Отан үшін аянба.
Сабақтың тақырыбы: Отан үшін аянба.
Сабақтың мақсаты: 1. Отан – Қазақстан, туған елі туралы түсініктерін кеңейту. Отан – өзінің тұратын, өмір сүретін жері ретінде түсіндіру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, сана сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Оқушының еліне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімі арқылы патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Десант сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, қызығушылықты ояту.
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, суреттер, слайд
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.Топқа бөлу
Өткен сабақты пысықтау.
Сұрақтар жаңбыры. Өткен сабаққа байланысты сұрақтар беру.
1.Әр жасөспірімнің қандай құқығы бар?
2. Міндет дегеніміз не?
3.Құқық дегеніміз не?
4. Әр адамның қандай міндеттері бар?
Әр адам Отанын қорғауға міндетті. Өз Отаны үшін, хақлық игілігі үшін еңбек еткен, жастарды білім алуға шақырған, қазақтың ақын жазушылары, қоғам қайраткерлері туралы не білеміз. (Оқушылардың жауабы)
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы туралы қысқаша түсінік беру.
А.Құнанбаев (1845–1904). (Ибраһим) А.Құнанбайұлы (1845–1904) Семей облысында дүниеге келген. Ақын, ағартушы, композитор, аудармашы, саяси қайраткері. 45 қара сөз 3 поэмасы бар. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» ,«Адам болам десеңіз.» өлеңдері бар.
А.Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы 1872-1937. Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуы үшін көп және нақты еңбек сіңірген қайраткер. «Әліппе» оқулығын жазды.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты. Қазақ үшін , халық игілігі үшін еңбек еткен адамдар.
Жаңа сабақ.
Ендеше, балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Отан үшін аянба»
деп аталады.
Оқулықпен жұмыс.
Шынжырлап оқу. Оқушылар мұқият оқып, мәтін ішінде таныс емес сөздерді белгілеп отырады.
Сөздік жұмыс: Еріктілер (волонтерлер), қоғам, ерікті сарбаз.
Волонтерлер дегеніміз Халыққа көмектесуші, Жауапкершіліктері мол адамдар, Көбіне бұл қатарда студенттер мен еліміздің белсенді жастары болады, Олардың басты қызметі кез келген істі, жұмысты жұмыла көтеру. Волонтерлер өз еріктерімен әртүрлі жұмыстар атқаратын қайырымды жандар.
Отан деген сөзді басқа қандай сөздермен алмастыруға болады?
Туған жер, Атамекен, Туған өлке.
Қ.Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы, Шоқан Уалиханов. туралы үсіндіріп өту.
Қаныш Сәтбаев . видео
12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы-31 қаңтар, 1964 жылы дүниеге келген. Көптеген мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды.
Бауыржан Момышұлы . видео көрсету.
(24 желтоқсан 1910 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1982 жылы 10 маусымда 71 жасында дүниеден өткен. Кеңес одағының батыры жазушы . Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы.
Шоқан Уәлиханов
Шын есімі Мұхаммед Қанафия.
1835 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, географ, ағартушы.
Әжесі бала күнінде еркелетіп «Шоқан» деп аталып кеткен.
Сергіту сәті
Топтық тапсырмалар.
1-топ: Отан туралы мақал-мәтел айту. жұппен
2-топ : Отан тақырыбына байланысты сөйлемді тауып оқы. жұппен
3-топ : Кесте бойынша өлең құрастыру.
Отан сенің ……………..
Отан сенің …………….,.
Отан өлкең ……………..
……… туған ауылың.
4-топ: Кестені толтыр.
Қорытынды. Мұғалім: Балалар, сендер тәуелсіз Қазақ елінің ең жас ұланысыңдар. Сондықтан өз жерің мен өз еліңді әкелерің мен аталарың сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді есте сақтаңдар!
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу. Отан туралы мақал-мәтелдер жинау.
Қорытынды: – Сабақ ұнады ма?
– Кімнің жауабы ұнады?
Сабаққа жақсы қатыстыңдарды (бағалау)