Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі
Жапыкова Гулнар Орынбековна
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға экологиялық білім беру. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Экология мәселелеріне, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік:Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу.
Коррекциялық:Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: Табиғат және экология туралы қанатты сөздер.
Түрі:әңгіме
Тәрбиелік шараның барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе.
- Сен білесің бе?
- Нақыл сөздер, жұмбақтар.
4.Көрініс-тапсырма.
Кіріспе сөз: «Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті.
1-жүргізуші: -ХХІ ғасырда бүкіл дүниежүзін елендеткен екі өзекті мәселе алаңдатып отыр,бірі-ядролық қарусыздандыру да,екіншісі-табиғаттағы болып жатқан дағдарыс. Қазіргі біздің республикамыз атмосфераның ластануы жөнінен бүкіл дүниежүзі бойынша алдыңғы орынға шығып отыр.
Арал теңізі мен Балхаш көлі суларының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығы мен табиғатына үлкен зиян келтіруде.Бүгінде Арал теңізі мен Балхаш көлінің тағдыры-бүкіл халқымыздың тағдырымен сабақтас болып отыр.Елу жыл бойы Семей жерінде атом бомбасының жырылып,одан тараған әр түрлі зиянды радиоактивті заттардың ауаны ластауы және ауа,су,тағамдар арқылы ішкі ағзаға өтіп,адам өміріне әлі де қауіп төндіруде.
Ірі қалаларда ауаға әр түрлі улы ғаздар бөліп шығаратын түрлі өндіріс орындарының көбеюі.Атмосфераға зиянды улы ғаздар мен олардың қоспаларын бөліп шығатын жеңіл машиналар мен көліктер санының көбеюі.
– Қазіргі ғылыми прогрестің шарықтап,дамыған тұсында ауаның шектен
тыс ластануы-жер бетіне көптеген аурулар мен дерттерді қоса ала келеді. Осының салдарынан адам өмірі мен бүкіл тіршілік атаулығы қауіп төнді,адам өлімі жылдан-жылға көбейе түсуде. Климат өзгеріп,ауа-райы бұзыла бастады.
-Бүгінде табиғатты болып жатқан дағдарыс біздің республикамызға да
қауіп төндіріп тұрғаны баршамызға аян. Қазақстан жерінің бүлінбеген бір
бұрышы,бұзылмаған бір ұясы қалмағаны анықталып,кеш те болса,әлемге жар
салынып зерттелуде,алдын алу іс-шаралары қарастырылуда.
– Табиғатқа қамқорлық жасау-әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы. Табиғаттың тырылтпайық,мөлдір кәусәр тынысын, Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей,адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол –анаң ғой,ал,сен-кенже ұлысын. /М. Мақатаев/
КӨЗГЕ ЖАТТЫҒУ ЖАСАТУ, СЕРГІТУ
ІІ. «Сен білесің бе?»
- Неліктен көктемде ағаштарды әктейді?
- Неліктен тауға шығар алдында альпинистер төменгідей ережені сақтауға тырысады?
Егер биік таудың төбесінде өткізгін келсе,барлық темірден жасалынған заттарды жинап,өзіңнен оқшауырақ қойғын.
3.Адам баласы тәулігіне 1кг ас пен 2л суды пайдаланатын болса,ал оның тыныс алуы үшін тәулігіне 25 кг ауа қажет екен.
ІІІ.1-көрініс:«Экология». 2-көрініс: «Аңшы мен бала» деп аталады.
Табиғаттан табар адам керекті
Отын етіп,кесіп емен теректі
Егін егіп,өнімдерін алумен
Малдарына орып жасыл желекті.
Қапқан құрып,бүркіт салып аңына,
Өрт шығарып ну орманның маңына,
Неге біздер жол береміз осындай
Суық қолды адамдардың торына!
О табиғат! Тағдырмысың сен менің
Сенің барлық өзен,тау мен көлдердің,
Ауаң,суың,өсімдігің болмаса
Дүниеде қалай өмір сүремін?
Құдыретті мол табиғат,мен саған
Әрқашанда алғыспен бас иемін!
Қорытынды .Экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл мәдениеті. Ендіше, табиғатты аялай білетін, адамгершіліг мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек.