Құқық – әділет пен парасат жолы
Касенбекова Динара Кажикеновна
Құқық – әділет пен парасат жолы
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, адам құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту;
Дамытушылық:белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Коррекциялық:Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.
Түрі: тәрбие сағаты.
Көрнекілігі: слайд,нақыл сөздер
Тәрбиелік шараның барысы
1.Ұйымдастыру
- Сергіту, айналаға шолу.
Іс-әрекетімізді бастамай тұрып мынадай бірнеше сұрақтарға жауап берейік.
- Біз қандай планетада өмір сүреміз?
- Жер неге ұқсайды?Бұл не?
- Глобусқа қарандаршы қаншама мемлекеттер мен елдер орналасқан?Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Біздің елде тұратын адамдарды қалай атайды?
Кіріспе
- Құқық деген не?
- «Сандар сөйлейді».
- «Біз неге құқылымыз?»
- «Қызықты сұрақтар»
Қорытынды.
Қазақстан – өте бай,әдемі ,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның астанасы қай қалада орналасқан? Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта,достықта өмір сүреді. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған.
Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
КӨЗГЕ ЖАТТЫҒУ ЖАСАТУ; СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ
«Сандар сөйлейд»і.
1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан – Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
«Біз неге құқылымыз?»
1.Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар. 2.Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
3.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. 4.Тегін ауруханада емделуге
5.Балабақшаға келуге. 6. Тегін білім алуға. 7. Демалуға. 8. Еркін ойнауға
- Еркін өз ойын толық жеткізуге. 10. Өз тілінде сөйлеуге
«Қызықты сұрақтар»
1.-Бұл «Туу туралы куәлік». Куәлікті бала туылғанда беріледі. Баланың тегі қалай жазылады?
- Жеке куәлік 16 жасқа толғанда алынады. Ол неге қажет?
3 Қосымша құжаттарды атаймыз.
4.Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
5.Партада кіммен отырдың?
- Білім туралы мақал айт.
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».