«Н» дыбысы және әрпі

Ниязбекова Гульсара Тургалиевна

Тақырыбы: «Н» дыбысы және әрпі
Мақсаты: «Н» дыбысын сөз құрамына бөліп алу, н дыбысын дұрыс дыбыстау, н әрпін үлгі бойынша жазуға үйрету. Балалардың ұшқыр ойлау қабілетін дамыту. Ауада жазуға қолдарын жаттықтыру.
Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:Сурет, кеспе әріптер, ойыншықтар, видео-слайд.
Қос тілділік компонент:Дыбыс – звуки, Әріп – буква, Буындар — слоги
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тілеп,

Жарып шыққан жүректі

Сөздің бәрі ақ тілек!

Психологиялық дайындық

Оқушылар көздерін жұмып, бастарын партаға қояды. Мұғалімнің сөздерін қайталайды.

–   Мен мектептемін, мен сабақта отырмын, менің көңіл-күйім жақсы, мен мұғалімді зейін қойып тыңдаймын, мен білгенімнің барлығын есімде сақтап қаламын, менің сабақ оқығым келеді, мен сабаққа дайынмын.

Өткенді пысықтау:

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын табыңдар:
Естілгенмен құлаққа
Көрінбейді бірақ та /дыбыс/

Балалар жұмбақты шешуге тырысады.

 

-Балалар, дыбыс дегеніміз не?
-Дұрыс айтасыңдар, біз дыбыстарды естиміз.
-Қандай дыбыстарды білесіңдер?
-Дыбыстар қандай болады?

-Балалар, казір біз өткен дыбыстар мен әріптерді қайталайық.
Тақтаға кезекпен әріптер ілінеді: А , П, Т.
АПА сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
АТА сөзіне дыбыстық талдау жасау.

«Ғажайып қоржын» ойыны.

Балалар кеспе әріптерді қоржыннан алып, сөз, сөйлем құрастырады.

Жаңа сабақ:

 

Күрең қызыл түсі бар,

Тағамдардың асылы

Қуат берер күші бар.  (нан)

 

 

 

Әуеде күбі түсті, күбінің түбі түсті. (найзағай)

 

 

 

Өзі үлкен жануар, үстінде екі тауы бар. ( нар)

 

 

  • Балалар, бүгін біз жаңа дыбыспен танысамыз. Ол қандай дыбыс деп ойлайссыңдар?
  • Ия, дұрыс айтасыңдар.
  • Құрамында «н» дыбысы бар сөздерді ойлап табамыз. (анар, моншақ, орындық, телефон, құлын, арыстан, түн, күн)
  • Нан туралы мақал-мәтелдерді кім біледі?
  1. Нан – тамақтың атасы,ынтымақ көптің батасы.
  2. Ас атасы – нан.
  3. Дәнді шашпа, нанды баспа.
  4. Нан бар жерде ән бар.
  5. Дастарханда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
  • Балалар, халқымызда нанның қасиеті туралы көптеген тыйым сөздер бар. Нан көптеген еңбектің арқасында келеді. Сендерді тыйым сөздермен таныстырайын.
  1. Нанды бір қолыңмен үзбе.
  2. Нан уағын тастама.
  3. Нан үстіне басқа зат қойма.
  4. Нанды аяқпен баспа.
  5. Нанды лақтырма.

 

 

 

Көрніс:      «Қайдан келдің бауырсақ?»

Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап.

– Қайдан келдің бауырсақ?

-деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,

-Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан жапқан.

-Наубайға келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн тартқан .

Диірменге келдім кең жатқан.

Жер анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

 

 

Сергіту сәті:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар.

Теріп алып,  қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

 

 

 

Тіл ұстарту жаттығуы.
На-на-на
Ең бақытты ана.

Дәптермен жұмыс жүргізу.

Сандық, нар, күн суреттері бойынша дыбыстық талдау жасалады. Осы сөздердегі «н» дыбысының орны түсіндіріледі. Н әрпі мен а әрпін біріктіріп, буын, сөз құрастыру, оқыту. Құрастырылған сөздерді хормен қайталату. Мысалы: на, ана, нан.

А-на, нан салыстыра оқытуарқылы буынға бөлгізу, нан сөзінің бір буыннан тұратындығын түсіндіру.

 

 

 

Қолды жазуға даярлау: жаттығу жасату

Ауада жазу. Жазу коллеграфиясын түсіндіру.

Н дыбысының кіші және бас әріптер таңбасын сызу: дәптердегі үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.

 

 

 

 

 

Талдау жұмысы:

Балалар шапалақтап,сөздерді буынға бөледі.

Балапан, қоян, арыстан, айна, шана, нан;

Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

«Ойлан, тап»  әріптерден сөз құрау.

 

Қорытынды:

-Дыбыс дегеніміз не?
-Қандай дыбыстар болады?
-Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Н дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

 

Бағалау: оқушыларды  мадақтау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *