Қайта құрылатын ғимараттардың жобалық ерекшеліктері

Қайта құрылатын ғимараттардың жобалық шешімдеріне оның конструктивті сұлбасы әсер етеді.  (қабырға ,бағаналардың кеңістікте орналасуы)

Жаңадан салынған құрылысты қайта құру барысында жобаның шешімдер тізбегі келесі кезеңдерден тұрады:

         Қабырға конструкцияларының баспалдақ торларына ыңғайлылығына байланысты жеке секцияларға бөлінеді;

  –  секцияларды пәтер ұяшықтарына тарату;

  –  әрбір пәтер ұяшықтарына тұрғын және қосымша зоналарының белгіленуі

 Конструкцияларды қайта құру және күшейту әдетте бірталай еңбек, қаржы шығындарын, қажет етеді.

            Көбінесе үймерет пен ғимараттардың пайдалануын жартылай немесе толық үзеді.Сондықтан қайта құру , күшейту немесе апаттан кейін қалпына келтіру жобасы бірқатар талаптарды қамтамасыз ету керек:

            1) Үймерет қаңқасы элементтері, жаңа немесе бұрынғы пайдалану жүктемелерін шекті жағдайларын бірінші және екінші топтарының талаптарына сәйкес, қабылдауын қамтамасыз ету.

            2) Құрылыс-құрастыру жұмыстарының үймерет пен ғимараттың пайдалануын үзбей, минималды мерзімдерін алдына-ала анықтау.

            3) Технологиялықты болуы, яғни аз еңбек шығарып және қазіргі техниканы толығымен пайдаланып, конструкцияларды қарапайым, жылдам және үнемді жасауын қамтамасыз ету.

              Құрылыс конструкцияларын нәтижелі шешімін, негізінде реконструкциялар жұмыстарын ұйымдастыру әдісіне байланысты, бірнеше жобалық нұсқауларын салыстыру арқылы таңдап алғап жөн.

 Реконструкциялаудың келесі нұсқаулары болуы мүмкін:

             1) Реконструкциялайтын элементтерді демонтаждап, оларды арнайы алаңшаларда, ұстаханада немесе зауытта күшейту немесе қалпына келтіру;

             2) Демонтаждаусыз реконструкциялау немесе қалпына келтіру, бірақ контрукцияларды барлық уақытша жүктемелерден босату шарт.

             3) Демонтаждаусыз реконтрукциялау немесе қалпына келтіру, бірақ конструкцияларды тек қана уақытшалардан ғана емес жартылай тұрақты жүктемелерден де босату шарт;

                 Ең күрделісі, бірақ көбінде тиімді болып табылатыны кострукцияларды демонтаждаусыз күшейту жұмысын ұйымдастыру.

                 Көтергіш болат контрукцияларды реконструкциялау, қалпына келтіру және күшейтудің техникалық шешімдері әр түрлі болып, негізгі 3 топтарға бөлінеді:

               1) Болат қаңқаға әсер ететін мөлшерлік және есептік пайдалану жүктемелерінің шамасын төмендету;

               2) Күштеулермен кернеулерді реттеу, қаңқаны кеңістікті жүйеге аудару мақсатымен ғимарат толық қаңқасының немесе оның жеке элементтері мен түбірлерінің конструктивтік және есептік сұлбасын өзгерту;

                3) Жеке элементтердің жүк көтергіштігін тікелей жоғарылату.

                Нақты үймереттер мен ғимараттарға сәйкес осы нұсқаулардың әрқайсысында өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

         Мөлшерлік немесе есептік жүктемелер мен әсерлердің шамасын төмендету негізінде апат зардаптарын жою кезінде немесе апатты жағдайларда қолданылады. Бұл өте тиімді конструкцияларды жанама күшейту әдісін пайдалану мүмкіншілігі бірнеше кезекте қарастырылуы керек.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *