Тақырыбы: «Мен қандаймын»
Тренинг
Тақырыбы: «Мен қандаймын»
Мақсаты: педагог-тәрбиешілерді өз – өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым- қатынастарын нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.
Қатысушылар: педагог- тәрбиешілер.
Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, түрлі –түсті қарындаштар, жапон әліппесі.
Тренингтің ережесі:
• Ойымызды ашық айтамыз;
• Бір-бірімізді тыңдаймыз;
• Бір-бірлеп сөйлейміз;
• Белсенді қатысамыз;
• Бір-бірімізге сый көрсетеміз
Тренинг жоспары:
1. Сәлемдесу «амандасып алайық» ойыны.
2. «Жапон әліппесі» жаттығуы
3. «Өзіңді білгің келсе» жобалық тест
4. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы
5. Кері байланыс