Бала тәрбиесі отбасынан басталады

Орынбаева Гүлнар Алимбекқызы

Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады. Әрине, әркім өзінің баласын жаман болсын,-демейді. Баланың тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп тілейді.

Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата -аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Жақсы тілекпен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын да ата-ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жеті жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты. Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осындай үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді. Әрбір ата-ана осыны білуі тиіс.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *