Тәрбиеші- игілікті естіледі
Медетова Назигуль Тлеубекқызы
Тәрбиеші- мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесін жүзеге асырушы басты тұлға. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар.
Осы бір «Балалар әлемнің» теңізіне бір бағыт алсаң ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығуына қону үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек. Балалар өмір гүлі.Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз,шынайылықпен баптағанда ғана өседі.
Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету олардың ой – сезімдерін оның еркін көркем жеткізе алуға баулу, таңымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.
Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүреді. Ең қызықты әңгіме іздесең баламен сөйлес, көп нәрсені білесің де, сезінесің де, қуанасын да… Балаға қанша талап – тілек қойсаң сонша рет бағалау да керек, себебі бала оны күтеді. Әр кез бүлдіршін кішкентай достарымды қуанышпен күтемін өйткені олардың жүрегі жұмсақ көкірегі ашық, кіршіксіз, сезімтал көруге асығады.
Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс – әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.
Кез – келген бала – дарынды немесе дарынсыз болсын, жылдам немесе ақырын қимылдасын – бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме сенемін. Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады.
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой – өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік.
Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.
Балаларменжұмысжасауүлкенбақыт. Олармағаншаттықсезімсыйлайды, қанаттандырады, күшжігербереді. Осы жылдарбарысындаменіңұстаған ұстанымым « Тәрбие беру үшін тәрбиешініңөзітәрбиеліболуыкерек » орыспедагогыайтқаносындайұлағатты да, мағыналы нақыл сөз бар.
Әрине, тәрбие берудің өзіндік мәні мен мағынаға толы қырлары мен сырлары, талабы мен талпынысы менің кәсіпке деген ұмтылысымды ұштастырып, балалардың өмірге деген қызығушылығын арттырады.
Осылай тәрбие бермеумен бірге өмір сүруге құштарлығын құндылықтарын асыра білуге дағдыланып келемін.
Міне, осындай мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам – адами парызымның орындалғаны болар.