Жомарт күз

Шынжырбекова Гүлжиһан Сәкенқызы

Жалпы білім беретін №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепкоммуналды  мемлекеттік мекемесі.

Дефектолог-логопед: Гүлжиһан Шынжырбекова Сәкенқызы

Сабақтың тақырыбы: Жомарт күз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың күз мезгілінің негізгі,маңызды белгілер бойынша түсініктерін қорытындылау,жүйелеу. Күз мезгіліне тән табиғаттағы өзгерістер,өсімдіктер  мен түннің ұзақтығы  туралы білім беру,қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.

Түзете-дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша,сурет бойынша сұрақтарға толық жауап алу,сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру,анық,нақты сөйлей білуге үйрету.Сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын,    тыныс алу жолдарының жұмысын жақсарту,жалпы және ұсақ моторикасын, ойлау,есте сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғатқа деген  сүйіспеншіліктерін  арттыру.

Көрнекі құрал-жабдықтар:Күз мезгіліне байланысты суреттер,слайд.

Сабақтың түрі: топтық сабақ.

Методикалық әдісі: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.

Ұйымдастыру  бөлімі.

Психожаттығу.

Біз  қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы  таңдаймыз.

Күлімдеген  күндейміз,

Ренжуді  білмейміз.

Қуанамын  менде,

Қуанасың  сенде.

Қуанайық  достарым,

Арайлап  атқан  күнге!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз айларын білеміз бе?

Күз мезгілінде табиғатта  қандай  өзгерістер бар?

Өткен  сабақты  қайталау.

Үй тапсырмасын  тексеру.

Сұрақ  жауап арқылы қорытындылау.

Күз мезгілінде жеміс жидектер пісіп, адамдар қысқы азығын дайындайды.

Балалар аналарымыз  алма, алмұрт, өріктен не дайындайды?

Тосап дайындайды. Тосаптың дәмі қандай болады?

Артикуляциялық жаттығулар:

«Тәтті тосап» –  тілдің ұшымен жоғарғы ерінімізді оңнан солға,солдан оңға қарай  жалаймыз.

«Кесе» -ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 сек.ұстап тұру,тіл  тіске тимеуі керек.

«Тіс тазалау»  тілді жалпақ күйінде  жоғары көтеріп,жоғары  тісті тазалаймыз,кейін төменгі  тісті тазалау.

Тыныс алу жаттығуы.

«Алақан жылуы», «Жапырақты ұшыру»

Ертегі оқу, түсіндіру.  Слайдпен жұмыс.

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі  жүні  бөртеде,

Ерекше  бір  өлкеде,

Көкөністер  мен  жеміс  жидектер  өсіпті. Бұл  өлкеде көкөністер мен  жеміс  жидектер   тату  тәтті  өмір  сүріпті.

Бір  күні  аспанды  қара  бұлт  торлап, күн  күркіреп,  қатты  нөсер  жаңбыр  жауа бастайды. Нөсерлі  жауын  толастар  емес.  Бұл  жәй  жаңбыр  емес, сиқырлы  жаңбыр  екен. Олай  болса,  осы  өлкенің  қара  бұлтын  көшіріп, жомарт  күздің  байлығын  жинап  алу  үшін  жер  бетін  шуақтандырып, күн  сәулесімен  нұрландыру  керек.

Балалар, ол үшін  сиқырлы  жауынның  тапсырмаларын  орындауға  көмектесіңдер.

Балалар сиқырлы жауынның тапсырмаларын орындауға көмектесеміз бе?

1 тапсырма.

Жұмбақ шешу:

Көкпеңбек еді  көктемде,

Қызарды күзге жеткенде   (Алма)

Жаздай  інге  тығылып,

Жатқан  қызыл  түлкіні.

Құйрығынан  суырып,

Әкелді  әкем  бір  күні.    (сәбіз)

Жұмбақтың  шешуін тап.  Сөздегі  дауысты  дыбыстарды  тауып,  қандай  дауысты  дыбыс  екенін  айт.

Тапсырма

Бұлттар  төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл  тұман басады.

Шөп  сарғайып,

Өңі  тайып,

Дала  сұры  қашады,

Ойнай  алмай…

Денең  мұздап  тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл  қай кезде болады?

   Өлең қай жыл мезгілі  туралы айтылған?

 

    2.Тапсырма.

Мақалды  аяқта.

Еңбек  етсең  ерінбей,

(Тояды  қарның  тіленбей.)

Адам  жерге  нәр  береді,

(Жер  адамға  дән  береді.)

Еңбектің  наны  тәтті,

(Жалқаудың  жаны  тәтті.

 

  3.Тапсырма.

«Тез айт, дұрыс айт»

 

Пайдалы деп,                                                      Шын  еңбекші –  өрмекші,

Пияз жеп,                                                            Өрмекші   –  шын  өрнекші.

Парлады  жас  көзімнен.

«Пыссыншы»  біраз деп,

Пысылдадым  төзіммен.

 

Жоғалды  бес  шыбыш,

Жоқ  әлі  еш  сыбыс,

Жоқ  әлі  еш  сыбыс,

Жоғалды бес  шыбыш.

 

4 тапсырма.«Жоғалған сөзді тап»

Әңгімені оқып, сызықшаның  орнына  керекті  сөзді  тауып айт.

 

Күз. Алтын  ______  келді.  Аспанды  ______   қаптап, сіркіреп  ________   да  жауып  тұр.  ________   да  жылы  жаққа  ұша бастады.  Ағаштардың  _______   сарғайып  түсіп, шөптер де қурап  қалады.

 

Балалар күннің  көзі жарқырап  нұрын  төгіп тұр. Балалар  сендерге рахмет.Күн бізге не береді. Дұрыс жарық, жылу береді. Енді осы  күннің жылуымен,жарығымен  күз туралы  қысқаша  тақпағымызды дәптерге жазып алайық.

Жазу  жұмысын орындамас  бұрын  саусағымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ  жаттығуы.

Бір  саусағым  тіпті де,

Ұстай  алмас  жіпті де.

Екі  саусақ  бірікті,

Ине  қолға  ілікті.

Үш  саусағым  орамды,

Жүгіртеді  қаламды.

Өнерлі  екен  он  саусақ,

Қала  салсақ  жол  салсақ.

 

Дәптермен  жұмыс.

Жемісі мол  теретін

Күз дос екен  бізбенен.

Бәрін  тауып  беретін,

Жомарт  екен  күз  деген.

Мейірлі  күз, мырза  күз,

Сыйлығыңа  ырзамыз.

Алтын  арай  таңыңда,

Шомыламыз  нұрға  біз.

 

Балаларды бағалау.

Сұрақ  жауап  арқылы  қорытындылау.

Балалар  біз  бүгін  қай  жыл  мезгілі  туралы білдік?

Күз  мезгілінде  табиғатта  қандай  өзгерістер  болады?

Слайдпен көрсету.

Неге  жомарт  күз  дейміз?

Қорытындылау. Мадақтау.

 

Жалпы білім беретін  № 9 Ш.Уәлиханов  атындағы орта мектеп

коммуналды мемлекеттік мекемесі

Жомарт күз

 

Өткізгендефектолог-логопед:Г.С.Шынжырбекова

4 «в» сынып.

Атырау  қаласы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *