Өзендер мен көлдер.Адам тіршілігі үшін судың маңызы

Қуатова Гүлзира

Сабақтың мақсаты:

  • «Өзен және көл» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өзен,көлдер және олардың адамға және шаруашылықтарға тигізер пайдасы туралы білімін қалыптыстыру.
  • Байқағыштық,танымдық қабілеттерін дамыту,өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
  • Дүниетанымдарын кеңейту, экологиялық тәрбие беру.

Күтілетін  нәтиже:Өзен,көлдер және олардың адамға және шаруашылықтарға  тигізер пайдасын  біледі. Танымдық қабілеттері дамиды,өздігінен қорытынды  шығара  білуге  дағдыланады.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,қазақ тілі.

Сабақтың әдісі: Өрмекші торын құру,теңеу әдісі,венн диаграммасы,джигсо әдісі,топпен жұмыс,ізденушілік,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, плакат,слайд.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу,түгендеу,топқа бөлу,оқу құралдарының   дайындалуын  қадағалау.

Психологиялық дайындық .Теңеу әдісі.

Мен  кіммін? ………..себебі ………….

Үй тапсырмасын сұрау.

Өрмекші  торын  құру

1.Судың  қандай  күйлері  болады?

2.Бу  ауаның  құрамына  еніп   не  түзеді?

3.Минералды  сулар  дегеніміз  не?

4.Шипалы  су  дегеніміз не?

5.Судың  қасиеттерін  ата.

6.Судың  адам  өміріндегі  маңызы.

7.Адам  қанша  уақыт  су  ішпей  жүре  алады?

8.Шәйнектегі  су  қайнағанда  азаяды неге?

9.Шөлдедің  саған  не  қажет?

10.Судың пайдасы қандай?

Ой  қозғау: Табиғаттағы суды қай жерлерде кездестіреміз?

Мұхиттарда, көлдерде, өзендерде кездестіреміз.

Жер шарының картасынан біз, ғаламшардың көп жері  көгілдір түске боялғанын  көреміз. Ол  су.Яғни,мұхиттар,теңіздер,өзендер,көлдер. Су-жер бетінің төрттен үш бөлігін алып жатыр.

Балалар,біздің бүгінгі тақырыбымыз:Өзендер мен көлдер.Адам тіршілігі үшін судың маңызы.

Мағынаны тану:

Өзен  дегеніміз  не?   Көл  дегеніміз  не?

Өзен дегеніміз -өзі салған арнамен ағатын су ағыны.Өзеннің ағып шыққан жері оның бастауы деп аталады. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзені және жазық өзендер.

Көлдер.Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықта да тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әртүрлі болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады.Көл суы ағынды ,ағынсыз болады.Ағынды көлден өзен ағып шығады.Көлге тұз жинақталады,ол өзен суымен ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады

Мәтін мазмұнын баяндау: «Джигсо» әдісі

Өзен дегеніміз -өзі салған арнамен ағатын су ағыны.Өзеннің ағып шыққан жері оның бастауы деп аталады. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзені және жазық өзендер.

Тау өзені тік жартасты ,сарқырамалы және терең болады.Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу ,тарең емес және олардың ені бірнеше километр болады. Жазықтағы өзендер кеме қатынастары үшін қолайлы.Өзеннің теңізге ,көлге құятын жерін өзен сағасы деп атайды. Әлемдегі ең ұзын көл –Мысырдағы Ніл өзені. Оның ұзындығы -6670 км. Ең қысқа өзен –АҚШ-тағы Ди өзені , оның ұзындығы 37 метр

Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.Ертіс, Орал,Іле, Еділ,Жайық,Сырдария, Амудария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен кеме жүзе алады. Ірі өзен маңында су электр станциялары салынады. Су электр станциялары елдер мен өндіріс орындарын арзан электр энергиясымен жабдықтайды.

Көлдер. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықта да тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады.Көл суы ағынды ,ағынсыз болады.Ағынды көлден өзен ағып шығады.Көлге тұз жинақталады,ол өзен суымен ағып кетеді.Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады.Каспий –ағынсыз көл. Көлдердің шаруашылыққа пайдасы зор.Олардың ең бірінші байлығы –тұщы су.Көлдер кеме қатынасы үшін пайдалы.Мысалы Каспий көлі арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан, Иран мемлекеттерімен байланысып тұрады.Каспий теңізінен балықтардың түр-түрін аулайды.Арал –көлемі жөнінен жер шарындағы үшінші орын алатын көл болатын. Бірақ оған құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын жер суаруға көп жұмсағандықтан ,соңғы кезде Аралдың деңгейі күрт төмендеп кетті.Оның көлемі 40 % -ға қысқарды.Суы тартылған теңіз түбіндегі тұз құрғап ,одан көтерілкен шаң мен тұз бораны айналадағы ауаны ластады. Табиғаттың күрт нашарлауынан халық арасында түрлі қауіпті аурулар тарады. Міне, өзен мен көл суларын ойланбастан ,ретсіз пайдаланудың неге апарып соғатынын осыдан-ақ көруге болады.

-Суды қорғау:Су – ғажайып зат.Олай деуіміздің бірнеше себебі бар.Су бір мезгілге үш түрінде кездеседі.Мұз-судың қатты күйі,оның сұйыққа айналуы мен булануы бірге жүреді.Су – тіршілік көзі.Тірлігі оттегінсіз өтетін ағза бар,бірақ сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысымен жүреді.Сондықтан ағзалар денесі 50-ден 90% дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе, адам өміріне қауіпті.Суды пайдалану: Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста, тұрғын үйлерде т.б.

Тұщы су алу проблемасы: Тұщы су — 20 %, Тұзды су – 98 %. Дүниежүзінің көптеген елдерінде және Республикамыздағы Кәспий маңы, Орталық Қазақстан жерінде тұщы су тапшы. Сондықтан тұщы су мен қамтамасыз ету жолдары іздестірілуде.

-Балалар, адам суды қандай мақсатқа пайдаланады?

-Су қалай ластанады?

Су пайдаланады,зиян келеді, ластанады

Өз қажетіне:ішеді, тамаққа пайдаланады, жуынады. т.б.су шайынды, ластанған суға айналады.

Өнеркәсіпке:құрылыстарға кен орындарына,мұнай өнеркәсібіне, т.б.

судағы тірі табиғатқа зияны тиеді, ауру тарайды,ауаны ластайды.

Ауыл шаруашылығына:егін егеді, өзендерге бөгеттер салады т.б.

өзен, көлдердің суы азаяды, тұз тозаңы ауаға ұшады,жаңбыр сирек жауады т.б.

Дәптермен жұмыс жүргізу

Мына әріптерден Қазақстан өзендерінің атын дәптеріңе құрастырып (бір әріпті бірнеше рет қолдануға болады) жаз.

Ж,  ш,  й,  қ,  а,  у,  ы,   с,  е,  л,  т,  і,  о,  б,  р.

Топтық жұмыс. Постер қорғау.

(Су туралы мақал-мәтелдер айту, тиым сөздер айту)

М а қ а л д а р

Сулы жер — нулы жер.

Таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.

Сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас.

Тау мен тасты су бұзар, ел арасын қу бұзар.

Т ы й ы м д а р

– Қайнамаған су ішпе.

– Суға түкірме.

– Суды ластама.

– Суды босқа ағызба.

Сергіту сәті.

Ой толғаныс: Сәйкестендіру.

Ертіс-–Алматы

Сырдария—Қызылорда

Іле-———–Орал

Жайық—— Семей,Павлодар, Өскемен.

Тобыл-—— Тараз

Есіл———- Қостанай

Өзен
 

Ұқсастығы                    Көл

 

Талас-——- Қызылорда

Шу———– Астана

Сабақты қорытындылау.  Венн  диаграммасы

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс.

«Су атынан сөйлеймін»

«Судың да сұрауы бар» тақырыбына шағын эссе жазу.

Үйге тапсырма. Өздері тұратын жердегі су айдындары туралы үлкендерден сұрап келу және олардың тазалығын бақылап, қорытынды жасау. Мәтінді оқу, мазмұндау.  Өзен,көлдерді картадан табу.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *