Ағаш және оның қасиеті
Бұралқиева Ақмарал Әсембекқызы
Орта топ – Зерттеу жұмысы
Білім саласы: «Әлеумет», «Коммуникация»
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Ағаш және оның қасиеті»
Бағдарламаның мазмұны: Балаларды ағаштың қасиетімен таныстыру. Жасалған істен шешім шығара білуге үйрету. Айналадағы заттарға ұқыптылықпен қарауғатәрбиелеу
Керекті құрал жабдықтар: Видео слайд, карточкалар, хат, ағаш кесегі әр балаға, тас, су құйылған ыдыс, сіріңке әр балаға, шеге әр балаға,ағаш қасық,темір қасық.
Алдын ала жұмыс : бөренемен таныстыру,ағашты бақылау,әңгімелесу тақпақтар жаттау .
Билингвалды компонент: Ағаш –дерево, бөрене – бревно .
Оқу қызметінің жүру барысы :
Ұйымдастыру кезеңі :
Шаттық шеңбері : Арқалап ап,ырыс құт
Келеді әне Күн шығып
Қайырлы таң тыныштық!
Қайырлы таң тіршілік !
Қайырлы таң достарым!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Здравствуйте гости!
Балалар, бүгін азанда топқа кірсем үстел үстінен хат көрдім . Ол хат
сендергежолданыпты.Бірақ кімнен екенін біле алмай тұрмын
Тәрбиеші хатты оқып шығады.
- Хаттың кімнен келгенін білдіңдер ме? (Буратинодан )
- Әрине, Буратинодан
– Балалар неге Буратиноны ағаштың қасиеті қызықтырып отыр екен?
-Өйткені Буратино ағаштан жасалған.
-Ендеше Буратиноның хат арқылы жіберген ойынын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Ағаштан жасалған затты ата»
Сұрақ-жауап
Үйлеріңде ағаштан жасалған қандай заттар бар?
-Ағаш заттарды неден жасайды?
Жарайсыңдар!
Буратиноға тақпақ айтып береміз бе?
-Ия
Шерхан:
Шебер ұста боламыз
Балтамен ағаш шабамыз
Сүргімен оны жонамыз
Киіз үйлер құрамыз
Санжар:Деревянная матрешка
Влезла с Машей
На окошко
По карнизу ходит кошки
И не может сосчитать
То стоит одна матрешка
То матрешка целых пять
Айсана:
Көше бойы аралас
Қаптап өскен қара ағаш.
Жемісі жоқ болса да ,
Саясы көп дара ағаш .
Қобыланды:
Бақшамызда көп ағаш
Өскен жақсы балалар
Ең әдемі меніңше
Құс ұясы бар ағаш
Жарайсыңдар!
Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар»
Балалар ағаштың қандай сиқырлы қасиеттері бар екенін білгілерің келе ме?
-Ия
-Ендеше біз қазір зертханаға барамыз. Зертханада тәжірибелер жасаймыз.
Тәрбиеші зертханада ұқыпты болуды тапсырады,ескертеді.
Тәжірибе 1 «Батады-батпайды»
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар,ағаш суда батады ма,батпайды ма?
-Ендеше сендермен тәжірибе жасап көрейік
Қолдарыңа тасты алыңдар суға салыңдар
-Не байқадыңдар? (тас батып кетті)
-Енді қолдарыңа ағаш кесегін алыңдар суға салыңдар
Ағаш жайында не айтуға болады?
Ол батты ма ,батпады ма?
(тәжірибе жасап,балалар шешім шығарады:ағаш жеңіл,су бетінде қалқып жүреді).
-Ия балалар ағаш суда батпайды екен.
Осы ағаштың қасиетін адамдар қайда пайдаланады?
(Адамдар ағаштан қайық,кеме жасайды)
-Сендер қалай ойлайсыңдар Буратино суда батып кете ме?
Балалардың жауабы:
Тәжірибе 2: «Сынады,сынбайды»
-Қолымызға шегені аламыз,оны сындырып көрейік (сынбайды)
Демек,ол қандай? (қатты)
-Ендеше сіріңкені алып,көрейік. Не айтуға болады? (Сіріңке – сынғыш келеді, демек ағашты сындыруға болады)
Тәжірибеден шығаратын шешім: ағаш және ағаштан жасалған заттар сынады,демек оларға ұқыпты қарап,сындырмау керек (кетеміз)!
Ағаш темірден иілгіштеу,өңдеуге тез келеді .
Сондықтанадамдар ағаштан көп заттар жасауды ойлап тапқан.
Ағаштан жонып,кесіп,аралап көп заттар жасауға болады.
-Ағаштан қандай ойыншықтарды білесіңдер? (Балалардың жауабы)
Тәжірибе 3
Қанекей судан ағаш кесегін алайық.Қараңдаршы не болған? Ол қарайып, ісініп кетіпті.
Шешім:ағаш суды бойына сіңіреді,осыдан ол ісініп өз қасиетін жоғалтады.
-Ағаштан жасалған заттар бұзылмау үшін не істейміз? (бояймыз)
-Мінекей сондықтан ойын алаңындағы ойын құралдарын бояп,сырлаймыз.
Қоштасу шеңбері:
-Біз бүгінгі оқу қызметінде немен таныстық?
-Бізге хат кімнен келді?
-Тәжірибе кезінде ағаштың қасиеті жайында нені білдік?
-Ағаш жеңіл,суда қалқып жүзеді,ағаш сынады.
-Ұқыпты болу керек бояп, сырламаса өз қасиетін жояды
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымызбен санамыз.
Қол ұстассақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз