Ерте жастан жүктіліктің алдын алу

Байдушова Анель Саликовна

Мақсаты:

Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

Міндеттері:

  • ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру;
  • жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету.

Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Интербелсенді тақта, презентацтя,

бейнематериал, тақырыптық безендірулер.

Жүру барысы:

Кіріспе.

Жасөспірімдік шақ – бұл бала өміріндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістердің  өте жылдам өтетін, әрі оның өмірдегі өз орнын анықтайтын, бағыт-бағдар алатын ең күрделі кезең екені анық. Демек, осы кезде бала дамудың бірнеше жолдарының біріне аяқ басады.  Бұл кезде өмір көз алдында өзгеріп салады. Алғашқы махаббат, бірінші кездесу, алғашқы сүйіспеншілік – мұның барлығы жасөспірімдердің аңдамай аяқ басуына, күрделі қиындықтарға әкеп соғуы мүмкін. Солардың бірі – ерте жүктілік. Бүгін де осы тақырып аясында әңгіме өрбітетін боламыз.

Қонақтармен таныстыру.

Бүгін, бізде қонақта Атырау облыстық «Жарқын болашақ» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Сыралиева Алуа Адилбековна, мектеп психологы Бискенова Перизат, директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары Тукенова Эльмира Рахымжановна, медбике Шагирова Зоя және де 8-10 сыныптың қыз балалары.

 

Алдымен Ерте жүктілік деген не? соған тоқталып өтсек.

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

Әңгімемізді бастамас бұрын бейнематералға зер салайық!

Бейнематериал «Жеткіншектер жүктілігі»

Ресми статистикаға жүгіне кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы ақпараты бойынша елімізде жылына шамамен он мыңға жуық кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалар жүкті болады, соның ішінде қырық пайызы ана атанса, қалғаны  жасанды түсік тастату әрекетіне баратыны мәлім екен.

 

Білгеніңнен білмейтінің көп әлі… маманмен сұхбат.

Жасөспірімдердің жыныстық мәдениетінің өзгеруі көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ), әсіресе, ғаламтор мен теледидардың әсерінен бе? деген ой келеді. Жыныстық тәрбие арнайы оқу бағдарламасына енбеген алайда дәл осы БАҚ ақпарат алудың негізгі қайнар көзі болып табылатыны дәлелденген.

Сұрақ бізден, жауап сізден сұрақ-жауап бөлімі.

 

 

Қорытынды

Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» дегенсөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздыңтәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеуетіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге,жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді.              «Қызға өсиет» көркемсөз.

Оқитындар 9 «А» сынып оқушысы Нұрланова Жазира Ардаққызы Жансая 9 «Б» сынып.

Марапаттау

«Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» кездесу қонағына «Алғыс хат» тапсыру.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *