7 – ге көбейту және бөлу
Тақырыбы: 7 – ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды санды 7 – ге көбейту және бөлумен таныстыру. Көбейту, бөлу амалдарын шығаруға машықтандыра түсу. Білім, білік дағдыларын кеңейту, ой – өрісін, қиялын қабілетін дамыту. Көбейту кестесін құруды,көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету.
2. Оқушылардың ақыл-ойын, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі тексеру дағдысын қалыптастыру.
3. Сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Саяхат сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойын әдісі, математикалық диктант.
Көрнекілігі: көбейту кестесі, сәйкес суреттер, бейне сөз, слайд, электронды оқулық.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды сабаққа даярлау, сыныптың сабаққа даярлығын тексеру, оқу құралдарын түгендеу.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1-слайд.
Оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылады.
1-топ:-«Бірліктер» 2-топ:-«Ондықтар»
3-топ:-«Жүздіктер» 4-топ:-«Мыңдықтар»
2. Үй тапсырмасын және өткен тақырыпты еске түсіру.
Электронды оқулықтан. Өлшем бірліктеріне байланысты үй тапсырмасынан өткен тақырыпты қорыту.
2 – слайд.
3. Жаңа сабақ.
Қазақта 7 саны-киелі, қасиетті, тақ сан.
Ендеше 7 санына байланысты ұғымдарды текшелік стратегияны пайдалана отырып бірнешеуіне анығырақ тоқталайық.
7 ата 7 күн 7 жұрт 7 жоқ
7 қазына 7 7 қат көк
7 амал 7 шелпек 7 түс 7 жарғы
7 ата: Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
7 қазына: ер жігіт, сұлу әйел, білім-ақыл, жүйрік ат, қыран бүркі, берен мылтық, жүйрік тазы.
7 жоқ: жерде жоқ өлшеуіш, аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.
7 қат көк: Ай, Күн, Шолпан, Есекқырған (Меркурий). Қызылжұлдыз (Марс). Мүштәри (Юпитер).
Жеті саны туралы жақсы біледі екенсіңдер. Біздің тәуелсіз еліміздің астанасы Астанада да 7 керемет бар екен. Берілген тапсырмаларды орындай отырып сол кереметтерді көрейік.
-7-ге көбейту және бөлу жағдайларын қарастыра отырып, көбейту мен бөлуді үйренеміз.
7×7= 7+7+7+7+7+7+7
7×8=7+7+7+7+7+7+7+7
7×9=7+7+7+7+7+7+7+7+7
Алдымен теңдіктің оң жағы мен сол жағын салыстырайық: оң жағында көбейтінді, сол жағында қосынды. Әрбір өрнектің мәні жетіге артып отыр, себебі 7 бірлікке артты.
Ендеше, «Бірдей қосылғыштарды көбейту мен алмастыруға болады деген ережені пайдаланамыз».
7×7= 49:7=
7×8= 56:7=
7×9= 63:7=
Бұл 7 – ге көбейту, бөлу кестесі.
Қорыта келе: көбейткіштердің орнын ауыстырылғанымен көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл көбейтіндінің ауыстырымдылық қасиеті.
Тыңдайық: электронды оқулықтан.
1 – Астанадағы керемет – «Бәйтерек»
2. Оқулықпен жұмыс.
Есеп. № 2. Топпен жұмыс.
І – топ.
Тон тігетін цехқа 63 қой терісі әкелінді. Әрқайсысына 7 теріден жұмсап, 7 тон тігілді. Цехта неше тері қалды?
ІІ – топ.
Ісмер әрқайсысына 2 түлкі терісін жұмсап, 7 тымақ тікті. Сонда 12 тері қалды. Барлығы неше түлкі терісі болған еді?
ІІІ – топ.
Сауда фирмасы 48 «LG» («ЛЖ») және 24 «Samsung» (Самсунг) маркалы теледидарларды 9 дүкенге тең бөліп өткізді. Әр дүкенге неше теледидардан түсті?
ІV – топ.
Балабақшаға 32 жаңа орындық әкелінді. 4 топ 7 орындықтан алды. Сонда неше орындық артылып қалды?
2 – кереметі- «Думан» ойын сауық кешені.
Тақтамен жұмыс.
№ 3. Салыстыру.
І – топ.
3×7 + 10 * 7×3 + 5 7×7 + 5 * 7×8 + 10
ІІ – топ.
3×7 +24 * 7×3 + 73 7×7 + 20 * 7×8 +20
ІІІ – топ.
7×( 3+6) * 7×3 + 6 (7 + 2) × 3 * 7 + 2 ×3
ІV – топ.
7×7 + 5 * 7×8 + 8 7×9 + 2 * 7×2 + 30
3 – кереметі – «Әуенді фонтандар».
№ 4. Есепті кесте бойынша ауызша құрастыру.
Тауар |
Бағасы |
Саны |
Құны |
Түйрегіш |
5 теңге |
7 дана |
? теңге |
Өшіргіш |
7 теңге |
? дана |
63 теңге |
Дәптер |
? теңге |
7 дана |
56 теңге |
Кітап |
7 теңге |
? дана |
49 теңге |
4 – кереметі – «Бейбітшілік пен келісім» сарайы.
Сергіту сәті:
5 – кереметі – «Қаз Мұнай газ» ғимараты.
№5. Амалдарды орында.
І – топ.
956 – 70 × 6 169 + 30 × 7 – 30
ІІ – топ.
200 – 350 : 5 + 25 500 – 63 – 7
ІІІ – топ.
28 + 49 : 7 428 + 140 : 7 + 70
ІV – топ.
(170 + 130) : 30 4 × (290 – 190)
6 – кереметі – «Ханшатыр».
№6. Теңдеулерді шеш.
І – топ.
6 × х = 30
ІІ – топ.
7 × у = 56
ІІІ – топ.
а : 7 = 9
ІV – топ.
48 : b = 6
7 – кереметі – «Ақ орда».
Қорытынды: «Логикалық сұрақ» және «Тіл өнер» сайысы.
Бас – біреу, қас – екеу,
Жүрек – біреу, білек – екеу,
Мұрын – біреу, бұрым – екеу,
Барлығы болады нешеу? (9)
Екі бала көзін басты,
Бес бала тұра қашты.
Үшеуі сайға тығылды,
Екеуі ойға тығылды.
Қанша бала тығылмақ.
Ойнайды екен,
Жылдам тап! (12)
Біз ақылды баламыз,
Есеп, жұмбақ ойынның.
Жауабын тез табамыз,
Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (Аптаның 7 күндері)
Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп бесеуін,
Тағы да алдым екеуін,
Алдым сонда нешеуін? (7 алма )
Үй тапсырмасы: 131 бет 8 есеп
Бағалау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718