Қазақтың ұлттық ойындары арқылы бүлдіршіндерімізді салауатты өмірге баулу

Еліміздің болашағы – бүлдіршіндерімізді тәрбиелеуде, балабақшадағы берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы болып табылмақ. Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Баланы дүниеге әкелу –қиын, жақсылыққа бастау – одан да қиын деп білетін қазақ халқы балаларды есейгенде ұлтының өз елінің ұлтшыл азаматы етіп тәрбиелеуде алуан түрлі айла – тәсіл қолданған. Тілі енді шығып жүре бастаған баланың ой–өрісін, есте сақтау қаблетін  дамыту үшін қазақи салт дәстүрге сай  ойындар ойнату арқылы баланы тәрбиелеген. Қазіргі таңда осы ұлттық ойын, өлең шумақтарымен өсіп келе жатқан бала, балабақша табалдырығын аттап өмірді басқаша танып, өзі еңбектену дағдысы қалыптасып, психологиялық ерекшелігі, ортаға қалыптасуы түрлі ойындар ойнау арқылы  қалыптасады.

Дәстүрлі қазақ халқының  ұлттық ойындары – баланың іс-әрекетіндегі адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге, отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Ұлттық ойын – халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: бірінші- ойын кезінде дене дамуы  жақсарса, екінші-  ойын арқылы әдет – ғұрпымызға тәрбиеленеді. Қазіргі таңда Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм «Балбөбек» шағын орталығындағы ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларды тәрбиелеу барысында қазақтың ұлттық ойындары «ханталапай», «арқан тартыс», «орамал тастамақ», «ақсерек-көксерек», «соқыр теке», «сақина салмақ» т.б. инновациялық технология әдістерін қолдану арқылы бүлдіршіндерді тәрбиелеуде.   

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *