Кәсіпорынның энергетикалық және көлік шаруашылығын ұйымдастыру
Кәсіпорының энергетикалық шаруашылығының негізгі міндеті энерго ресурстардың сапасына және тиімділігіне қойылатын талаптардың орындалуын, техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып барлық энергия түрлерімен өндірісті үнемі жабдықтау энергияның негізгі түрлері: электр энергиясы, қатты, сұйық және газ тәріздес отын, бу және ыстық судың жылу энергиясы, механикалық энергия.Энергия ресурстарына энергия тоғы, натуралды отын, әр түрлі параметрдегі бу, әр түрлі қысымда қысылған ауа, табиғи газ, ыстық су, қысымы бар су. Ресурстардың әр түрлі түрлерін кәсіпорында қорғаушы күш ретінде, технологиялық процессте жылыту, жарықтандыру, желдету, шаруашылық – тұрмыстық мұқтаждыққа т.б. қолданылады.
Өндірістің барлық сатыларында энергиямен энергоресурстарын әр түрлі қолданылуы мүмкін. Ең үнемді энергоресурстарды тааңдау технологиялық отынмен энергияның шығын нормасын нормаларды төмендету бойынша шараларды жасау және енгізу шығындарын талдау жолымен, өндірісті ұйымдастыру, экономика, энергетика, технология сұрақтарын кешенді шешу негізінде жүзеге асады. Кәсіпорындар тұтынатын энергоресурстан сырттан сатып алынуы немесе өз күшімен өндірілуі мүмкін.
Кәсіпорынды энергиямен жабдықтау ерекшелігі:
1) өндірілген энергияны бірден қолдану ерекшелігі
2) оған қажеттіліктің тәулік ішінде жыл уақытында бірдей болмауы.
Энергияның үздіксіз жабдықталуы энергетикалық жабдық қуатының резервін жасау
есебінен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың ең жетілген және үнемдісі – орталықтандырылған. Бұл жағдайда кәсіпорын электр жүйесінен (төмендетілген подстанция арқылы), буды – аудандық энергетикалық жүйенің жылу көзінен немесе заводтық жылу электр орталығынан, газды табиғи газбен жабдықтау көзінен, отынды энергохимиялық пайдалану комбинатынан алады.Жабдықтын орталықтандырылған жүйесі кәсіпорынды энергиямен сенімді, үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етеді, өндіріс шығындарын энергияны алуға байланысты азайтады. Электр энергиясымен және басқа энегияны тұтынудың жоғарғы және төменгі шектері бар. Завоттың бөлек элетрстанциясы қажет кезде максималды қамтамасыз ететін қосымша қуаты болуы керек, ал төмендеу кезінде электр энергия артық қалады. Кәсіпорында энергия шаруашылығын ұтымды ұйымдастыруын негізгі – баланстық әдісті қолданып өндірісті, энергоресурстарды тұтынуды дұрыс жоспарлу. Олар өндіріс көлемін және озық нормаларды есепке алып, отын мен энергияның әр түрлі түрлеріне кәсіпорын қажеттілікті, осы қажеттілікті ұтымды жабу көздерін анықтайды. Энергиялық баланс материалдық баланс тобына кіреді. Олар міндетті бойынша:
1) стратегиялық
2) тактикалық
Есепті қарастыру деңгейі бойынша:
1) жиынтық ( кәсіпорын, цех бойынша )
2) жеке (агрегат, энергоресурс түрлері, өндеу түрі бойынша бөлінеді.
Баланс өндірістік- территориялық және мақсатты белгісі белгісі бойынша құрылады. Баланс статьялары өндіріс учаскелері және энергияны қолдану бағыты бойынша топталады. Энергияның жоғалтулары жеке қарастырылады. Баланс энергияның әр түрінің ішкі айналым көрсетеді. Балансты құрастыру кәсіпорынның энергиялық тиелу режимін және компрессорлық станцияның жұмыс режимін жобалауға байланысты. Балансты құру шығындардан тұрады:
1) кәсіпорынның негізгі және көмекші өндірісін энергия мен отынның барлық түріне қажеттілігін жылытуға, желдетуге, шаруашылық және өндірістік емес мұқтаждық шығынды есептеу.
2) Көздердегі және қайта жасау құрылғыларындағы энергияның босатылған жоғалу шамасы , кәсіпорынның ресурстар түрлері бойынша жалпы қажеттілігі анықталады. Осының негізінде энергоресурстар бойынша кәсіпорынның тиелу жылдың графигі құрастырылады.
Кіретін бөлікті жасау:
1) Кәсіпорының компрессорлық, котельный, генератолық станцияның өндірістік ресурстарын және сырттан алынатын отын мен энергия мүмкіндігін анықтау.
2) Кәсіпорынның компрессорлық, котельді – генераторылық станциясының жұмыс режимін жобалау , олардың тиелу графигін анықтау.
3) Өз өндірісі есебінен , сырттан алу және екінші энергоресурстарды қолдану есебінен қажеттілікті жабу көлемін анықтау
4) Сыртқа жіберілетін энергияны есептеу.
Компрессор, котел, генератор станциясын энергетикалық балансы жасалады, олардың жұмысының техникалық, экономикалық көрсеткіштері есептеледі. Отын балансы оның жекелеген түрлері және маркалары бойынша құрастырылады. Есепті энергобалансты құрастыру үшін отын мен энергоресурстар шығының дәл есебі қажет. Балансты құрастырудан бұрын энергоресурстардың жеке элементтері бойынша қажеттіліктерді анықтау нормалар мен шығындар негізінді жүзеге асады.
Энергетикалық шаруашылық құрылымы, мысалы: энергетикалық цехтар, қайта өндеуші және генерациялық құрылғылар, цехтық және жалпы заводтық энергия таратушы көздер, энергияны тұтынушылар.
Ірі кәсіпорындардың энергия шаруашылығын бас энергетик, кіші кәсіпорындарды бас механик жүргізеді. Бас энергетик бөлімінің құрамына: энергияны пайдалану, энергия жабдықтары, электрлік және жылу лабороториясы кіреді. Ірі заводты үздіксіз қажетті энергоресурстармен үзіліссіз қамтамасыз ету ауысым ішіндегі кезекші мәселелерге, барлық энергетикалық шаруашылықты пайдалануды басқарушыларға жүктеледі.
2. Кәсіпорын көлігі және оның өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудағы рөлі. Көлік түрлері. Жүк ағымының жүк айналымы. Көлік шаруашылығының құрылымы. Көлік жұмысын жоспарлау. Көлік және тиеу жұмыстарын ұйымдастыру. Көлік-техникалық сызбалар. Көлік шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру. Көлік шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.
Көлік шаруашылығы материал ағымымен байланыстыратын кәсіпорындардың тамыры болып табылады. Кәсіпорындарда көлік құралының әр түрлері қолданылады:
· Қызмет көрсету сферасы бойынша- цехаралық және цех ішіндегі құралдар;
· Жұмыс режиміне байланысты – үздіксіз және кезең аралық қолданылатын көлік құралдары;
· Қозғалу бағыты бойынша- көлденең тікелей және аралас орналастыру үшін көлік құралдары (лифттар, элеваторлар, крандар және тағы басқа);
· Автоматтандырылған деңгейі бойынша- автоматтандылырған, механикаландырылыған және қолмен;
· Жүктерді орналастыру түрі бойынша- төгілетін, құйылатын және данамен тасымалданатын жүктер үшін көлік құралдары.
Көлік шаруашылығын ұйымдастыру жұмысына мыналар кіреді:
1. көлік құралдарын жаңартудық стратегиялық жоспары;
2. кәсіпорынның өндірістік құрылымын талдау;
3. уақыт және өнімділігі бойынша көлік құралдарының қолдану тиімділігін және тиеу деңгейін, прогрессивтілігін талдау;
4. көлік құралдарын қолдануды таңдау және дәлелдеу;
5. көлік шаруашылығына материалдық ресурс, жөндеуге қажеттліктерінің нормативті шығындарын және нормасының есебін жүргізу;
6. жүк айналымының балансын құру;
7. жүк ағымының сызбасын жоспарлау;
8. кәсіпорындар көлігін дсипетчерлеу жұмысын жүргізу;
9. есеп жүргізу, бақылау және ынталандыру.
Көлік шаруашылығы жұмысының тиімділігін және сапасын көтерудің негізгі бағыттары:
· заттық және функционалдық мамандануын тереңдету, кооперациялауды дамыту;
· өндіріс және басқаруды автоматтандыру деңгйін жоғарылату;
· орта жастағы көлік құралдарын қысқарту;
· көлік құралданы қолднудағы есеп жүргізу, нормалау және бақылауды жетілдіру.