Су тіршілік – көзі
Абиева Жолан Дүйсенбековна
Мақсаты:
Үйрету: Балаларға су және оның қасиеті ,оны қай жерде ,не үшін пайдаланатымыз туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамыту: Суға іс-тәжірибе жасау арқылы судың дәмін өзгертуі, судың түсін өзгертуін анықтауға үйрету. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелеу: Суды үнемдеуге тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Су-вода, ыстық- горячи, мұз- лед.
Қолданылған көрнекілік құралдар: Слайд, су, тұз, қант, майлық, мұз, сарымсақ, түрлі-түсті бояу, қылқалам ,тұғырү тас.
Сөздік жұмыс: Су, бу, сарымсақ.
Жеке жұмыс: Айдынға суға тәжірибе жасап үйрету.
Әдіс-тәсіл: Үйрету, көрсету, түсіндіру, мадақтау.
Алдын-ала жұмыс: Балаларға көктем мезгіліне тақпақтар жаттату.
Шаттық шеңбер.
Армысың жер ана,
Армысың көк аспан,
Армысың алтын күн.
Саламатсызба достарым.
Саламатсыба қонақтар.
Здраствуй небо голубое,
Здраствуй солнце золотое,
Здраствуй маий друзья,
Здраствуй гости дорогие .
Тәрбиеші: Балалар көңіл күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы.
Тәрбиеші: Дети как ваше настраение ?
Балалар: Отличное.
-Акак у вас.
Тәрбиеші: У меня тоже настраение отличное.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн сіздің білімдеріңді тамашалауға көп деген қонақтар келіп отырекен. Балалар бүгін қоршаған орта оқу қызметіміздің тақырыбы «Су тіршілік көзі»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
Тәрбиеші:
-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар:
-Қыста күн суытып ,қар жауады,жерде мұз қатады.
Тәрбиеші:
-Қыс айларын ата?
Балалар:
-Қыс айлары .Желтоқсан Қаңтар Ақпан.
Тәрбиеші.
-Балалар ненің даусын естіп тұрмыз?
Балалар.
-Судың даусын естіп тұрмыз.
Тәрбиеші:
-Судың даусы қайдан естіледі?
Балалар:
-Судың даусы краннан естейміз.
Тәрбиеші:
-Сумен қайда кездесеміз?
Балалар:
-Сумен далада жаңбыр жауғанда, шалшықта, балабақшада қраннан қол жуғанда, теңізде кездесеміз.
Тәрбиеші: Су не үшін керек?
Балалар:
-Қол жуу үшін, шомылу үшін, гүлге су құю үшін.
Тәрбиеші.
Ал ендеше сендердің жауаптарың дұрыспа , бұрыспа слайдқа назар аударайық.
Балалар су не үшін қажет екен?
Балалар:
-Су ішу үшін, ыдыс жуу үшін, кір жуу үшін, құстарға, жануарларға, ағаштарға бәріне қажет.
Балалар адам сусыз өмір сүре алама?
Балалар:
-Жоқ адам, жануарлар, ағаштар,балықтар сусыз өмір сүре алмайды.
Тәрбиеші:
-Балалар ал қазір бәріміз осы суға тәжірибе жасайтын зертханаға бармыз.Бірақ ол өте алыста орналасқан оған біз сыйқырлы кілемшемен бармыз. Кілемшеге барлығымыз орналасып аламыз, енді көзімізді бір сәтке жұмамыз сыйқырлы кілемшенің шетінен түрлі – түсті жшамдар жанады.
Балалар көздерімізді ашамыз біз қалықтап аспанда ұшып брамыз, алдымыздан самал жел соқтты, балалар бұлттар арасымен өтіп барамыз жер алақандағыдай болып көренеді жоғардан , қандай тамаша. Балалар көзімізді жұмамыз жерге жақындап келе жатырмыз. Міне келдік сыйқырлы кілемшеден түсіп зертханаға кіреміз.Балалар міне зертханаға келдік. Бүгін біз кішкента су зертеуші ғалымдар болып суға тәжірибе жасаймыз. Алдарымызға алжапқштарымызды байлап әр кім өз орнына тұрсын. Балалар бутылканы ашып бос стақанга суды құямыз.
-Балалар су қандай ?
Балалар: Су сұйық.
Тәрбиеші: Неге су сұйық?
Балалар: Су бір ыдыстан екінші ыдысқа құйылып жатыр.
