сөзді естігенде, бүгінгі күнге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» Демек әрбір адам кіші буын, орта буын және үлкен болсын ұстазының алдында шәкірт екенімізді ұмытпайық.
Лайықты ұстаз атану – лы мәртебе, ал үміт ақтаған шәкірт болу – мерей.
Алтын ұя мектептің ары – мұғалім. «Ұстаз – ұлы адам» деп жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағын сапалы білім нәрімен сусындататын, жақсы қасиеттерді ,бойына дарытып, тәлім – тәрбие беру ісінде ұлағатты ұстаздардың үлесі өте зор. Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр. ;алымда, кеншіде, қоғам қайраткерлері, барлығы бір адамға қарыздар. Ол әрине ұстаз. Алғаш әліппені олыңа ұстатып, әріп танытып, өмірдің сан алуан құбылыстарын түсінуге ықпал етіп, жан дүниеңе шуақ түсіріп, адамгершілікке баулитын мұғалім. Ұстаз да диқаншы секілді. Әрбір адам жанына білім білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап, бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіреді.
Еліміздің ертеңгі болашағына білім нәрімен жарық берер ұстаздардың еңбегін жоғары бағалауымыз керек. Жалпы ұстаздар қауымын білім мен тәлім – тәрбиенің алтын діңгегі, мөлдір бастауы десе де болады