Баланың бас ұстазы – ата – ана
Абдужалилова Райхан Уалиқызы
Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен. «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді». «Бала – ата-ананың бауыр еті» дегендей мына өмірде ата ана үшін баланың алатын орны ерекше.
Жан Жақ Руссо «Бала туылғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен.
Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі ата-анасының еңбекқорлығы, ұстанымдылығы, ақыл ойы, сана сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
«Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы» дейді халқымыз. Бала үшін алғашқы тәрбиешісі, бас ұстазы – ата-анасы.
Бала тәрбиесідегі ата-ананың рөлі туралы жан- жақты мәлімет беріп түсініктер жүргізіп отыру бұл біздің міндетіміз болып табылады.
Жақсы перзент – ата-ана қолындағы аманат. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктікке тәрбиеленген абзал. Отбасында ата ананың ықыласына бөленіп тәрбие көрген бала балабақшада да, мектепке де өз ісіне де жауап бере алады.
Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін мектеп, ата ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Демек, бала бақытының кепілі ата-ананың өнегелі тәрбиесінде. Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға өнеге бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Баламен байланыстырған болашағымыз баянды келешегіміз кемел болсын демекпін.