Тәрбиеші: Суды ішіп көріңіздер судың дәмі бар ма?
Балалар: Судың дәмі жоқ.
Тәрбиеші. Судың түсі бар ма ?
Балалар: Судың түсі жоқ ,тұнық , тап-таза.
Тәрбиеші; Судың иісі бар ма?
Балалар: Судың иісі жоқ.
Тәрбиеші: Енді су туралы қалай ойлаймыз?
Балалар: Су таза иісі жоқ.
Тәрибеші: Сендердің алдарыңызда қант бар ,осы қантты алып, суға салып кішкентай қасықпен араластырамыз.Балалар майлыққа қасықты қойып суды ішіп қараймыз, судың дәмі қандай?
Балалар: Судың дәмі тәтті.
Тәрбиеші: Су қай уақыт дәмін өзгертті?
Балалар: Суға қант салғасын су дәмі тәтті болды.
Тәрбиеші: Екінші стақанға су құйып оған ас тұзын салып кішкентай қасықпен араластырып тіліміздің ұшын тигізіп көрейікші. Су дәмі қандай?
Балалар: Су дәмі ащы.
Тәрбеші: Демек , балалар біз суға қант, немесе тұз салсақ су дәмі өзгереді екен.
Судың иісі жоқ дедік қазір мен сендердің тұз салған стақандарыңа сарымсақ ұнтағын салып шығамын.Енді суды иіскеп көреміз. Балалар судан ненің иісі шығып тұр?
Балалар : Судан сарымсақтың иісі шығып тұр.
Тәрбиеші: Демек біз судың иісін сарымсақ ұнтағын салу арқылы шығардыұ па?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші. Жаңа суымыз дәмсіз, иіссіз болды ,біз оны өзгертік пе?
Балалар: Иә, суда иіс,дәм пайда болды.
Тәрбиеші: Балалар енді суға кішкентай тас саламыз.
Балалар: Суға тас салады.
Тәрбиеші. Су түбіне тас батып кетті ме?
Балалар: Иә
Тәрбеші: Су түсі қандай ?
Балалар: Су тап-таза ,тұнық тас көрініп тұр.
Тәрбиеші: Енді қолға қылқаламды алып , қылқалам ұшын суға малып алып алдарыңда тұрған түрлі түсті бояулар ішінен өз түстеріңді таңдап алып суға араластырамыз.
Су түсі қандай болды?
Балалар су түсінің өзгергені туралы айтты.
Тәрбиеші: Балалар су түсін өзгерті ме?
Балалар : Иә
Тәрбиеші: Су түсін қалай өзгерттік?
Балалар: Суға бояу салдық.
Тәрбиеші: Балалар біз сутүсін бояу арқылы өзгерте білдік.
Балалар ойын ойнап бой жазайық.
Суда не істейміз?
-Жүземіз, балалар жүзеді.
Жерде не істейміз?
-Жұреміз, балалар жүреді.
Ауада не істейміз?
-Ауаны жұтамыз , тыныс алады.
Жарайсыңдар орнымызға барамыз.
Балалар біреу есік соғып тұр.
Балалар бізге пошташы сыйлық алып келген екен.Бұл сыйлықты қыс ханшасы беріп жіберіпті.
Балалар алақанымызды ашамыз. Мынау не?
Балалар: Мұз.
Тәрбиеші: Мұзды ұстап тұрып қандай әсер алдық?
Балалар: Мұздай болды қолымыз.
Тәрбиеші : Не үшін қолымыз су болды?
Балалар: Себебі мұз еріп жатыр.
Тәрбиеші. Мұз не үшін еріп жатыр?
Балалар. Себебі алақанымыз ыссы.
Балалар ал мынау қандай су?
Балалар: Мынау ыстық су.
Тәрбиеші: Ыстық су буу шығып тұр. Осы ыстық суга бетіне шолмек қойып жауып көрсек буланып будан тамшылар көрінеді. Демек будан да балалар су тамшылары пайда болады.
Балалар енді балабақшаға оралатын уақыт болды. Сыйқырлы кілемшемізбен балабақшамызға оралайық.
Қортынды.
-Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
-Су қандай оның түсі дәмі бар ма?
-Су пішіні бола ма?
-Суды не үшін пайдаланамыз қадай пайдасы бар?
-Судың пішіні бар ма?
-Су қандай түрі бар?